Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » СУ БАСУ ҚАУІПІ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ ӘРЕКЕТТЕР ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖОҚ

СУ БАСУ ҚАУІПІ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ ӘРЕКЕТТЕР ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖОҚ

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта  брифинг өткізді. Брифинг барысында  азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларды жоюға әзірлігін анықтау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері аралығында қала аумағында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп, департамент қызметкерлері қала аумағында су басумен байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайларды алдын алуға және жоюға дайын екендігін баяндады.
2023 жылдың ақпан айында және 12 наурызда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көшелердегі су басуды жоюға 100-ден астам техника, 400-ден астам жеке құрам және 78 мотопомпа жұмылдырып, жаңбыр суы жиналған орындарда 154 рет су сору жұмыстарын жүргізді. Жалпы 11500 текше метр су шығарылып, 2000 дана құмдалған қап қойылды. Үйлерге су кіру фактілері тіркелген жоқ.
Айта кету керек, тиісті мекемелердің бірлесіп жүргізген шұғыл әрекеттерінің арқасында төтенше жағдайлар орын алған жоқ.
Жалпы 40 мың дана қапшық дайындалып, оның ішінен 5 ауданға 20 мың қап бөлінді. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері тарапынан жеткізілген құмды қаптау жұмыстары жүргізілді. Дайындалған қаптар әр ауданның су басу қауіпті орындарына жақын жерлерге жиналды.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласының 5 ауданы бойынша 30 су басу қаупі бар учаскі анықталған. Су басу қауіпі бар аумақта 50 көше орналасқан.
Қала аумағында ұзындығы 56 шақырым құрайтын 12 канал, 339 ирригациялық жүйелері қоқыстан тазартылды.
Жағдай күрделенген кезінде Департамент және азаматтық қорғау мүшелерінің қызметтері күшейтілген түрге өткізіледі. Осы сәтте Департаменттің дағдарыс жағдайлар орталығында азаматтық қорғау мүшелерінің кезекшілік ететін штабы ұймдастырылып, үйлестіру жұмыстары атқарылады.
Айта кету керек, ағымдағы жылы қаңтар айында жалпы 5 ауданнан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды.
Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жою үшін 160 адам, 17 бірлік әр түрлі мақсаттағы техника, 17 қайық, 38 дана мотопомпа дайындыққа келтірілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*