Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Май (страница 23)

Месячные архивы: Май 2024

Шымкент қаласында мейіргерлер марапатталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі «Халықаралық мейіргерлер күнін өткізу туралы» №231 бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылғы 05 сәуіріндегі «Халықаралық мейіргерлер күнін өткізу туралы» №108 бұйрығы негізінде 12 — мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне арналған жоспары бекітіліп, іс шаралар өткізілді. 2024 жылғы 25 сәуір – 4 мамыр аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ: ПӘТЕРДІ ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУЫ МІНДЕТТІ

Шымкентте сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспамен қамтылған жалға алушылармен келісімшартты біржақты бұзу мәселесі қаралып жатыр. Қалалық тұрғын үй басқармасы мен учаскелік полиция қызметкерлері мониторинг барысында 189 орам №20 үйдің екі пәтері мақсатсыз пайланғанын анықтады. Жалдау шартына сәйкес пәтерді үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады. Жалға алушылар белгіленген мерзім аяқталғанша мақсатты пайдалануды жүзеге асырмаса, тұрғын үйден шығару жөнінде сот органдарына талап арыз ...

Читать далее »

Шымкентте өрт тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкент қаласында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау. Жалпы жаз және күз мезгілдерінде өрттің қаупі жоғары. Көп жағдайда жалын егін қалдықтары, қураған шөп және тұрмыстық қоқыстардың тұтануынан басталады. Сәйкесінше өрт тез таралады. Сондықтан тілсіз жау кезінде Азаматтық қорғау қызметтерінің бірлесіп іс-әрекет ...

Читать далее »

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Көктемгі шақыру науқаны жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына әскери қызмет өткеру үшін 30 әскерге шақырылушы келді. Саптық алаңда әскерге шақырылушыларды бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев қарсы алды. Ол жас жауынгерлерді армиядағы алғашқы күнімен құттықтап, кіші командирлердің басшылығымен алдағы 12 айда олар әскери істі игеріп, ата-аналары мақтанышы болатынын атап өтті. Сондай-ақ Дәулетбек Андреевич әскерге шақырылушыларға ...

Читать далее »

АМАН ТӨЛЕЕВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеевтің 80 жылдығына орай өткізілген іс-шара конференцияға ұласты. Конференцияға зиялы қауым өкілдері, елге белгілі ақын жазушылар, студенттер, сондай-ақ Ресей Федерациясы Кемерова облысынан келген арнайы қонақтар қатысты. Конференцияның модераторы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек спикерлермен қонақтарға сөз беріп, қалың көрермен біртуар тұлғаның өткен өмірінің өнегесіне қанық болды. Жиында елге белгілі ұлт зиялылары Тоқтар Әубәкіров, Зауытбек ...

Читать далее »

«АНА ТІЛІ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мен қалалық Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілі және отбасы – 2024» қалалық білім беру мекемелері арасында байқау өтті. Бұл байқау Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Дәстүрлі түрде өткізілетін шара биыл 6-шы рет өтті. Білім беру мекемелерінің, яғни мемлекеттік тілді жетік меңгерген барлық жастағы этнос өкілдерінен ...

Читать далее »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы Бахытжан Халдыбекұлының төрағалығымен өткен жиынға дербес бөлім басшылары, қала әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты. Жиында сөз алған қала әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Мақсат Мұхаметәліұлы дербес бөлімдерге жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады. Мәжіліс төрағасы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, ...

Читать далее »

МАҚСАТ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазығұрт ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен аудандық Ардагерлер кеңесі, Әжелер алқасы және аудандық «Аналар асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Сәрсен, «Кемел-Ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Әлімбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының «Отбасын қолдау» бөлімшесінің меңгерушісі А.Қалботаевтардың қатысуымен Алтынтөбе, Жаңабазар, С.Рақымов және Жігерген ауыл округтерінде неке мен отбасы ...

Читать далее »

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТУДЕ

Қай ұлттың болсын баянды болашағы оның ұрпағымен тікелей байланыс­ты екені сөзсіз. Сондықтан, ата-баба аманатын алысқа апаратын саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Аталған тақырып аясында, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Ұлттық тәрбие — ел болашағы» тақырыбында форум өтуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы мен ...

Читать далее »

«Дарбаза» полигонында әскерге шақырылған 170 сарбазбен жаттығу жұмыстары өткізілді

Окоп ұяшығына паналаған әскерге шақырылушылар әскери техниканы өздерінің үстінен өткізіп, содан кейін оған граната лақтырды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жас толымы Түркістан облысындағы оқу полигонында өзінің алғашқы жауынгерлік атыстарын орындап, жаудың танкысымен шайқасқа түсті. «Дарбаза» полигонында осы көктемде әскерге шақырылған 170 сарбазы АК-74 қаруымен алғашқы оқ атуды және окоптан танкіге граната лақтыру жаттығуларын іс-жүзінде орындады. Окоп ұяшығына паналаған ...

Читать далее »