Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » Субұрқақта шомылу қауіпті

Субұрқақта шомылу қауіпті

Жылдың жылы маусымдарында субұрқақтар қала тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады. Тұрғындар субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, оған шомылып жатады. Алайда сіз осылайша денсаулығыңызға қауіп төндіріп, жазатайым төтенше жағдайлардың орын алатынын  білмеуіңіз мүмкін, субұрқақтағы су жиі жаңартылмайтынын ескерген жөн. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады. Олар әртүрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне, жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Сонымен қатар, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті сияқты үлкен қауіп төндіреді. Ауырған науқас адам ауруды тек жұқтырып қана қоймай, ауруды таратады.
Субұрқақта жүзу кезінде жарақат алу қаупі де жоғары. Фонтанның бетінде әдетте астыңғы жарық, ағынды саптамалар, жай саптамалар орналасады. Қосылған коммуникациялардың кесірінен механикалық және электр жарақатын алуыңыз ықтимал. Субұрқақта шомылу барысында тайғанау мүмкіндігі жоғары болуына байланысты технологиялық жабдыққа құлап, жарақат алу қаупі жоғары. Одан өзге олардың әртүрлі бағытта күшті қысыммен су шашатын жеке басқару жүйесі бар. Сондай-ақ, субұрқақтан су ішуге қатаң тыйым салынады.
Қаламыздың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында субұрқақтардың сапасына ай сайын мониторинг жүргізіледі. 2023 жылы тамыз айына дейін санитариялық-химиялық зерттеулерге 16 су сынамасы алынды, микробиологиялық зерттеулерге 10 сынама алынды, оның ішінде санитариялық ереже талаптарына сәйкес емесі анықталмады. Өткен кезеңде қала бойынша су факторымен байланысты тұрғындар арасында жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
Құрметті ата-аналар! Балаларға қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіріп, субұрқақ маңында қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін түсіндіріңіз. Өзіңіздің және балаларыңыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*