Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 (страница 237)

Годовые архивы: 2024

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Өңір аумағындағы жалпы орта білім беретін мектептердегі кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған жұмыстар туралы өткен комиссия отырысына аудандық полиция бөлімі,аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және ...

Читать далее »

Полицейлердің жазғы киім нысанына көшу мен қызметке дайындығы тексерілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, қызметкерлердің мезгілге сай нысанды киім-кешегінің болуын, қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын жеке өзі тексеріп шықты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Полицейлердің жазғы нысандағы киім үлгісіне өтуін, сыртқы келбетін тексерген генерал, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен заңға сәйкес берілген міндеттерді орындауы қадағалауда екенін жеткізді. ...

Читать далее »

ЕРЛІ ЗАЙЫПТЫЛАР ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

Түркістандық полиция қызметкерлері жоғалған сөмкенің ішіндегі ақша мен документ толығымен дүкенінің ішінен тауып, егелеріне қайтарып берді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан қалалық полиция басқармасына Алматы облысынан келген ерлі-зайыптылар арызданды. Ер адамның айтуынша, қыдырып келген жұбайлар алдымен базардан сауда жасап, қонақ үйге орналасқан. Осы кезде әйелі көп заттың арасынан сөмкесінің жоқ екенін байқайды. ...

Читать далее »

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиналыс болып өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен осы салаға жауапты мамандары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Күн тәртібінде мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов баяндап өтті. Онда 2024 жылғы көктемгі мерзімге әскерге шақыру бойынша зерделеу және іріктеу жұмыстары ...

Читать далее »

ЕЛ ҚОРҒАУ – ЕРДІҢ ІСІ: АРЫСТА ЖАС САРБАЗДАРДЫҢ ТАҒЫ БІР ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Арыста қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздардың кезекті легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Отан қорғаушылар құрметіне орайластырылған салтанатты рәсім Жастар Ресурстық орталығы ғимараты алдында өтті. Салтанатты шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ерлан Біләлов, қалалық ардагерлер ұйымының ...

Читать далее »

Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен арнайы тексеруші топ қызметтік іссапармен барды

Түркістан облысындағы «Цифрлы Қазақстан», «Цифрлы полицей» мен «Полицияның сервистік модельге көшуі» негізінде жүргізіліп жатқан цифрландыру бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында, ҚР ІІМ мен басқа да мемлекеттік органдардың арнайы тексеруші тобы (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҰҚК, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі және т.б) ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен өңірге іссапармен барды, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ...

Читать далее »

Түркістанда «Террорға қарсы-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі

2024 жылы 9 сәуір күні таңертең Түркістан қаласында «Террорға қарсы-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі. Іс-шараның мақсаты террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту мен жою жөніндегі міндеттерді орындауға штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады. Осыған байланысты, облыс орталығының қонақтары мен тұрғындарынан сабырлы болуды және өткізілетін іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік ...

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Төлеби ауданы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Мәжілістің күн тәртібін комиссия төрағасы, аудан әкімі Төлеген Телғараев таныстырып, ...

Читать далее »

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Комиссия мәжілісіне аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын – алу, оның ішінде ауыр қылмыстардың профилактикасы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСТАМАСЫМЕН 26,482 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласында субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған. Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан. Қаламызда 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың ...

Читать далее »