Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУДА ЖҮЙЕЛІЛІК БАСТЫ НАЗАРДА

МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУДА ЖҮЙЕЛІЛІК БАСТЫ НАЗАРДА

Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында осы жылдың бірінші тоқсанында қаладағы бірқатар медицина мекемелері жаңа қызметпен және жаңа құрал — жабдықпен толықты. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Тлеуов есеп берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеген jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сала маманы есепті кезеңде қалалық балалар ауруханасында онкогематология, кардиохирургия, нейрохирургия бөлімшелері ашылғанын, сонымен бірге №2 қалалық аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография қызметі көрсетіліп, стендттеу жоспарланып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, қалада жыл басынан бері екі жаңа медициналық орталық ашылып, қалалық балалар ауруханасында ангиограф құрылғысы орнатылған. Алдағы уақытта 1,1 миллиард теңгеге 10 медициналық жабдық сатып алу жоспарлануда.

Мамандардың біліктілігін арттыру жайын баяндаған сала жетекшісі бірінші тоқсанда 259 медициналық қызметкер біліктілігін арттырғанын және №1 қалалық клиникалық аурухана базасында Ресей мемлекеті мамандарымен травмотология бойынша білікті дәрігерлердің қатысуымен мастер-класс өткізілгенін жеткізді.

— Әр аурухананың кемі бес жылдық даму жоспары, оған сәйкес кезеңдік индикаторлары болуы тиіс. Жүйелі жұмыс пен нақтыланған мақсат болған кезде ғана медицина саласында қарқынды дамуға қол жеткізу мүмкін. Статистиканы қолдана отырып, қай жағынан болсын өсім динамикасына алдын ала дайын болуымыз қажет. Бұл бағытта денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері тікелей жауапты — деді қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов.

Сонымен бірге денсаулық сақтау саласын дамыту және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*