Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Мемлекеттік қызметте бір туысы жоқ прокурор

Мемлекеттік қызметте бір туысы жоқ прокурор


Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Әлжанұлы Имановпен әңгімеміз Ұлы Дала елінің болашағы тақырыбында өрби түсті. Көптеген мәліметке қанық болдым, өскелең ұрпаққа ғибрат болар бірқатар жақсы әңгімелер айтылды. Менің: «Өз өміріңізге ризасыз ба?» деген сауалыма: «Әрине, ризамын! Өйткені, бала кезден ұққаным – білім алу керек, ешқандай еңбектен қашпау керек және қай салада болмасын халқыңа адал қызмет ету керек!» – деп жауап қайырды.

Ертеден әкесінен айырылған бұл азаматты аяулы анасы тістелеп өсіргенін бірі білсе, бірі білмейді. Алла берген 97-жасына дейін ұлына ұлағат айтып өткен қасиетті ананың айтатын басты өсиеті: «Сен менің ұлым емес, еліңнің ұлы бол!» – деген сөзі екен. Павлодар мен Қарағанды аймақтарында абыройлы қызмет атқарып жүрген кездерінен бері күні бүгінге дейін туған топырағымен сағына қауышатын қазіргі облыс прокуроры ауылдың бір де бір жұмысын жатсынбай, шөп түсіруге, жер аударуға, мал айдауға кәдімгідей бел шеше кірісіп кетеді. Осылайша жусанның иісінен күш-жігер алып қайтатын Ибраһим Әлжанұлы артынша Елбасы сенім артып тапсырған қызметіне оралатын көрінеді.

PS. Облыс прокуроры туралы оқығыңыз келсе, «ИМАНДЫ ЖАН ИМАНОВ» сілтемесін басыңыз!..

© JETPISBAI.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*