Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Шымкент ақпараттық — коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, педагогикалық этика және оқу жылын аяқтау» тақырыбында баспасөз брифингін берді, деп хабарлайды ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілетеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

– 2021 жылы департамент тарапынан 3 балабақшаға, 2 мектепке және 1 колледжге мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілген.

2022 жылы бекітілген кестеге сәйкес 114 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді деп жоспарланса, қазіргі таңда 49 ұйымда аттестаттау жұмыстары жүргізіліп, 2 балабақша мен 1 мектеп бірінші реттен аттестаттаудан өтті, — деді департамент басшысы Нұргүл Шәмшиева.

2021 жылы департамент жанынан Шымкент қаласының білім беру ұйымдары педагогтарының құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік — кеңесші органы «Әдеп кеңесі» құрылып, жұмыс жүргізуде.

Әдеп кеңесі 4 аудандағы білім беру ұйымдарының педагогтарымен жекелеген кездесулер ұйымдастырып, кеңестің өкілеттіктері мен міндеттері туралы жан — жақты түсініктеме берумен қатар Ұлттық біліктілік тестілеу (НКТ) ережелерін бұзған педагогтармен әңгімелесу жүргізді. Жалпы есепті кезеңде Әдеп кеңесі 11 отырыс өткізді.

Департамент басшысы 25 мамыр соңғы қоңырау қарсаңында педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынатындығын және орын алған жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығын ескертті.

Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге және мектеп ұжымдарына мереке қарсаңында жиналып, мейрамханаларды жалдауға, іс-шараларды түрлі мейрамханаларда атап өтуге, қала сыртындағы демалыс аймақтарға шығуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға, соңғы қоңырау күні қымбат көліктермен қаланы серуендеуге қатаң тыйым салынатындығын айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*