Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Бедеклік. Бедеулікті емдеу

Бедеклік. Бедеулікті емдеу

Төлеби ауданына қарасты кейбір отбасылар арасында әр түрлі себептермен бала сүю мәселесі проблема болуда. Әйелдер өз отбасын сақтап қалу мақсатында бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп , нәтиже болмай жүктілік болмау садарынан шаңырақтары шайқалуда. Мұндай жағдайлар не еркектің, не әйелдің бедеулікке шалдығу зардабынан болуы мүмкін. Көбіне мұндайда жұптар жеке клиникаларда жүріп уақыттарын жоғалтады, сол себепті Төлеби аудандық ауруханасының аймақтық акушер-гинекологына жүгініп, толық тексерілуден өтіп диспансерлік есепке тұрыңыздар. Сіздер 2022 жылы «Ансаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында міндетті сақтандыру жүйесінде «Экстракорпоралды ұрықтандыруға» квата ала аласыздар.
Төлеби аудандық ауруханасында бедеуліктің 1-ші типі және 2-ші типімен диспансерлік есепте тұратын 42 жасқа дейінгі туу жасындағы әйелдерге Экстракорпоральды ұрықтандыру арналған квота алуға шақырамыз.
Бедеулік – репродуктивті жастағы ерлі-зайыптылар 1 жыл ішінде ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды қолданбаған кезде жүктіліктің болмауы.
Бедеуліктің жиілігі – әртүрлі мәліметтер бойынша 10-нан 20%-ке дейін ауысып тұрады. Бедеуліктің негізгі себебі ерлі – зайыптылардың біреуінде немесе екеуінде де репродуктивті қызметінің бұзылуы салдарынан дамиды. Бедеу некеге әйел адам 45 %, ер адам 40 %, екеуі де 30 % себепші болады.
Квотаға үміткер туу жасындағы әйелдерде төмендегі ауытқулар болса, тез арада акушер-гинекологқа келулеріңізге болады:
1. овуляция проблемалары;
2. гормоналды проблемалар;
3. аналық бездердің дисфункциясы;
4. фаллопиялық түтіктердің зақымдануы, адгезиялар;
5. поликистозды аналық бездер;
6. гормоналды теңгерімсіздік;
7. аналық бездердің қабығындағы тыртықтар;
8. Екі жақты жатырдан тыс жүктіліктің себебінен жатыр түтігінен айырылу
9. Бедеуліктің белгісіз себебі
10. Еркек бедеулігі (Азооспермия басқасы).
Б.Н.Танаева

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*