Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » Шымкент: Дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды

Шымкент: Дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды

Шымкент қаласы аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Жаттығудың мақсаты: орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтау, өртке қарсы қызметінің және орман шаруашылығы күш-құралдарының бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес хабарлау, уақытылы күш құралдары жинау, өрт сөндіру дағдыларды жетілдіру, жергілікті атқарушы органдары мен басқа да қалалық коммуналдық, полиция, жедел жәрдем, электрмен қамтамасыз ету қызметтерін жұмылдыру, бірлескен іс әрекеттерінің тиімділігін көтеру.
Сонымен қатар, орман шаруашылығына жақын орналасқан жайылымда мал бағып жүрген тұрғындардың абайсыз отты пайдалану салдарынан жазық далада өрт шығып, оңтүстік-шығысқа соққан желдің бағытымен тарқап «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы орманға өтуге қауіп төне отырып, үлкен көлемде бірнеше бағытта өрт тарқалады. Желдің жылдамдығының жоғары және шөптің қалың, құрғақ болғандығынан өрт өте жылдам үш бағытта тарқай бастады. Өрттің тарқалу бағытында орналасқан орман шаруашылығына, Сауле тұрғын алабына, Ақтас тұрғын алабының жайылымдағы малдарына қауіп төнді.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша шартты өртті сөндіруге өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру кезекші қызметі, 3 өрт сөндіру автоцистернасы, 15 жеке құрамы, қалалық «ЛД-Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек» ЖШС су таситын көліктері, жедел жәрдем бригадасы және өрт сөндіруге бара жатқан техникалардың жылдам, қауіпсіз жетуін реттеу үшін ПД жол патрульдік полиция топтары жұмылдырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*