Бүгін Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округіне қарасты Сарытоғай ауылында фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Сарытоғайлықтардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы барып, нысан құрылысының аяқталуын асыға күткен ауыл тұрғындарын құттықтады.
Сарытоғай ауылында 500-ден астам тұрғын бар. Ауыл тұрғындары бұрындары басы ауырып, балтыры сыздаған кезде аудан орталығына, Шұбар ауылына барған.
Ордабасы ауданында 9 медициналық тірек бой көтеруде. Бүгінгі таңға екеуі (Көлтоған, Сарытоғай елді мекендері) пайдалануға берілді. Қалғандары жылдың соңына дейін тапсырылады.