Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » D дәруменінің және магнийдің остеопороздың алдын алудағы рөлі

D дәруменінің және магнийдің остеопороздың алдын алудағы рөлі

Кальцийдің сүйек және тіс тіндерін қалыптастыруға қажетті аса маңызды құрылыс блоктарының бірі екендігі баршамызға аян. Дегенмен, сүйек құрамына кальцийден басқа, көптеген басқа да құрауыштар кіреді. Олардың қатарына тапшылығы едәуір жиі кездесетін аса маңызды элемент магний кіреді. D дәрумені кальцийдің сүйекке жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қажетті. Осы екі өмірлік маңызды элемент кальцийдің тағамнан сіңірілуі және оның сүйек тініне түсуіне жауап береді: оларсыз скелет-бұлшықет жүйесі тиісінше жұмысын жүргізе алмайды. Кальцийдің сіңірілуін жақсарту және сүйектер мен буындардың саулығын қамтамасыз ету үшін кальцийді мақсатты түрде магниймен және D дәруменімен үйлестіріп қабылдаған жөн. Осылайша, рационға В дәруменінен және магнийден тұратын өнімдерді, осы маңызды қоректік заттардың тапшылығын жою үшін қосқан жөн. Сонымен қатар, остеопороздың алдын алу және оның ауырлығын кеміту үшін көрсетілген D дәруменінің жоғары мөлшері бар дәрілік препараттар қолайлы әсер береді.

Остеопороз деген не?

Остеопороз немесе сүйек тінінің жоғалуы — сүйек тіні тығыздығының кемуімен және сүйектің сынуы қаупінің артуымен сипатталатын ауру. Клиникалық көріністер сүйек тінінің синтезі мен кері сору арақатынасының кері соруының артуы жағына қарай өзгерген кезде байқалады. Бұл ретте, мысалы, жаңа сүйек тінінің өсуі процесі бәсеңдейді, соның салдарынан оның бұзылуы басым бола бастайды. Қос механизм сүйек тінінің тұрақты қайта модельденуі процесіне қосылған, соның аясында ескі сүйек тінінің жаңасына үздіксіз ауысуы жүреді. Осының арқасында әр жеті-он жыл сайын адам қаңқасы толықтай жаңарады. Эстроген және андроген гормондары сүйек тінінің минералды тығыздығының кемуін болдырмайды. Әйелдерде етеккір үзілісі уақытында эстроген деңгейі кемиді, сол себепті әйелдер егде тартқанда осы жастағы ерлерге қарағанда остеопороздың дамуына бейім. Шамамен 95% жағдайда бастапқы остеопороз анықталады. Екінші жағынан, қайталама остеопороздың дамуы қаупіне басқа аурулары салдарынан қант диабетімен ауыратын пациенттер, сондай-ақ кортизоны бар дәрілік препараттарды қабылдайтын немесе гипертиреозбен ауыратын пациенттер бейім келеді. Әсіресе, остеопороз омыртқа тұрпатын және сан сүйегінің мойнын жиі зақымдайды, бірінші себебі — олар тым сынғыш, екіншіден, олардың өздеріне елеулі жүктемені қабылдауына тура келеді. Сондай-ақ, қаңқаның қалған сүйектерінің сынуға бейімділігі артады.

Магний мен D дәруменінің тапшылығы — остеопороздың ұлғаюының ықтимал факторы

Сүйек тінінің синтезі үшін маңызы зор қос биофактор — D дәрумені мен магний болмаған кезде остеопороздың ағымы ұлғайып кетуі мүмкін. Жақында жарияланған деректерге сәйкес магний, сонымен қатар, сүйек тінін қалыптастыруда тұрақтандырғыш қызметін атқарады. Магнийдің сүйек тінінің синтезі процесіндегі тұрақтандыру әрекетінсіз оның тығыздығы да кемиді. «Остеопороз» термині сүйектерде кальцийдің жеткіліксіз мөлшері дегенді білдіреді, бірақ бұл басқа органдар мен тіндерде де кальций жоқ дегенді білдірмейді. Кальций қаңқадан шығарылады және қан ағымына түседі. Дәл осы сатыда азық-түлік рационына құрамында магний мен D дәрумені пайдалы микроэлементі көп азық-түліктерді қосу кальцийдің қажетті жерде тұрақтап қалуына ықпал етуі мүмкін. Сүйек тінінің нығаюына және оның синтезінің артуына, сондай-ақ, тұрақты дене жүктемесі ықпал етеді. Бұдан басқа, қимыл белсенділігі, сондай-ақ, бұлшықеттің нығаюын қамтамасыз етеді: босаң және әлсіз бұлшықет салдарынан қаңқаға қосымша жүктеме түседі де, бұл сүйектің салмағына теріс әсер етеді. Тіпті тұрақты жаяу жүру, бимен айналысу және жаттығудың шағын кешені сүйек тіні тығыздығының сақталуына ықпал етеді: ұнаған ісіңізді таңдасаңыз болғаны!

Неліктен D дәрумені біздің сүйек құрылымымыз үшін маңызды?

D дәрумені біздің ағзамыздағы көптеген маңызды міндеттерге жауап береді. Ол, мысалы, біздің иммундық жүйеміздің дұрыс жұмыс істеуі үшін теңдесіз биофактор! D дәруменінің енді бір басты міндеті — біздің денеміздегі кальцийді реттеуінде. Ол рационнан кальцийдің сіңірілуін реттейді. Сол себепті D дәруменін рахитке қарсы алдын алу шарасы ретінде тағайындайды. Осы «сүйектің жұмсаруы» деп аталатын ауру кезінде сүйек қажетті кальцийге мұқтаж, себебі салдарынан олардың минералдануы бұзылады, оның ақыр аяғы аяқ-қолдың қысқаруына және қисаюына әкеледі. Алайда, D дәруменінің тапшылығы остеопороз деп аталатын ауруды да күшейтуі мүмкін.

D дәрумені дегеніміз не және ол қалайша жинақталады?

D дәрумені адамдар өздері жинақтауы мүмкін азғана дәрумендердің бірі болып табылады. Осылайша, оның «дәрумен» деген атауы толықтай қолданымды деуге болмас, себебі, шындығында ол прогормон. D дәрумені күн сәулесінің теріге түсуі кезінде белсендіріледі. D3 дәрумені дегидрохолестеролден жинақталады. Қаннан ол бауырға түседі, сол жерде сақталу нысанына айналады.

Күн сайын 20-30 минут бойы күннің көзінде жүретін дені сау орталық еуропалық ересек ағзасының D дәруменіне мұқтаждығын толықтай қанағаттандыра алады. Шамамен 30 минуттан соң, D дәруменінің 250 микрограммы жазғы бір күнге жинақталады. Дене, осыдан соң, асқын мөлшерлемені болдырмас үшін жинақтауды тоқтатады. Қажет емес D дәрумені майлы тінде сақталады, оны күн сәулесі D дәруменін жинақтауы үшін жеткіліксіз ультракүлгін сәулеленуді бөлетін қыс айларында қабылдап, белсендіруге болады. Сол себепті, жазғы уақытта D дәруменінің жеткілікті мөлшерін алған жөн!

D дәрумені күннің көзі арқылы жинақтамаланады ма?

Ағзамыз D дәруменін өзі жинақтауы үшін терінің дәруменнің жинақталуын бастауы үшін күннің көзіне әсеріне ұшырауы жеткілікті. Өте көп киім мен күннің көзінен қорғау факторы жоғары күннен қорғайтын крем D дәруменінің жинақталуына кедергі келтіруі мүмкін, себебі, УК-сәулеленуді болдырмайды. Мұндай жағдайда, біз күннен қорғайтын кремді аз қолдануымыз қажет пе? Тері обырының қаупі туралы жақсы негізделген ескертулер заманында бұл расымен де дилемма.

Дегенмен, қысқы айларда D3 дәруменінің жеткіліксіздігі оңай туындауы мүмкін. Орталық Еуропада күн сәулелерінің құлау бұрышы жазық, сол себепті қажетті УК — сәулелену бізге жепей қалуы да мүмкін. 42-параллельден солтүстікке қарай (яғни, Барселонаның немесе Бостонның шамамен орналасуы), бұл қарашадан бастап ақпанды қоса алғандағы кезең; 52-параллельден солтүстікке қарай (яғни, Берлиннен немесе Эдмонтоннан солтүстікке қарай), бұл, тіпті, қазаннан бастап наурызды қоса алғанда. Терісі аса күңгірт адамдарға D3 дәруменін жинақтауы күрделірек, терінің түсі күңгірт болған сайын D дәруменінің жинақталуы баяу жүреді. Өз кезегінде, күңгірт тері күн сәулесінің зиянды әсерінен жақсы қорғалған, бұл күюден қорықпай, ұзағырақ күнге күюге мүмкіндік береді. Бірақ, Сіз бірнеше сағатыңызды ашық ауада өткізуге ниеттенсеңіз, онда күннен қорғайтын кремді жағуға ұмытпаңыз. Теріңіздің типіне сай күннің көзінің өте ұзақ әсеріне ұшырамаңыз.

D дәрумені өнімдерде

Бақытымызға орай, D3 дәруменін шектеулі мөлшерде болса да, өнімдерден алуға болады. D3 дәрумені балықта, жұмыртқа мен сүт өнімдерінде бар. Егде жастағы адамдар остеопороздың аса жоғары қаупі кездесуі мүмкіндігінен, D дәруменінің көп мөлшерін қажет етеді. Олар аз қимылдайды, тиісінше, ашық ауада аз жүреді. Бұған қоса, терідегі синтез жас ұлғайған сайын баяулайды. D дәруменінің тапшылығын болдырмас үшін D дәруменін қосымша қабылдаған жөн.

Магнийдің сүйектің саулығы үшін маңызы

Магний, ең алдымен, бұлшықеттің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлімен белгілі. Магний бұлшықетке дене жүктемесінен соң оларды босаңсыту үшін қажетті. Сол себепті, магний тапшылығы балтыр бұлшықетін қысқартатын түнгі бұлшықет құрысуы және аритмия түрінде тез байқалады. Себебі, жүрек — «бар болғаны» бұлшықет қана. Әйелдер үшін магний ерекше маңызды, себебі, ол түйілуге қарсы әсерге ие. Ағза магнийді қамдап алуы мүмкін, бірақ D дәрумені жиналатын майлы тіндерде емес, сүйек және тіс тіндерде. Ағзаға түсетін 25 г магнийдің шамамен 60% соңынан сүйек және тіс тіндерінде байланысады. Барлық магнийдің тек шамамен 1% ғана ақуызбен қоса қан ағымына түседі. Магнийдің қалған үлесі бұлшықетке және жұмсақ тіндерге таратылады, бұл жерде өз міндеттерін орындауы үшін, мысалы, АТФ-пен (аденозинтрифосфатпен — біздің жасушаларымыздың «отынымен») байланысады. Магний сүйекте пассивті сақталмайды, сүйек тінінің тұрақтандырылуына, сондай-ақ сүйектің өсуі мен минералдануы процестеріне қатысады. Магний жеткіліксіз мөлшерде болған кезде ол осы маңызды факторларды орындамайды, нәтижесінде, остеопороз сияқты аурулардың ағымы нашарлай түседі. Сол себепті, қарастырылып жатқан қос минералды заттектер сүйек тінінің жасушаларына қажетті. Сонымен, кальций мен магнийдің күн сайын ағзаға тағамдармен және сусынмен, мысалы, минералды сумен жеткілікті мөлшерде түсіп отыратындығын пайыммен болжауға болады. Тапшылығы анықталған кезде тиісті препараттарды қолданған жөн. Соңында, магнийдің тағы бір аса маңызды қызметін ескере кеткен жөн — ол D дәруменін белсендіреді. D дәрумені немесе, нақтырақ айтатын болсақ, кальцитирол өз кезегінде кальций мен магнийдің аш ішекте сіңірілуін реттейді. Осылайша, қос биофактордың олардың тағамнан сіңірілуіне тікелей және қауіпті әсер ететіндігін басып айтуға болады.

