Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ПЫСЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТОҚСАН САЙЫН СЕЙСМОЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ПЫСЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТОҚСАН САЙЫН СЕЙСМОЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізілуде.
Орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілді.
Бекітілген жоспар бойынша, оқу-жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдары, қала аумағында орналасқан су қоймаларға жауапты мекемелер тартылатын болады.
Оқу-жаттығу кезінде әр мекеменің атқаратын қызметі және міндеті егжей-тегжейлі пысықталып, орын алған жер сілкінісі кезінде ұйымдасқан жүйелі жұмыс көрсету міндеттеледі.
Ал, 2023 жылғы жазғы шомылу маусымына дайындық ретінде қала аумағындағы Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер мектептің бірінші қабатында фойеде орналастырды.
Шымкент қаласының аумағында суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығының волонтерларымен бірлескен патрульдеу мен рейдтер күнделікті жүргізілді. Бұл іс-шаралар демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде өткізілді.
Шымкент қаласында 2023 жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары бойынша аралық ақпаратты назарларыңызға жеткізгім келеді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама берілуде.
Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланды.
Сондай-ақ, аталған бейнеролик Білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына, әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экран арқылы қала тұрғындарына жеткізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*