Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Июнь (страница 2)

Месячные архивы: Июнь 2024

«KAZAKH REAL STROY» АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА 30 ДАНА ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІН ТАРТУ ЕТТІ

Қаламызда орналасқан «Kazakh Real Stroy» ЖШС-і «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Арыс қаласына жаңадан 30 дана қоқыс контейнерін тарту етті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мекеме басшысының айтуынша жаңа контейнерлер Шымкентте арнайы тапсырыспен жасалынған. Қоқыс тасушы көлік тиеп алып кететін арнайы тетіктер ыңғайластырылған. Сыйымдылығы 1200 куб құрайды. Тағы бір ерекшелігі — қалыңдығы 2 см құрайтын ...

Читать далее »

ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудан шаруаларымен кездесіп, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету секілді бірқатар түйіткілді мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан басшысы Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі — отандық және шетелдік инвестицияларды тарту екенін айтып, осы бағыттағы жұмыстарға тоқталды. Жиында шаруалар тарапынан көтерілген ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА БАРДЫ

Түлкібастың құнарлы топырағында өсетін алмасы алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналды. Қырғызстан, Өзбекстан пен Ресей нарығында үлкен сұраныста. Ауданда алма бауды дамыту қарқын алып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында Шақпақ ауылдық округіндегі «Кен-Тау» ЖШС арнайы барды. Кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. 12 жылдан бері қарқынды алма ...

Читать далее »

ҮШ ЖЫЛДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН НЫСАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ АНЫҚТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕР МЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІ БОЙЫНША

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік мәжілісте құрылыс көлемінің индикаторлық орындалуы, соңғы үш жылда пайдалануға берілген нысандарға қатысты анықталған кемшіліктер мен қалпына келтірілуі бойынша — орынбасары Байдулла Оразбеков, бюджеттің игерілуі бойынша — орынбасары Талғат Төлегенов баяндама жасады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мухит Көшенов қаланың бас ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАМЫ ҚАРЫМДЫ, ОЙЫ ЖҮЙРІК ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ!

Қадірменді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді бұқара халықтың кем-кетігін түгендеп, елдің әл-ахуалы мен тұрмыс-тіршілігін жіті назарда ұстайтын, елдік мәселені елеусіз қалдырмайтын – қоғам сақшысы, төртінші билік өкілі деп білеміз. Журналист — елдегі жаңалықтың басында жүрген әрі қоғамдық ойға түрткі бола білген, әрқашан ақиқатқа сүйене отырып әділ әрекет ететін мамандық иесі. Бүгінгідей аласапыран ақпаратта, жаңалығы мың ...

Читать далее »

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 маусым – Байланыс және ақпарат құралдары өкілдерінің күніне орай, Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов өңіріміздің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар қаламы қарымды журналистер қауымын арнайы қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтап, шексіз құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталған тұлғалар арасында байланыс және ақпарат саласының ардагерлері, білікті қаламгерлер, ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. “Халықтың көзі, құлағы һәм тілі” ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. “Халықтың көзі, құлағы һәм тілі” ретінде елге адал қызмет ету ...

Читать далее »

ҚТҚ УАҚЫТЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Абай ауданы әкімінің м.у.а. Г.Нұрбекқызының төрағалығымен аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесе аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсететін арнайы мамандандырылған мекемелердің қатысуымен жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиналыс барысында ҚТҚ шығару мекемелердің басшыларына қоқысты уақытылы, кестеге сәйкес шығару бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға қойылатын ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді «28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге алғысымды білдіремін. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ...

Читать далее »

ТАУДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 16 ЖАСАР 2 ЖАСӨСПІРІМДІ ПОЛИЦИЯ ТАПТЫ

Түркістан облысы Созақ ауданының полициясына 26 маусым күні таңертең 11 бас жылқы мен 7 бас құлынын түгендеу үшін тауға шығып, қайта оралмаған екі кәмелетке толмағандар туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі жасөспірім мотоциклмен жылқы табынын іздеуге, Созақ ауданының аумағындағы таулы аймаққа бет алғаны анықталды. Олардың кеткеніне біршама уақыт ...

Читать далее »