Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Байдың да, басқаның да қадірін білмей өткен бейшара…

Байдың да, басқаның да қадірін білмей өткен бейшара…

Иә, қыз бұзылды дегенше, қоғам бұзылды дей бер! Дәлірек айтқанда, ұлт бұзылды деуге де болады. Мен Баян туралы айтып отырғаным жоқ, өзіміздің «шаян» туралы айтып отырмын.

Иә, иә… Оңтүстіктің үш «Ш»-сына тағы бір «Ш» еріксіз қосылып келеді: тілі де «шаян», тұла бойы да «шаян». Өз «шалынан» бөлек, өзге «шалдарды» да ренжітуге құмар. Біріне аты-жөні жоқ түк көрмеген ашқарақ қозыдай атылса, екіншісіне: «Козел!» деп жекіріп қоя салады. Шамасы, әулеттерінде ата көрмеген болуы керек.

«Анасын көріп, қызын ал!» дейді қазақ. Бұның ері анасын көрмеген болуы керек, әйтпесе жуымас еді ғой. Өйткені, жүрісі де жеңіл, өмірге деген көзқарасы да жеңіл! Енді байынан ажырап, шетелден шетел қоймай қаңғырып жүр (шамасы, сол жақтың жігіттерін «аулап» жүрсе керек). Аты – ДБ, өзі БД, көзі – қысық, мұрны – пұшық біреу. Осы түрімен тәкаппар, өзінен өзгені менсінбейді (әліне де қарамайды). Қоғамның қазіргі маймыл қыздары осы.

Бұны көрген-білгендерің болса, ат іздеріңді аулақ ұстаңдар – күйесі жұғып кетпесін! Онсыз да бүкіл Оңтүстікке бәлесін жауып бітті.

Бұл – оның бүгіні. Ертеңі не болатынын ойламайтын да сияқты. Бір күні қартаяды, бетінен нәр таяды. Аяқ-қолдары қақсайды, балтыры сыздап, басы ауырады. Сол кезде өзінің әкесі түгілі, әкесінің әкесінен де үлкен кісілерге жекіргені, келеке-мазақ еткені есіне міндетті түрде түсер-ау. Алайда, ештеңені де қайтара алмай қалады. Нағыз бейшараның кейпін көз алдымызға келтіріп…

© JETPISBAI.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*