Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 13)

Шымкент

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары Дубай қаласында өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрі бойынша сынға түскен 60 пара спортшының нәтижесінде жалпыкомандалық есепте VI орынға ие болды. Аталған жарысқа 45 елден 1500-ден астам спортшы қатысып, тартысты дода 10–14 желтоқсан аралығында өтті. Бұл халықаралық жарыста Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті. Голбол спортынан ...

Читать далее »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ШИПАЖАЙЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкент қаласында зейнеткерлердің денсаулығын нығайту және өмір сапасын жақсарту мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» шипажайы қызмет көрсетіп жатыр. Бозарық шағынауданында орналасқан 120 орынды сауықтыру кешенінде зейнеткерлер 10 күн бойы 25 түрлі емдік процедурадан өту мүмкіндігіне ие. Шымкент қаласында орналасқан «Ізетті зейнеткер» шипажайы зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл шипажайдың қызметі тек дене ...

Читать далее »

ҚАЛА АУДАНДАРЫН ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КӨРІНІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай Әл-Фараби және Абай аудандарында ауқымды мерекелік безендіру жұмыстары ұйымдастырылмақ. Әл-Фараби ауданында мерекелік шараларға 21,5 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме – «INNOVA BUILD» ЖШС жұмысқа кірісетін болады. Аудан аумағында басты шырша, «Арбат» демалыс аймағы, Әл-Фараби алаңы және Орыс драма театрының алдында мерекелік элементтер орнатылады. Арбат аймағында жаңа шырша тұрғызылады, жарықдиодты шамдар мен кіші сәулеттік пішіндер ...

Читать далее »

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК БЕЗЕНДІРУ ЖӘНЕ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Тұран ауданында 2025 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік безендіру жұмыстары ұйымдастырылады. Аудан аумағының басты шыршасы «Абай» саябағына орнатылып, орталық алаңдар мен аллеялардағы ағаштар жарықдиодты шамдармен және архитектуралық кіші пішіндермен (мафтар) безендірілмек. Мерекелік безендіру жұмыстарын «Қарағанды Көркем» ЖШС жүзеге асырады. Биылғы жылы аудан аумағын безендіруге 17 621 581 теңге бөлінген. 2024 жылдан қалған 8 элемент жаңартылып, қосымша 16 жаңа элемент, ...

Читать далее »

В Шымкенте открыли класс «Жас сақшы» имени Нурсейта Жайнакова

В Шымкенте, в рамках реализации программ по военно-патриотическому воспитанию молодежи, состоялось знаковое событие, объединившее сферы образования и правопорядка. На базе общеобразовательной школы №36 имени Казыбек би торжественно открылся специализированный класс «Жас сақшы» («Юный полицейский»). Этому классу было присвоено имя сотрудника полиции Жайнакова Нурсейта Сабитовича, который героически погиб, до конца оставаясь верным присяге и служебному долгу.Создание такого класса — это не ...

Читать далее »

Шымкентте «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Шымкент қаласының білім беру жүйесі мен құқық қорғау саласының өзара іс-қимылы аясында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін ұялататын айтулы оқиға орын алды. Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Жайнақов Нұрсейт Сабитұлының есімі берілген «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл бастама — ел ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ЖАС ҒАЛЫМДАР» КЛУБЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың құрамындағы «Жас ғалымдар» клубының 2025 жылғы жылдық қорытынды жиыны өтті. Іс-шараға клуб мүшелері, жас зерттеушілер мен ғылыми жетекшілер қатысты. Жиын барысында клубтың жыл бойғы қызметі жан-жақты талданып, ғылыми-зерттеу бағытындағы негізгі жетістіктер мен нәтижелер ұсынылды. Клуб мүшелері өздерінің жүргізген ғылыми жобалары, жариялаған мақалалары, сондай-ақ конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы есеп берді. Бұл кезеңде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында «Қолөнер – ұлттың рухани қазынасы» тақырыбында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Ұлттық өнерді ұлықтауды мақсат еткен бұл іс-шараға негізінен шаһардағы қолөнерші әжелер қатысып, олар өз қолдарынан шыққан бұйымдарын келушілердің назарына ұсынды. – Халықтық өнерді насихаттау, рухани құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға аманаттау баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан, қолөнер шеберлерін жинап, көпшілікті ұлттық өнермен таныстыруды дәстүрге айналдырып келеміз, ...

Читать далее »

МЕДИАЦИЯ – ЕЛ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛ

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесінің 2025 жылғы қорытынды отырысы өтті. Іс-шара «Құқық қорғау және татуласу» орталығында ұйымдастырылып, этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық татулықты сақтау және медиация институтының рөлін талқылауға арналды. Отырысқа Этномедиация кеңесінің мүшелері мен құрылым медиаторлары қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесінің төрағасы Дана Ақәділқызы отырыстың күн тәртібін ашып, этномедиацияның қоғамдағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ «Этномедиация – ...

Читать далее »

Тұрғын үй қатынастары саласында оң бастама көп

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2025 жылдың 11 айында Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштер» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара барысында Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Көпжан Төлебаев салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Баяндамашының айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген ...

Читать далее »