Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Гигиена денсаулық негізі

Гигиена денсаулық негізі

Гигиена – аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді. Қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адам өмірі мен еңбегіне ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындарды сауықтыруға, ауру мен өлім деңгейін төмендетуге, өмірді ұзартуға, жұмысқа деген қабілеттін және т.б. жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шараларды ұсынады. Сөйтіп, гигиенаның басты мақсаты – қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (бірінші) профилактиканы өткізу, яғни адамға деген қолайсыз әсерлерді алдын алу. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, коммунальдық, балалар жас өспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы т.б. гигиенаның бөлімдерінің мақсаты болып табылады.

Дәрігер-гигиенистер қоршаған ортаның тұрғындар өмірі мен еңбек жағдайының келеңсіз тұстарының алдын – алатын ескертпе сипатындағы күнделікті санитариялық — гигиеналық бақылау жүргізеді. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсатымен эпидемияға қарсы бағытталған шараларды кеңінен қолданады. Іс жүзінде жүзеге асыратын қалыптамалар мен сілтемелер санитариялық шаралар ретінде қолданысын тауып жатады. Мысалы, микроклиматты анықтау, кәсіпорындар орналасқан жердегі, судағы залалды заттардың және ауадағы шаң-тозаңның шектеулі, қалыптағы шоғырлануының гигиеналық қалыптамалары таңдалынып, алынған су көзін тазарту және залалсыздандыру жүйесінде санитарлық шараларды өткізуді талап ееді.

Қай саладағы дәрігер қызметінде болмасын профилактикалық бағдар мен гигиеналық озық ой қажет. Адам денсаулығы бір-бірімен байланысты табиғи және әлеуметтік – экономикалық факторлардың әсерлері қалыптасады. Бұған жататындар: ауа, су, жер, климат факторлары, еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, тұрмыс жағдайы және т.б. Адам денсаулығын айқындайтын өзекті фактор – ол оның өмір сүру салтының сипаты. Оңтайлы еңбек пен демалыс тәртібі, тиімді тағам, дене белсенділігін қажетті деңгейде ұстау, шынығу, жеке бас гигиенасын қадағалау зиянды дағдылардан (темекі, арақ т.б.) бас тарту, ашу- тартыс сәттерінде сабырлылық сақтау, мұның бәрі осы ұғымға енеді.

Жеке бас гигиенасы, оны қадағалау тәртібі.

Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.

Тән гигиенасы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі организмнің қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық функцияны орындайды.

Еңбек етіп, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан кезде теріні, әрқашан адам денесін, тіпті жалаңаш теріні де кір шалатыны рас. Тері үстінде пайда болған кір қабаты тері бездерін бітеуі мүмкін. Осыдан барып, олардың функциясы бұзылады. Бітелген май бездеріне бактериялардың енуі фолликулитті туындайды. Микрооргонизмдер әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иіс май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит туындауы, басқа да іріңдеген тері аурулары пайда болуы мүмкін.

Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тзалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.

Қол кірлегенде, оның терісінде бактериялар көбейеді, ішек инфекциясы, құрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады, жұқпалы аурулардың таралуында қол кірінің қаншалықты рол атқаратыны көпшілікке белгілі.

Қолдағы барлық микробтардың 90 % тырнақ астында орналасады және оларды тек шеткамен ғана тазартуға болатынын ескерту керек. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында жуса болғаны. Тері құрғақ болса, онда балалар сабынын, ланолині бар сабындарды пайдалану ұсынылады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі.

Тіс және ауыз қуысы гигиенасы.

Сау тістердің физиологиялық, гигиеналық және эстетикалық маңызы бар. Тістерді және ауыз қуысын қалыпты жағдайда ұстау мақсатында каиес пен парадонт профилактикасы өткеріледі.

