Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертпелерге қарамастан, бірқатар түлектер кортеж ұйымдастырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен Түлкібас ауданында Шымкент қаласы түлектерінің көліктердің терезелерінен шығып жүргені үшін тоқтатылса, дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да орын алды. Кортеждегі «TOYOTA CAMRY»,«TOYOTA LAND CRUISER» және «TOYOTA CAMRY» т.б. маркалы қымбат автокөліктердің ...
Читать далее »Әлеумет
Сауранда «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу болып өтті
Сауран аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы, теолог Ж.Жорабек және қызметкерлері қатысты. Жиында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы, теолог Ж. Жорабек діни экстремизмнің алдын-алу, ...
Читать далее »Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өтті. Іс-шараға әскери жоғары білім ордасы мен ...
Читать далее »Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған қойларын тауып берді
Түркістан қаласының тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта есік алдына жайылып жүрген 6 бас ұсақ малы жоғалғанын жеткізді. Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап ...
Читать далее »ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ-ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
25-мамыр мектеп оқушылары, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Тәртіп сақшылары жыл сайын 25-мамыр күні күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дәл осы күні мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Арнайы рейд ұйымдастырып, қымбат көлік жалдап, көшенің тынышын бұзатын түлектермен күреседі. Осыған орай, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында автокөлікті жалға беру орындарын аралады. Аралау ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты. «Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты ...
Читать далее »“ЕР ЖІГІТТІҢ БАҒЫ АСАР, СӨЗІ МЕН ІСІ САЙ КЕЛСЕ”
Бүгінгі лездемелік мәжілісте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков осы халық нақылын тілге тиек етіп, сала басшыларына ескерту жасады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған себеп те жоқ емес. Қала әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі тарапынан ұсынылған кемшіліктерді арнайы мәжілісте саралап, бөлімдердің есебін тыңдаған қала басшысы мәселенің салдарымен емес, оның алдын алумен айналысу қажеттігін жиналысқа қатысушылардың есіне ...
Читать далее »ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Aудандық Прокуратура, Төтенше жағдайлар бөлімі мен Ішкі істер қызметкерлері аудан орталығындағы бірқатар білім ошақтарында балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі және жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында жиын өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арнайы дайындалған видео роликтер көрсетіліп, қауіпсіздік шараларын кең көлемде түсіндіріп өтті. © Jetpisbai.kz
Читать далее »АУДАН БАСШЫСЫ АРМАН АБДУЛЛАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Aудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әр аптаның бейсенбі күні өтетін аудан әкімінің жеке қабылдауында 38 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй кезегі, фельдшерлік-акушерлік орын салу, ауыз су, жол мәселесі, электр жарығын орнату, балалар ойын алаңшасын салу, жер, қайтарымсыз несие, жер және жеке ...
Читать далее »КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Қалалық Мәдениет үйінде кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтың, қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және жазғы демалыс уақытында кәмелетке толмағандарға оқыс оқиғадан қорғану және алдын алу бағытында атқарылатын пәрменді іс-шараларды талқылау бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға аудандық прокуратура өкілдері, қала әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, төтенше жағдайлар бөлімі мен ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары