Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » Полицейлердің жазғы киім нысанына көшу мен қызметке дайындығы тексерілді

Полицейлердің жазғы киім нысанына көшу мен қызметке дайындығы тексерілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, қызметкерлердің мезгілге сай нысанды киім-кешегінің болуын, қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын жеке өзі тексеріп шықты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Полицейлердің жазғы нысандағы киім үлгісіне өтуін, сыртқы келбетін тексерген генерал, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен заңға сәйкес берілген міндеттерді орындауы қадағалауда екенін жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша жеке құрамның бірқатар жауапты басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Гарнизондық жиын соңында генерал М.Қабденов, жеке құрамды қызметтік міндеттерін адал атқаруға, құқық бұзушылық пен қылмысқа жедел ден қоюға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және ең бастысы, қызмет атқару кезінде азаматтарға құрметпен қарауға бағыттады.
Іс-шара соңында салтанатты шеру өтіп, жеке құрам патрульдеу маршруттарында қызмет атқаруға кірісті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*