Тіс пен ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:

  1. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту. Тіс ысқыштың қылтандары не синтетикалық талшықтары бір-бірінен 3-5 мм қашықтықта бөлек, кішігірім шоқтарын иендестірілген. Бұл тіс арасына, оның аралықтарына мейлінше терең енуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар щетканың өзінің де тазаруын бірқатар жеңілдетеді.
  2. Қызылиекке массаж жасау ұсынылады (қызылиек нығыздана түседі, қансырау тоқтатылады).
  3. Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет отыру керек.

Жалпы гигиена. Ауа туралы гигиеналық сипаттама.

Сыртқы ортаның табиғат факторларының адам ағзасына тигізетін әсері.

Адам ағзасы сыртқы ортаның үздіксіз әсеріне душар болады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ұдайы және тікелей әсерін тигізетін сыртқы орта факторларына күн сәулесінің радиациясы , топырақ және су жатады.

Ауа. Ауа адамның одан тыс өмір сүруі мүмкін емес табиғи орта болып табылады.

Ауаның табиғи алмасуы оттегінің тиісті мөлшерде болуын толығынан қамтамасыз етеді және балалардың әдеттегі өмір сүру жағдайларында оладың тіршілігі мен денсаулығы үшін ауадағы оттегі мөлшерінің жетімсіз болуы қаупі тумайды.

Балалар ағзасына тіршілік қызметіне ауаның физикалық қасиеттері үлкен әсерін тигізеді; ол қасиеттерге ауаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, ауаның қозғаласы, атмосфераның қысымы, күн радиациясы және атмосфераның электрлік күйі жатады.

Ауаның температурасы — адамның жылу алмасуына әсерін тигізеді, ал адамның қалыпты өмір сүруі дененің температурасын 36 С пен 37 С аралығында тұрақты мөлшерде ұстап тұрған жағдайда ғана мүмкін.

Ағзаның органдары мен ұлпаларында ұдайы зат алмасудың нәтижесінде жылу бөлініп шығады, ол жылудың артығын организм қоршап тұрған ортаға береді. Бұл жағдайда жылу шығару және оны беру бір – біріне сәйкес келуі тиіс . Жылудың берілуі жеткіліксіз болған кезде , жылу ағзада жинақталып , мұның өзі дененің қызуына алып келеді, ал жылу шамадан артық шығын болған кезде , организм суып кетеді. Төмен температура

жағдайында ұзақ уақыт болу дененің температурасының төмендеуіне , суынуына тіпті тоңуына әкеп соғуы мүмкін. Жалпы дененің және оның мүшелерінің суынуы, ағзаның қорғану қасиеттерін әлсіретеді де суық тиіп ауруға жол қояды.

Айналадағы ауаның температурасы жоғарылаған кезде, дененің жылу беруі қиындағандықтан, оның температурасы көтеріледі, тамырдың соғуы жиелейді, шаршай бастайды, адамның денесі мен ақыл – ойының жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Мұндай жағдайда температура 40С дейін көтеріледі, адамның беті қызарып, басы ауырады, шаршап, тыныс алуы қиындап, талып қалу жағдайлары болады. Ыстық өту ауа-райы ыстық және қапырық болғанда, сыртқы атмосферада да және ыстық бөлмеде де болуы мүмкін.

Температураның адам ағзасына тигізетін гигиеналық әсері ылғалдылықтың әсерімен тығыз байланысты да, ауаның жылу өткізгіштігі мен терінің сыртқы бетінің булану қарқыны осы ылғалдылыққа тәуелді, сондықтан да жылу алмасуында оның атқаратын ролі аз емес . Ауаның температурасы төмен жағдайда ылғалдылықтың жоғары болуы жылудың берілуін күшейтеді, ал мұның ағзаның бірден суынуына әкеп соғуы мүмкін. Ауаның температурасы бірден жоғары болып, жылу шығару негізінен терлеу жолымен жүзеге асатын кезде, жоғары ылғалдылық терінің сыртқы бетіндегі тердің булануын қиындатады, ағзаның шамадан артық ысуына көмектеседі, көңіл- күйді нашарлатып, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді.

