Бүгін Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сала мамандары марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, кәсіби мерекемен құттықтады. Ол мәдениет пен өнердің еліміз үшін орны зор екенін айтып, өңірде осы бағытта атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Күні кеше ғана Түркі Мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін абыроймен атқарып алдық. Елдің абыройын көтеретін осы игілікті ...
Читать далее »Қоғам
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Бұл туралы брифинг барысында Түркістан облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбай Жұмаділдаев мәлімдеді. «Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы интернет-алаяқтық қылмыстарының көбеюіне әсер еткен. Соның салдарынан азаматтар материалдық шығынға ұшырап, моральдық зардап шегуде. Түркістан облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтық бойынша 212 қылмыстық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAN – 2026: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Түркістандағы «Киіз үй» кешенінде Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген туризмді дамыту, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кең көлемде насихаттау және оны ел жұртшылығына таныту бағытындағы ...
Читать далее »«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы бүгін Түркістан облысында ресми ашылуы өтті. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған жоба еліміздің 17 өңірінде бір мезетте бастау алды. Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында жобаның шымылдығы түріліп, алғашқы концерттік ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА САММИТ ҚАРСАҢЫНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында «Жеті қазынаның бірі – ит» тақырыбында асыл тұқымды иттердің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарада түркі мемлекеттеріне тән және Қазақстан аумағында таралған ит тұқымдары таныстырылды. Көрмені ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы тамашалады. Көрмеде әзірбайжандық гурдбасар, анадолылық ақбаш, қырғыз тазысы тайған секілді көпшілік біле бермейтін ит түрлерімен қатар, ...
Читать далее »ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ
Шымкентте Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бас қосқан кеңейтілген халықаралық кездесу өтті. Жиында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес жұмысшылардың құқықтарын қорғауда үш ел кәсіподақтарының өзара байланысын күшейту және тәжірибе алмасу. Басқосуға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының, Өзбекстан кәсіподақтары федерациясы Ташкент облыстық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ САММИТТЕ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Маңызды жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің басшылары қатысуда. Саммит барысында мемлекет басшылары түркі интеграциясын нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді. Мемлекет басшысы Түркістанның түркі әлемі үшін тарихи әрі рухани маңызына тоқталып, ...
Читать далее »Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті. ...
Читать далее »Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты. Мемлекеттер басшылары XIV-XV ғасырларға тиесілі cирек жәдігерлер көрмесін тамашалады. Ол Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы мен кесененің тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде XIV ғасырдан бері сақталған қабірхананың ағаш есігі бар. Есік ...
Читать далее »Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады. Кешеннің негізгі идеясы – түркітілдес халықтарды әлем тарихында елеулі орны бар, терең философиясы мен мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде дәріптеу. Мұнда ортақ тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге, жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілмек. Орталықтың архитектуралық шешімі ерекше символикалық мәнге ие. Кеңістікте түркі ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары