Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Ардагер » ЖҮРЕКТЕРІҢ ДІР ЕТЕ ҚАЛМАСЫН!

ЖҮРЕКТЕРІҢ ДІР ЕТЕ ҚАЛМАСЫН!

Шымкент десе, жүрегі ұшып, құдды бір неміс (немесе қытай) жаулап келе жатқандай пайда болған теріс үрдістің бар екені белгілі. Оның себебі не екенін ешкім түсіндіріп бере алмаса керек. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрі қаз-қалпында сақталған, тілі мен ділі өзгеріссіз қалған Шымшаһарымызға соншама шүйлігетіндей не болды соншама?!
Еліміздің басқа қалаларына барып, жоғары білім алған балаларым оқуға түскен алғашқы курсынан-ақ осы әділетсіздікті байқап, талай мұңын шағатын: «Оқытушыларымыз Шымкенттен екенімізді естісе болды, тыржиып, қанша дайындалып келсек те, жоғары бағаны қоюға қимай, әбден қинайтын», деп.

Фото Әсета Әссанди.
Әсіресе, үлкен азаматтарды ренжітетін «апай, ағай» деген сөздер екен. «Пәленше Түгеншеевич» немесе «Түгенше Пәленшеевна» деп қаратып айтыңдар деп ұрсатын көрінеді. Енді, міне, Ratel деген сайт пайда болды – шырайлы Шымшаһарымыздағы оңды істерді теріс айналдырып, тырнақ астынан кір іздеп, оны таппаса, ойдан құрастыра салып, дәлелсіз-дәйексіз шала-пұла ақпараттарын бүкіл елге жаюда. Құдды, біреу арнайы тапсырыс беріп қойғандай. Жарайды, сайттың басшылары Шымкентті жек көрсін делік. Бірақ, оның Оңтүстіктегі тілшісі Динара Бекболаеваның Шымкентте не өші қалып кеткен еді? Сол түсініксіз… Және сол қарындасымыз «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» сықпырта береді екен…


Мысалы, былтыр аман-есен өткен «Мәңгілік даңқ» полкінің шеруі мүлдем болмайды деп асығыстап хабарлап жіберген сайт тілшісі, кейіннен: «Болуын болды-ау, бірақ…» деп, өз олқылығын ақтау мақсатында бірдеңелерді жазып жібереді. Алдын-ала түзілген жоспар бойынша 10:15-те басталатын шерудің 10:15-те басталғанын мін көреді, 11:00-де келуге тиіс болған облыс әкімін 11:00-де ғана келді деп сынағансып, Бейбіт Атамқұлов «екі сағатқа кешігіп келді» деп, жарияға жар салады. Шырағым-ау, сен жазады екен деп, облыс басшылары аты-жөні жоқ таңғы 6-дан сол жерде қақиып тұруы керек пе еді?
Одан соң, жұрт күннің ыстығынан қайда қашарын білмей қалғандығын тілге тиек етеді. Әрине, біз Динараны өте жақсы түсінеміз, ауа райының құбылуына да (Динараға қажет болса) облыс әкімі кінәлі бола қалады. Дегенмен, дәл сол жерде әбіржіп, күннің ыстығынан жүрегі ұстап, қиналып қалған адам көрген жоқпыз өз басымыз. Керісінше, мерекелік шаралар жоғары деңгейде өтіп, олар аяқталғанша көпшілік өте көңілді жүріп, ең ақырында облыс әкімімен суретке де түсіп алды.
Осыншама өтірік жазатын Динараға не күн туды екен? Бұл игіліктерді көрмейтін ол өзі қай шараға қатысып келді сонда? Әлде жылы төсегінен тұрмай жатып-ақ, қиялдағысын сүйкей салды ма? Бұны енді Динараның өзі білмесе, біз біле алмадық…

© JETPISBAI.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*