Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар-2 шағынауданындағы №138 мектепте тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады.Елді мекенді ауыз сумен қамту бойынша мердігер «Сарыағаш-аман» ЖШС тарапынан өткен жылы су жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан 87,2 шақырым электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді.50,04 шақырым газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Кәріз жүйесімен қамту бойынша «Монолит дизайн» ЖШС құрылыс жұмыстарын қолға алған. Кәріз ...
Читать далее »Көкейтесті
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС 420 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ
Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 420 жағдайы тіркелді. Оның ішіндегі 172 адамда белгілері бар болса, 248-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 55 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 365 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, 434 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 349 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 122 төсек орын бар, 36 ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТӨБЕ АУМАҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратөбе (Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ) аумағының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, Е.Юсупов атындағы №104 мектепте тұрғындармен кездесті. Еңбекші ауданы аумағында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» нақтыланып, бекітілген. Бүгінде Қаратөбе аумағындағы елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толық қамтылған. 104,6 шақырым автомобиль жолдарының 61,3 шақырымы асфальтталған. Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1 тұрғын алаптарына ауыз су ...
Читать далее »КӨПІР ҚАЙТА ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛЕДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабына арнайы барып, «Сайрам су» өзені арқылы өтетін апатты жағдайдағы темір көпірді аралап көрді. Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпір 90 жылдары тұрғындардың өз есебінен салынған болатын. Көпірді қайта-қайта су шайып, 2020 жылы апатты жағдайда болуына байланысты қолданыстан алынып тасталды. Еңбекші ауданына қарасты №12 қалалық аурухана ...
Читать далее »ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРДЫ
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары шағын кәсібін жүргізіп отырған қала тұрғындарын БАҚ өкілдеріне таныстырды. Мемлекет тарапынан қолдау көрген азаматтың бірі – Бекжан Ерназаров. Ол ағаштан бұйымдар жасап, кәсіпкерлікпен айналысады. Ісін дамытпақ болып, 2020 жылдың шілде айында «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасымен оқып, сертификат алды. Конкурсқа құжат өткізіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа қол жеткізді.Бекжан бүгінде сандық ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады. Қабылдауға жазылған 11 азамат инфрақұрылым тарту, баспана алу, жол салу, қоғамдық көлік жүргiзу мен аялдама орнату, көшелерді жарықтандыру және жер телiмiн заңдастыру сынды мәселелердi көтердi.Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жауапты тұлғаларға (басқарма ...
Читать далее »ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 450 КВИ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Өткен тәулікте КВИ-дің 450 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 261, белгілері жоқ – 189). 56 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды.Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек-орын толымдығы 40 %-ды құрайды. Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 593 766 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 732 адам вакцинаның екі компонентін ...
Читать далее »ВАКЦИНА АЛҒАН ОҚУШЫЛАР ОФЛАЙН ОҚИ АЛАДЫ
Pfizer вакцинасының екі компонентін алған оқушылар ата-анасының рұқсатымен дәстүрлі форматта білім алуына болады. Бүгінгі таңда екпенің екі компонентін алған 5 мыңнан астам оқушы офлайн білім алып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының қашықтан оқыту процесімен танысу барысында мәлімдеді. — Елдегі эпидахуалға байланысты және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің шешіміне сәйкес, мектеп оқушылары 3 тоқсанда қашықтан ...
Читать далее »АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурстық орталықта үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен азаматтық қоғам мүшелері «Жаңа Қазақстан» интелектуалды идеялар алаңында жұмылу» тақырыбында арнайы жиын өткізді.Басқосуға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков және М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің проректоры, саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков қатысты. Жиында Мемлекет басшысының 11 қаңтар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕГІ 17 ҚАҢТАРДАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ БОЙЫНША
Шымкент қаласында 17 қаңтар күнге коронавирустың 310 жағдайы тіркелді. Инфекция анықталған 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 280 адам үй бақылауына алынды. Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 40 пайызды құрайды, 504 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 279 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 1 067 адам вакцина алды (I компонент- 104, II компонент- 963). ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары