Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҮРКІСТАН:ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА 17 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН:ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА 17 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Түркістан облысында 9-сынып түлектерін мектептен кейінгі техникалық біліммен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында 2022-2023 оқу жылына жалпы саны 17 000 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
«Талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждердің қабылдау комиссияларында және www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады» — деді Дінислам Болатханұлы.
Бүгінгі күнге 41 колледждің қабылдау комиссияларына 1 888 талапкерден өтініш келіп түсіп, SmartNationCollege ақпараттық платформасында тіркелуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*