15 тамыз – қазақтың әйгілі композиторы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Созақ ауданы, Қыземшек кенті модельді кітапханасында «Ән әлемінің шамшырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, сырлы да сазды әндерінің тарихы туралы әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды. Композитордың «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақмаңдайлым», «Сыр сұлуы» сынды ...
Читать далее »Қоғам
САУРАН: ШОРНАҚТА «АРАҚСЫЗ АУЫЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде «Арақсыз ауыл» жобасы аясында жеке кәсіпкерлер мен дүкен иелерінің қатысуымен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған кездесу өтті. Басқосуға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокурорының орынбасары Ержан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар, ардагерлер, ауыл белсенділері және жастар қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, ...
Читать далее »САУРАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: АЛАЯҚТЫҚТАН САҚТАН!» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Сауран ауданында жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық пен қаржылық қылмыстардың алдын алу мақсатында «Қаржылық қауіпсіздік: алаяқтықтан сақтан!» атты ақпараттық форум өтті. Форумға құқық қорғау және қаржы саласының өкілдері, сала мамандары мен жастар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға қаржылық қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, алаяқтықтың кең таралған түрлерінен сақтану жолдарын көрсету және азаматтардың құқықтық әрі қаржылық сауаттылығын арттыру болды. Форумға аудан әкімінің ...
Читать далее »НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкентте есірткі қылмысының алдын алумен қатар, нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Жыл басынан бері мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 788 іс-шара өткізіліп, оған 114 мыңнан астам адам қатысты. Қала аумағында есірткі заттары мен интернеттегі заңсыз ресурстарды жарнамалайтын мыңнан астам граффити-сурет жойылды. Сонымен қатар, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында есірткі қылмысының алдын алу және оның заңсыз айналымына тосқауыл қою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Шымкент қаласының Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында есірткі қылмыстарын анықтау, олардың жолын кесу және заңсыз таралуына жол бермеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылдың жеті айында қала аумағында есірткіге қатысты ...
Читать далее »ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫС БЕРУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
Шымкентте 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл ретте әрбір сайлаушыға ешқандай кедергі болмауы үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Яғни денсаулық жағдайына қарамастан, әрбір азаматтың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік болуы тиіс. Осы бағыттағы дайындық барысы Қаратау ауданындағы «Ziyatker Turan» мектебінде орналасқан №337 сайлау учаскесінде көрсетілді. Мұнда 1743 сайлаушы тіркелген. Учаскелік комиссияны Гүлзия ...
Читать далее »Созақта «Оқырман мен кітап арасын жақындату» кітап марафоны өтті
Созақ ауылдық модельді кітапханасында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап мәдениетін насихаттау және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Оқырман мен кітап арасын жақындату» атты кітап марафоны ұйымдастырылды. Марафон барысында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті. Кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызын насихаттап, өзгелерді де кітап оқуға шақырды. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, ...
Читать далее »«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Шымсити саябағында «Zhastar fest – 2026» мерекелік фестивалі өтті. Жастар ресурстық орталығы мекемесі ұйымдастырған концерттік іс-шара қала жастарының өнері мен шығармашылығын қолдауға бағытталған. Мерекелік кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, «Шамсинұр» би ансамблінің өнерімен жалғасты. Фестиваль барысында жастарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, белгілі өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шарада қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ...
Читать далее »САУРАН: АБАЙ АУЫЛЫ АЛКОГОЛЬДЕН БАС ТАРТЫП, ТҰРҒЫНДАР ОРТАҚ ШЕШІМГЕ КЕЛДІ
Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудандық қоғамдық ұйымдардың бастамасымен «Арақсыз ауыл» жобасы және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптары аясында кездесу өтті. Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ардагерлер, дін өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесуде алкогольдік ішімдіктерді тұтыну мен есірткі заттарының таралуының алдын алу, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесіне ...
Читать далее »САУРАНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мәжіліс өтті. Жиынға аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық полиция бөлімінің басшылары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде аудандағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Жиын барысында аудандағы құқық ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары