Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Қант диабеті және оны алдын алу шаралары

Қант диабеті және оны алдын алу шаралары

Диабет – бұл қандағы қанттың деңгейінің артуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.

Қант диабеті инсулинге тәуелді (инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз (инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.

Инсулин – ұйқыбезінің қандағы қант деңгейін бақылау үшін өндіретін гормоны. Диабет инсулиннің өндірілуінің төмендеуімен, инсулинге тұрақтылықпен (төтемелілік) немесе екі себептің де салдарына байланысты болуы мүмкін.

Қант диабеті бар адамдарда қант деңгейі жоғары, себебі, организм глюкозаны энергияға айналдыру үшін май жасушаларына, бауырға және бұлшық етіне тасымалдай алмайды. Бұл келесі себептерден болады: Ұйқыбезі инсулиннің жеткілікті мөлшерін өндірмейді Жасушалар инсулинге серпін бермейді Екі себептің де салдары.

Қант диабеті екі түрлі болады. Осы түрлердің әрқайсысы үшін пайда болу себебі және қауіп факторлары әр түрлі: 1 типті қант диабеті  кез келген жаста папйда болуы мүмкін, бірақ, ол көбінесе балаларда, жасөспірімдер мен жас адамдарда анықталады. Аурудың бұл түрінде организм инсулинді аз өндіреді немесе өндірмейді. Нақастар күнделікті инсулинді егуге мұқтаж.

Аурудың пайда болуының нақты себебі белгісіз. 2 типті қант диабеті диабеттің көпшілік жағдайларын құрайды. Ол көбінесе, ересектерде пайда болады. Бірақ, балалар мен жастардың арасында семіздіктің кең таралғандығына сай олардың арасында да диабеттің бұл түрі кездесе бастады. 2 типті диабеті бар адамдардың көпшілігі өздерінің бұл ауруға шалдыққандарын білмейді. Қант диабетінің басқа себептері де бар, ал кейбір науқастарды ешқандай топқа жатқызуға келмейді. Гестациялық диабет – қандағы қант деңгейінің артуы, ол алғаш рет әйелдерде жүктілік кезінде пайда болады.

Симптомдары.

Қандағы қант деңгейінің жоғары болуы келесі симптомдарды туындатуы мүмкін: — Көрудің айқын еместігі, — Шөлдеу сезімі, -Шаршау,   -Ашығу, -Несептің, жүруінің жиілеуі, -Салмақ жоғалту.
2 типті диабет баяу дамитындықтан, қандағы қант деңгейі жоғары болатын адамдарда ауру ұзақ уақыт бойы симптомдарсыз өтуі мүмкін. 1 типті диабеттің симптомдары тез дамиды. Диагноз қойылған кезде адамдардың ауруға шалдығуы ушығады. Аурудың ұзақ уақыт бойы өтуі салдарынан диабет басқа күрделі мәселелерге апаруы мүмкін. Бұл мәселелер диабеттік асқынулар ретінде белгілі, оларға жататындар: Көру мәселелері (әсіресе, түнде), жарыққа сезімталдық, көруді жоғалту Аяқтағы немесе табандағы ауырсынатын ойық жаралар, олар емделмеген жағдайда аяқтың немесе табанның бөлігін жоғалтуға апаруы мүмкін. Нервтердің зақымдануы, оның салдарынан ауырсыну, шаншу және сезімталдықты жоғалту, ас қорыту мәселелері, эрекцияның бұзылысы пайда болуы мүмкін. Бүйректің мәселелері, бұл  бүйрек жеткіліксіздігіне апаруы мүмкін. Иммундық жүйенің әлсіреуі, бұл да жиі инфекцияларға апаруы мүмкін. Жүрек талмасының немесе инсульттің пайда болу ықтималдығының артуы.
Диагностика. Несеп талдауы қандағы қанттың жоғары деңгейін көрсетуі мүмкін. Бірақ, қант диабеті тек несеп талдауы бойынша ғана анықталмайды. Дәрігер диабеттің болуын  қандағы қант деңгейі 200 мг/дл артық болғанда болжайды. Диагноздың расталуы үшін келесі тексерулерді өткізу қажет:

Қан талдауы: Аш қарынға глюкозаның деңгейін анықтау — қант диабеті қойылады, егер бұл деңгей  келесі көрсеткіштен: «126 мг/дл» — екі есеге асатын болса. 100 — 126 мг/дл арасындағы деңгей ашқарынға гликемия бұзылысы немесе диабет алды аталады. Бұл  2 типті қант диабеті пайда болуының қауіп факторы. HbA1c (гликозилденген гемоглобин) деңгейін анықтау Нормасы: 5.7% кем Диабет алды: 5.7% — 6.4% Диабет: 6.5% немесе одан жоғары. Глюкозаға төзімділік тесті — қант диабеті қойылады, егер қандағы глюкозаның деңгейі глюкоза қабылдағаннан кейін 2 сағат өткенде 200 мг/дл асатын болса. (бұл тест 2 типті диабетті анықтау үшін жиі қолданылады).
Аурудың қандай да бір симптомдарынсыз 2 типті қант диабетіне скринингті өту келесі адамдарға ұсынылады: Артық салмағы бар балалар және қант диабеті дамуының басқа қауіптері бар балалар 10 жасынан бастап, әр 2 жыл скринингтен өтуі тиіс. Артық салмағы бар ересектер (дене салмағының индексі — ДСИ > 25 болса) басқа қауіп факторлары болуында. 45 жастан асқан ересектер әр 3 жыл сайын скринингтен өтуі тиіс.