Сүйектер магнийді қаншалықты қажет етеді?

Батыс Еуропаның орташа статистикалық тұрғының тамақтану рационына құрамында магнийі аз өнімдер енетіндіктен, осы заттектің шамалы тапшылығы өте жиі кездеседі. Біздің күнделікті өміріміздің көптеген басқа да факторлары біздің ағзамызды магнийді, әдеттегіден көп мөлшерде пайдалануға немесе шығаруға мәжбүрлейді.

Мысалы, дене жүктемесі уақытында магний бұлшықеттің күшейтілген жұмысы кезінде тұтынылады, бірақ о, бұл ретте, термен бірге шығарылады. Созылмалы аурулары бар пацинттерде, мысалы, қант диабетімен ауыратын пациенттерде магний көп мөлшерде шығарылады. Неміс тағамтану қоғамының ұсынымдарына сай дені сау адам жынысы мен жасына байланысты 300-ден 400 дейін магнийді алып отыруы тиіс. Тәуекел тобына жататындарға немесе дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты магнийді аса жоғары тұтынуға зәру адамдарға магний тапшылығының алдын алу мақсатында магнийдің мөлшерлемесін арттырмас бұрын дәрігермен кеңескен жөн.

Құрамында магнийі бар азық-түлік өнімдері

Магний көзі — дәнді дақылдар, жаңғақ пен өсімдік өсінділері, мысалы, оңтүстік амералық киноа мен амарант өсімдіктері, сондай-ақ асқабақ пен күнбағыс тұқымдары, күнжіт және бадам. Теңіз балдырлары, және де, әрине, минералды судың кейбір сұрыптарында магний кездеседі. Сонымен, минералды суды сатып алмас бұрын, құрамындағы кальцийге қарап қана қоймай, бір литр суға шаққанда магнийдің болуын болуына да назар аударыңыз. Шоколадты ұнататындарға керемет жаңалық! 100 г какао-ұнтақ құрамында 420 мг магний бар. Тиісінше, сүйектерді нығайту үшін қошқыл шоколадтың шамалы мөлшерін жиірек жеу қажет, себебі, құрамындағы какаоға байланысты шоколад құрамында шамамен 292 мг магний бар. Вегетариандықтарға тофуды ұнатса, етті ұнататындарға қарағанда ағзаны магниймен қамтамасыз ету оңай. Соя өнімдерінің құрамында 100 г-ға шамамен 260 мг магний болады.

Остеопороздың алдын алу кальцийді тұтынумен шектелмейді

Остеопроз туралы айтатын болсақ, сүйекке әсерін және кальцийді қабылдау қажеттілігін ғана шектемеген жөн: біздің ағзадағы күрделі процестердің дұрыс ағымы үшін бұл жеткіліксіз. Остеопороздың тиімді алдын алу және кальцийдің ағзаның ең қажетті жерлеріне жетуі магний мен D дәрумені деңгейінің дұрыс арақатынасы жағдайында ғана ықтимал. Өз дәрігеріңізбен алдын алу шараларын талқылауды ұмытпаңыз, себебі, осы мәселенің өзінде әр нақты адамның жеке ерекшеліктерін басшылыққа алған жөн.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*