Ауаның қозғалысы терінің сыртқы бетіндегі тердің булануын да күшейтеді. Сондықтан жел жылудың берілуін жеңілдетіп отырады. Ауаның температурасы төмен жағдайда жел дененің шамадын тыс суып кету қаупін күшейтеді, ал мұны суық және желді күндері киетін киімді таңдағанда ескеру қажет.

Ағзаның тіршілік қажетіне атмосфералық қысым үлкен әсерін тигізеді. Атмосфералық қысымның тәуліктік және жылдық ауытқуына мардымсыздығы соншалық , оның өздігінен адам үшін маңызы жоқ тек айрықша сезімтал немесе ауру адамдарды ғана ауа райы бұзылардың алдында неврология пайда болады, ревматизм ауруы және тағы басқа аурулар күшейеді.

Ауаның механикалық қопалары. Балалардың ағзасы үшін ауаның механикалық қоспалыры – шаң – тозаң мен түтін өте зиянды. Атмосферадағы ауаның ыластануының негізгі көзі – ауаға орасан көп жмөлшерде үздіксіз түтін , газ шаң тозаң шығарып отыратын фабрикалар мен заводтар және машина түтіні шаң – тозаң тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді және тыныс алу органдарында жинақтала ( кремний тозаңдары ) отырып, балалардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Тағы басқалары мәселен қорғазын тозаңы улануға әкеп соғуы мүмкін.

Шаң – тозаңның зиянды әсері микробтардың өте көптігінен де болады, әрі ауада шаң – тозаңның болуы аурулардың жұғу мүмкіндігін арттырады.

Судың гигиенасы.

Су адам өмірінде ерекше орын алады; ол адамның физиологиялық , санитарлық гигиеналық және шаруашылық қажеттерін өтейді .Адамның терісі өкпесі, және бүйрегі арқылы күн сайын шығаратын суының мөлшері 3 литр шамасындай болады, сондықтан бұл шығынды ұдайы қалпына келтіріп отырған жағдайда ғана организмнің қалыпты тіршілік әрекеті мүмкін болады.

Санитарлық гигиеналық тұрғыдан алғанда су денені киімді, тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды таза ұстау үшін қажет. Су дене тәрбиесі үшін ( денені шынықтыру , жүзу үшін ) кеңінен пайдаланылады.

Алайда физикалық күйі мен химиялық құрамы қолайсыз болған жағдайларда, ол теріс әсерін де тигізе алады. Су арқылы түрліше аурулар – оба, сүзек, дизентерия тарауы мүмкін . Ауру тудыратын микробтар ылас судан өздері үшін қолайлы жағдайлар табады. Сумен бірге адам организміне ене отырып, бұл қоздырғыштар ауруға себеп болады.

Ішетін су бірқатар гигиеналыһқ талаптарға сай болуы тиіс: оның иісі болмауы, таза, мөлдір болуы, белгілі химиялық құрамы болуы, ішетін улы заттар, құрттардың жұмыртқалары және патогендік ( ауру тудыратын ) микробтар болмауы тиіс.

Шынығу гигиенасы.

Балаларды шынықтырудың гигиеналық міндеттері. Ауа, күн сәулесі мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне, сондай –ақ түрлі суық тию және жұқпалы ауруларға организмнің қарсылық көрсету қабілетін арттырудың ең жақсы және молынан пайдалануға болатын құралдары .

Мектеп жасындағы балаларды шынықтыруда мынадай нақты міндеттер қойылады:

  • бала организмінің ауруларға қарсы күресу төзімділігін арттыру;
  • балалар мен жасөспірімдерді таза ауаны қажетсінуге

тәрбиелеу, оларды температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының күрт өзгерістерінен қорықпауға үйрету;

  • балаларды қиындықтарды жеңе білуге, төзімді де батыл болуға тәрбиелеу .

Шынықтыру механизміне орталық нерв системасы үлкен роль атқарады: ол организмде болып жататын барлық процестерді басқарады.

Күн немесе су процедураларынан алынатын сыртқы тітіркеністер күрделі рефлекстер жолымен орталық нерв системасына , ал ол арқылы организмнің алуан түрлі функцияларына әсер еттеді.