Емдеу. 2 типті қант диабеті өмір салтын өзгеруінде, әсіресе, салмақ азайту мен емдәм сақтауда, кері қайтуы байқалады. Сонымен қатар, 2 типті қант диабеті салмақ азайту операцияларынан кейін де қайтуы мүмкін. 1 типті қант диабеті емделмейді. Қандағы қант деңгейін бақылау үшін  науқастарға инсулин препаратын енгізу қажет. 1 және 2 типті диабетті емдеуге дәрілік препараттар, емдәм сақтау және дене жаттығулары жатады, бұл шаралар қандағы қант деңгейін бақылауға арналған. Қандағы қант және холестерин деңгейін, артериалдық қысымды ұдайы бақылау бүйректің, көздің, жүйке жүйесінің ауруларының, инфаркт пен инсульттің даму қаупін азайтуға көмектеседі. Диабеттің асқынуының алдын алу үшін жылына кемінде, 2-4 рет дәрігерге барып тұру қажет. Мәселелер туралы дәрігермен кеңесіңіз. Диабетті бақылау туралы дәрігердің кеңесін орындаңыз.
Алдын алу. Белсенді өмір салтын ұстану және оңтайлы дене салмағын сақтау 2 типті қант диабетінің пайда болуының алдын алуы мүмкін. 1 типті қант диабетінің алдын алуға келмейді.  жиі зәр шығу (ер) балалардағы патологиялық салмақ (ер | әйел) салмақ жоғалту (ер | әйел) шаршағыштық (ер | әйел) Эректилді дисфункция (потенцияның бұзылуы) (ер) ұмытшақтық және естің өзгеруі (ер | әйел).

Қант диабетінің мәнін түсіну үшін қалыпты үрдісті түсіну қажет, ол кезде тағам ыдырайды және организм оны энергияны өндіру үшін қолданады. Ас қорыту кезінде келесі үрдістер жүреді: Глюкоза аталатын қант қан ағымына түседі. Глюкоза — организм үшін энергия көзі. Ұйқыбезі аталатын ағза инсулинді өндіреді. Инсулиннің ролі – глюкозаның қан ағымынан бұлшық етке, май жасушаларына және бауыр жасушаларына тасымалдануында, оларда энергетикалық қуат көзі ретінде қолданылады.
Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.

Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн. Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді.
Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды:

  • Диабетпен қан, ауалы – тамшылы немесе жыныс жолы арқылы жұқтыру мүмкін емес.
  • Тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін.
  • Азық түлікке тәтті тағамдарды көп пайдалану диабет туғызбайды, бірақ ауру туғызатын қаупті көп көтеретін семіртеді.

Факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар. Егер Сізде осы факторлардың бірнешесі қосылса ауру қаупі жоғарылайды.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:

  • Ауру қатты екпінді басталады.
  • Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
  • Асқынуға бейімді.
  • Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.

• Екі типтегі диабетте де қанда қант деңгейі жоғарылайды, гиперкликемия пайда болады. Қант диабетінің бірінші белгілері пайда болады: ауыздың құрғауы, қатты шөл, тез несеп шығару (полиурия).
• Осы құбылыстардың себептерін қарап шығайық. Тамақ ішіп болған соң кісілерде қандағы қан деңгейі жоғарылайды. Бірақ диабетиктарда инсулиннің жетіспеушілігінен (диабеттің бірінші типі) немесе клеткалардың қабылдамауынан (екінші типтегі диабет) бұл қант клеткаларға барып түспейді. Қанда глюкоза көп, бірақ клеткалар аш қалып, жеткіліксіз тамақ туралы белгі жіберіп отыратын жағдайларда туындайды. Бұл белгілерге ағза бауырдағы қант қорларын жіберіп жатады, бірақ ол да клеткаларға түспейді. Нәтижесінде ағза майларды жара бастайды. Жару нәтижесінде кетондық денелер пайда болады: ацетон, ацетальдегид, түрлі қышқылдар. Клеткілер көптен күткен энергияларын алады, бірақ қанда қышқылды баланс бұзылады, соның салдарынан кетоцидоз (ағзаның қышқылдануы) пайда болады. Емделмеген жағдайда коматоздық жағдай және өлімге алып келеді.

Қант ауруының алдын алу

  • Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.
  • Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу Сізге ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды.
  • Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер ететінін айта кету керек.
  • Алдын алу салауатты өмір салтына өтумен қортылады. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан жоғары, Сізде артық салмақ немесе Сіздің туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.

Екінші типтегі қант диабетінен қалай сақтану керек

  • Дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтан. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық, картоп жеңіз.
  • Кішкентай порциямен әр 4 сағат сайын тамақтаныңыз. Бұл ішкен тамақты қорыту үшін қанды қажетті инсулинмен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі. Біздің мақсатымыз – ұйқыбезіне жоғары жүктемелер болдыртпау үшін күн бойы тамақты біркелкі реттеу.
  • Қант пен тұзды пайдаланбаңыз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді.
  • Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Дәрумендер қабылдап, күйземеңіз. ҚД алдын алу қант диабетін анықтаған күннен бастап алдын алу қажет, қауіп фактор тобына жатады, ары қарай жылына 2 рет эндокринолог бақылауында бақылану. Арнайы мамандардың кеңесінен невропатолог, окулист, кардиолог, нефролог өту қажет. Белсенді салауатты өмір салтын ұстану. Дені сау болу – бұл адамның табиғи ұмтылысы. 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*