Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Май (страница 47)

Месячные архивы: Май 2024

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті қамауда. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. © Jetpisbai.kz

Читать далее »

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Отырар ауданы Шәуілдір және Көкмардан ауыл тұрғындарына кеңес беру науқанында мобильді топ мүшелері тұрғын үй алудың тәртібі, тұрғын үйді жекешелендіру, зейнеткерлікке шығу, жұмысқа орналасу, алимент өндіру, егін алқаптарына су тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелендіру және ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие алудың тәртібі туралы құқықтық кеңестер берді. Заң көмегіне жүгінген тұрғындарға жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көтермелеулер, берілетін ...

Читать далее »

«ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ» ҚЫЛМЫСЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың ұйымдастыруымен Жетісай ауданының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Сервистік модельдің топ жетекшісі Адина Шойғараева сөз кезегінде сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуі қажет. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа негізделген сервистік модель барлық проблеманың әмбебап құралы болып табылмайды, ...

Читать далее »

ҚАТТЫ АУРУДАН ЖАН ҚАЛСА – ОЛЖА

«Қатты қыстан мал қалса – олжа, қатты аурудан жан қалса – олжа» деп дана бабаларымыз айтқандай, жақындарымыз ауырып қалса, тілеуін тілеп отырамыз. Өкінішке орай, осыдан төрт күн бұрын тілшіміз Гүлдана Дидарбек асқазаны ауырып, ауруханада емделуге мәжбүр болды. Гүлдана бесінші перзентін күтіп жүргендіктен іштегі бала үшін де алаңдап, уайымдап қалғанымыз рас. Бүгін хабарласып, бәрі жақсарғанын жеткізгенде көңіліміз орнына түсті. Гүлдана Дидарбек ...

Читать далее »

Полиция қызметкерлері өз жұмыс орындарынан бөлек, іргелес аумақты абаттандыруды дәстүрге айналдырған

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, барлық полиция басқарма және бөлім қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты. Негізгі мақсат- Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына қолдау білдіру, табиғат жанашыры ретінде тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосу. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Киелі мекен» тақырыбында сенбілік өткізді. Өздеріңізге белгілі, өткен аптадан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әр аптаның сенбі күні түрлі тақырыпта санитарлық ...

Читать далее »

ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ӘРІ МІНДЕТ

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, №2 емхана мамандарымен бірге құрметті тыл ардагері Валентина Соколованың шаңырағына арнайы барды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпарат агенттігі. Қарт ананы алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтаған сала мамандары ардагерден саулық сұрасып, сыйлықтарын табыстағаннан соң, оның қиын-қыстау жылдарда бастан өткерген оқиғаларын тыңдады. 1937 жылы 31 мамырда дүниеге келген Валентина Соколова медицина саласында фельдшер мамандығы бойынша білім ...

Читать далее »

АЛПЫС ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АЛТЫН ҰЯ

Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №29 мектептің құрылғанына – 60 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қалалық білім басқармасының басшысы Н.Шамшиева, қалалық мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов, мәслихат депутаттары арнайы қонақ ретінде қатысты. Қонақтар алдымен мектеп ауласындағы Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, фойедегі көрмені аралап болған соң мектептің 60 жылдық тарихына ...

Читать далее »

ВИЦЕ-МИНИСТР ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Мегаполистің әлеуметтік қызметтерін қолдау, қызметтер қолжетімділігін арттыру мақсатындағы іс-сапарын вице-министр Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмысымен танысудан бастады. Орталықты аралап, зейнеткерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдаған вице-министр, орталықтың жиналыс залында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен, жұртшылықпен, әлеуметтік мекемелер ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында вице-министр ...

Читать далее »

Шымкент: Әскердегі спортшылар жастарды шабыттандыруда

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті — Орталық спорт клубының Шымкент қаласындағы Спорт кешені үйірмелерінің тәрбиеленушілері мен 35748 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының атақты боксшыларымен кездесті. Кездесуге бокстан еліміздің бірнеше дүркін Спартакиада чемпионы, әскерлер арасындағы Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Құттыбеков пен Алматы қаласындағы орталық спорт клубының аға жаттықтырушысы, бокс ...

Читать далее »

АРЫСТА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысыдағы тұңғыш кадет сыныбы ашылды. Жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын сыныпқа Арыс қаласында қызмет бабында қаза болған полиция капитаны Бибасар Отарбековтің есімі берілді. Сыныптың ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Түркістан облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Аскаров, Арыс аудандық ...

Читать далее »