Шынықтырудың негізгі принциптері. Мектеп оқушыларын шынықтыру төменгі принциптерді сақтау қажет. Олар бірте – біртелілік, жүйелілік және балалардың жеке басының ерекшеліктерін есепке алу.

Біртіндеп шынықтыру принципін сақтау балалар үшін ерекше маңызды, өйткені балалар организмінің қарсылық білдіру қабілеті жоғары емес, сондықтан алдын – ала біртіндеп жүргізілген дайындықсыз күшті тітіркендіргіштерді қолдану теріс нәтижелер беруі мүмкін.

Егер балаларды шынықтыру қатаң түрде белгілі бір мөлшерде жүргізілсе мәселен көктемгі уақытта киімді біртіндеп жеңілдету, су жағдайында температураны біртіндеп төмендету және тағы басқа жағдайларды қолданғанда балаларды шынықтыруда нәтижесін береді.

Жүйелі түрде шыныққанда организмнің жауап қайыру реакциясы жылдамдап , жетіле береді.

Шынықтыру кезінде жеке ерекшеліктерді ескеру қажет. Жастары бірдей балалардың да денесінің дамуы жағынан бір-бірінен айырмашылықтары болады. Бір ғана тітіркенудің өзі көбіне әркелкі қабылданады. Бір бала суыққа неғұрлым сезімтал келсе, екінші біреуі оған тезірек көндігеді. Суық және басқа тітіркендіргіштерге деген әсерлерді ескеру қажет.

Шынығу үшін ауаның маңызы. Балалардың тыныс алуының едәуір жеңіл типін ескергенде, балалар мен жасөспірімдердің үнемі таза ауада болуынның маңызы зор. Жазда балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру алаңдарындағы, бүкіл өмірі мүмкіндігінше бөлмеден тыс жерде өтуге тиіс. Оқушылырдың ұзақ уақыт бойы таза ауада болуы көктем мен қыс кезінде де тоқталмауы тиіс.

Шынықтыру үшін судың маңызы. Организмді сауықтыру үшін су ежелден бері қолданылып келеді. Ауамен салыстырғанда судың жылу өткізгіштігі жоғары, сондықтан су бірдей температурада денеден көп жылу тартып алады. Шынықтырудан жақсы әсер алу үшін, тітіркенуді біртіндеп күшейту қажет яғни судың температурасын біртіндеп төмендету қажет.

Күн радиациясының шынықтырушы әсерінен терінің қыртыс қабаты айтарлықтай қалыңдайды, бұл оның тосқауылдық қабілетін күшейтетін организмнің суық тиюден болатын аурулар мен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады. Күн сәулесі ваннасын қабылдай отырып , бала бір мезгілде күн радиациясының тікелей, шашырай және шағылыса түскен әсеріне тап болады. Баланың өсіп келе жатқан организм үшін табиғи ультракүлгін радиациясының ерекше маңызы бар.

Тамақтану гигиенасы.

Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы мүмкін қызметі өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлау түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі . Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқару тиіс:

  1. ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы үшін қажетті құрылыс материалдары мен ағзаны қамтамазыз етуі керек. Бұлар негізінен ақуыз, май, минералдық заттар.
  2. тамақтану ағзаның энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей қоректік заттар жеткізіп тұруы керек олар көмірсулар, майлар және ішінара ақуыздар.

Мектеп оқушысының тамақтануы мынандай негізгі гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • Тамақтың құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липойд, көмірсу, минералдық зат, витамин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болуға міндетті.
  • Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа . нан көкеніс, жеміс – жидек тағы басқа азық – түліктер енуі қажет.
  • Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары болмауы керек .
  • Тамақ көлемі жағынан да каллориясы жағынан да жеткілікті болуға яғни адамның тою сезімін тудыратындай болуға тиіс.
  • Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу керек .

