Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 01.06.2021

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға 7 маусымнан бастап 18 маусымға дейін құжаттар қабылданады. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды — инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деп мәлімдеді. Басқарма басшысы бағдарламаның шарттарын түсіндіріп, тұрғындар сауалына жауап берді. Тұрғындар тарапынан негізінен қайтарымсыз грантқа қатысты сұрақтар қойылды. Жалпы тікелей ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Халықаралық балалар күніне орай балалар туризмін дамыту мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Арбат алаңында өткен шарада балақайлардың туған өлкені тереңірек тануға арналған сайыстар мен ойын  -сауықтар болды. Балалар туризмі – жасөспірімдердің туған өлкені танып — білуге, олардың табиғатпен ұдайы байланысын арттыратын саяхаттың ерекше бағыты. Ақпараттық орталық қызметкерлері балалардың зейінін және ойлау қабілетін арттыратын викториналық сұрақтар қойып, ...

Читать далее »

МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ТЕГІН ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының 1000-ға жуық азаматы жыл басынан бері еліміздің түрлі шипажайларында тегін емделді. Оның ішінде 736 жолдама зейнет жасындағыларға, 393 жолдама мүгедектігі бар азаматтарға берілген. Бүгінде тағы 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолдама беру жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Биыл қаңтар айынан бастап «Әлеуметтік портал» арқылы мүгедектігі бар азаматтар үйінде отырып-ақ өз таңдауы ...

Читать далее »

ANTIKOR LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМДАР КӨТЕРМЕЛЕНЕДІ

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар көтермеленеді. Бұл туралы «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлімдеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты болып табылады. Аталған институт 2012 жылдың тамыз айынан бастап іске қосылды. Үкіметтің қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай дендросаябақ алаңында халықаралық, ресубликалық олимпиадалар мен ғылыми, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздарымен кездесті. Оның ішінде 18 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, 33 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Ашық аспан астындағы жиында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕ КҮНІ 30 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Шымкент қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарада 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. 1-3 жас аралығындағы балалардың тұсауын қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ө.Мелдеханов, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Түркістан» сарайының директоры С.Майғазиев пен қолөнер шебері Болат Бейісбеков, Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры У.Әбдірайымов, айтыскер ақын ...

Читать далее »