Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 49)

Шымкент

ШЫМКЕНТТЕГІ «МҰЗ САРАЙЫ» МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Қаламыздың жанашыр тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы. Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында “Мұз сарайының” ғимаратына қатысты да іс шаралар бар. Нысан осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай ...

Читать далее »

АУДАН АУМАҒЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫ НАСИХАТТАУ СИПАТЫНДАҒЫ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Абай ауданы әкімі аппараты, Абай ауданы жастар орталығы және полиция басқармасымен бірлесе отырып, синтетикалық есірткілердің жарнамаларын жою мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде коммерциялық құрылымдардың, көпқабатты үйлердің қабырғаларына, көше бойындағы бағаналарға жазылған синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды. Сондай-ақ, зерделеу барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықтама парақшалары таратылып, тұрғындармен кері байланыс орнатылды. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірқатар білім беру нысандарын аралады. Солардың бірі, А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде болып, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Танысу барысында салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына да бақылауды күшейтуді тапсырған қала әкімі күзге қарай аталған аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРҒА 423 МЛН.ТЕҢГЕДЕЙ АҚША АУДАРҒАН

Өкінішке қарай қазіргі қоғамда алаяқтық мәселесі кеңінен белең алуда. Күніне алаяқтардың құрбаны болған қаншама жанды көріп, естіп жатамыз. Бөтеннің мүлкін заңсыз жымқырып немесе алдау, арбау арқылы иемденіп алу – нағыз алаяқтық. Бұған елімізде заң күші қатал бекітілген. Дегенмен, алаяқтықтардың әрекетіне құрық салу мүмкін болмай тұр. Мәселен, Шымкент қаласында 2023 жылы 960 жәбірленуші қаржылық пирамидаға тіркеліп, 720 млн. теңгеге шығынға батса, ...

Читать далее »

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

Фосфоршылар сарайы бұзылатын болды. Кезінде жеке меншікке өтіп, кейін мүлдем қараусыз қалған мәдениет ордасы талан- таражға түсіп, мүлдем жарамсыз болып қалғанына да біраз жыл болды. Сол себепті де қаланың көркін бұзып тұрған нысан 2023 жылдың қараша айында коммунальдық меншікке өткен болатын. Кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігін айтты. Осыдан кейін 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ...

Читать далее »

Шымкенттегі «Фосфоршылар» сарайының орнына заманауи, әрі жайлы ғимарат салынады

Ғимарат 2024 жылдың сәуір айында «KazBuildExpert» ЖШС-інің сарапшы мамандары сарайдың қазіргі жай-күйін, сенімділігі мен беріктігін тексеруге техникалық зерттеу жасады. Зерттеу қорытындысы бойынша фосфоршылар сарайын бұзу туралы шешім қабылданды. Оның орнына сырт келбеті сақталған, заманауи, әрі жайлы ғимарат салынады. Дегенмен, жаңа ғимаратта бұрынғы мәдениет үйінің қасбеті мен архитектуралық ерекшеліктері және атқаратын функциясы да сақталады. Бұл жөнінде Шымкент әкімдігі хабарлады. Шымкенттегі «Фосфоршылар» ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АУЛАЛАРДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Таза аула» экологиялық акциясы аясында қаладағы көпқабатты үйлердің аулалары ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Еңбекші ауданы Әлімбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларында өткен тазалық іс-шарасына еріктілер, аудан әкімдігінің қызметкерлері, тұрғындар және аудандық коммуналдық мекемесінің жұмысшылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар бұталарды кесу, шөптерді ору, ағаштарды әктеу, ойын алаңдарын сырлау жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда, 11 шағынаудандағы №201, 203, 205, 207 көпқабатты үйлердің аулалары ретке ...

Читать далее »

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары қатысты. Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғаны жасырын емес. Сондықтан, акцияға тұрғындарды шақыра ...

Читать далее »

САПАЛЫ ӘРІ ҮЗДІКСІЗ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру. Қала тұрғындарының сапалы электр энергиясымен қамтылуы саласындағы жұмыстың лайықты деңгейде жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру жағдайына ...

Читать далее »

Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.

Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жыл­ға дейін ауыл халқын сапалы ауыз су­мен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Шымкент қаласының әлеумет­тік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков бұл мәселені ...

Читать далее »