Ақуыз. Адамның белокқа деген мұқтаждығы сонша, белок болмаса немесе ол жеткіліксіз болса, өсудің баяулығы, орталық нерв жүйесінің шартты рефлекстік қызметінің әлсіреуі және т. б. сияқты ағзаның тіршілік қызметінде елеулі кемшілік тудыруы мүмкін. Ас қорыту шырындарының әсері мен ішек – қарын жолында белоктар едәуір қарапайым бөлшектерге – амин қышқылдарынан жаңа, қажетті және сол ағзаға тән белоктар пайда болады. Белоктың құрылымы мен маңызы оған енетін амин қышқылдарына байланысты. Белоктар ет, балық, сүт, жұмыртқаның ағы, сүзбе, бұршақтық өсімдіктердің дәнінде т.б. болады.

Майлар мен липоидтар – организмнің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті органикалық қосындылар тобы.

Майлар – мектеп оқушысы тамағының қажетті құрамдас бөлігі. Майлардың құндылығы сонда: оардың құрамында А, Д, Е витвминдері болады, шағындап пайдаланғанның өзінде майлар ағзаға көп мөлшерде энергия береді.

Липоидтар— мектеп оқушысы арганизмнің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуіне қажетті, жануарлар мен өсімдіктерден алынған май тәрізді органикалық зат.

Витаминдер (латынша Vita-өмір)- түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар. Витаминдер ағзаның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін өте үлкен маңызға ие, организмнің ауруларға төзімділігін арттырады.

Организмнің витаминдері қажет етуі адамның өсу, даму кезеңінде, ауыр дене және ой жұмысы кезінде, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда арта түседі.

Ұзақ уақыт бойы тамақта қандай да бір витаминдердің болмауынан мектеп оқушысында дімкәстық пайда болады, ол авитаминоз деп аталады. Жиі кездесетіндей, ішетін тамақтың құрамындағы витаминдердің мөлшері жеткіліксіз болғанда гиповитоминоз басталады.

А витамині (ретинол) жануарлардан алынған тазық-түлік құрамында болады.Өсімдіктерден алынған азық-түліктерде ол гидролизденгенде ретинолға айналатын каротин провитамині түрінде кездеседі. Көкөністер мен жемістерді тамақ істеуге дайындаған кезде каротин жақы сақталады.

Д витамині – ультра күлгін сәуле түсірген жағдайда стериндерден пайда болады. Организмде Д витамині күн радиациясы көбейген жаз айларында артады.

Д витамині балықтар мен сүтқоректілердің бауырында, жұмыртқаның сарысында, жазғы сүт пен сары майда мол болады. Қыс мезгілінде жануарлардан алынған азық-түлік құрамындағы Д витамині күрт азайып кетелді.

К тобы витаминдері-қан кетудің кейбір түрлерінің алдын алу қабілетіне ие. К тобы витаминдерінің организмге келуі жеткіліксіз болғанда ерекше заттың қан кету мен қан құйылуда қанның қалыпты ұюы үшін қажетті протомбиннің пайда болуына нұқсан келеді.

В тобы витаминдері- В1 витамині (тимин) көмірсудың алмасуына әкеледі.В2 (рибофлавин )-клеткалардың тыныс алуын қамтамасыз ететін және көмірсулардың алмасуына қатысатын ферменттердің құрамдас бөлігі.

РР витамині (никотамид)организмнің тотықандыру-қалпына келтіру процестеріне қатысады.

С витамині (аскорбин қышқылыы) глюкозадан синтетикалық жолмен алынады. Аскорбин қышқылы ішекке оңай және тез сіңіп, қанға барады.

Минералдық заттардың белок, май, көмірсудан айырмашылығы – органикалық емес қоректік заттар қатарына жататындығы.

Су әрбір тірі клетка мен ұлпаның құрамына енеді. Барлық физикалық– химиялық және физиологиялық процестер:тамақтық заттарды сорып алу мен сіңіру, организмде қоректік осмотикалық қысымды қалпында ұстап тұру, ассимиляция мен диссимиляция тек сумен ғана жүзеге асады. Су зиянды және керексіз заттарды бөліп шығару, жылу түзу және жылу беру процестерін реттеу тәрізді басқа да маңызды процестер үшін қажет.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*