Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДА «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОДЫ 2022» INTERNATIONAL HUMAN CAPITAL FORUM» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОДЫ 2022» INTERNATIONAL HUMAN CAPITAL FORUM» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда «Ынтымақтастық коды 2022» International Human Capital Forum» форумы басталды. Алқалы жиынды Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп өткізді. Оған Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті.
Форумда Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов сөз сөйледі.
— Адами ресурстардың сапасын арттырып, адами капиталды өсіруде білім мен білікпен қатар құндылықтар мен ынта, әдеп пен тәрбиенің маңызы арта түседі. Әр жүйе мен ұйымның ішінде өзінің және өзгенің, әсіресе қарамағындағылардың және қарапайым адамдардың еңбегін, уақытын, абыройын, хақын түсініп, бағалап, құрметтейтін мәдениет қалыптастыру өзекті. Осының барлығы адами ресурстар сапасын адами капиталға айналдырудағы шешуші фактор — сенімнің нығаюына алып келеді, — деді А. Байменов.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекетті дамытуда адами капиталдың маңызы зор екенін жеткізді.
– Тарихы тереңде жатқан ерекше қала – Түркістан соңғы 3-4 жыл көлемінде қарқынды дамып, жаңа дәуірге аяқ басты. Бұл шаһарда ең басты екі құндылық бар. Олар: Қожа Ахмет Ясауидің ілімі, ислам дініне қосқан үлесі және түркі тілдес елдердің әдебиетінің қайнар бұлағына айналған еңбектері. Екіншіден, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кезінде ірі орталық болған қала қазір жаңғыру үдерісін бастан өткеруде. Сондықтан адам әлеуетін арттыру, мемлекеттік басқаруды тиімді ету, жұмыс өнімділігін жақсарту бағытында ізденіс керек. Форум өңір үшін маңызды тақырыптарды қозғады. Олардың бірі – адами ресурстардың, оның ішінде мемлекеттік қызмет пен HR-секторда білікті мамандардың болуы. Түркістан дамып келеді, мұнда тек Қазақстанның басқа өңірлерінен ғана емес, шетелдік инвесторлар да жатыр. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді ұсыну, басқару бойынша біліміді молайту – уақыт талабы. Қаланы басқару үшін заманауи білімі бар білікті мамандар керек. Кез келген қоғамда, жүйеде, ұйымда кадрларды дұрыс таңдау, оларға меритократия заңымен қолдау көрсету маңызды, – деді Ө.Шөкеев.
Форумға АҚШ, Әзірбайжан, Бельгия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина және Эстония мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, белгілі бизнес көшбасшылар, HR сарапшылар мен ғалымдар қатысып, маңызды баяндамалар жасады. Білгендерімен бөлісті. Басқосуда жаңа ахуал жағдайында қызметкерлерді жұмысқа тартып, оларды ынталандыру, адами капиталды дамыту жолдары талқыланды. «Мәдениет пен дәстүр мемлекеттік басқаруға қалай әсер етеді?» деген сұраққа жауап ізделді.
Қатысушылар HR саласындағы трендтер мен сын-қатерлер, жаңа мүмкіндіктер, көшбасшылардың рөлі мен құндылықтар туралы және өзге де түрлі мәселелерді талқылады. Форум аясында алғаш рет өңірдегі мемлекеттік басқарудың дамуына тарихи-мәдени аспектілеріне арналған «Қоғам және басқару. Әл-Фарабиден жаңа ахуалға дейін» атты сессия өткізілді. Арнайы OYLAN сессиясы кезінде қатысушылар ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы нақты бизнес кейстерін шешуге қатысып, кәсіби дағдыларын көтерді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*