Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ

ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ

Бүгінде қазақ ұлтының денсаулығын барынша тұншықтырып отырған бір дерт бар. Ол – никотинге тәуелділік. Қазіргі уақытта темекі шегу мәселесі өте өзекті тақырып болды. Бұл осы күнгі ғана емес, келешек ұрпағымыз үшін де қауіпті қатер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне жүгінсек, жер шарындағы халықтың 18 пайызы яғни, бір миллиард адам темекіге тәуелді. Ал, жылына бес жарым миллионға жуық адам темекі зардабынан туындаған аурулардан өмірін қияды екен.

Әрбір адам ағзаға тіпті бір темекі шегетін зиянды біледі, бірақ адамдардың көпшілігі темекі шегуді жалғастырады.

Темекіге қарсы заң бұл жағдайды түзетуге көмектеседі, шылым шегуге қарсы күрестің ең маңызды бөлігі-бұл алдын алу.

Никотинге тәуелділік-тек психологиялық сипаттағы проблема. Адамдардың көпшілігі,  сигаретті осылайша шеге отырып, стресс пен ширығуды түсіреді. Күн сайын темекі шегетіндер темекі санын арттыра отырып, болашақта оларды зиянды әдетпен байлау қиын бола түседі.

Шылым шегушілердің көпшілігі өзінің алғашқы темекісін 18 жасқа дейін сынап көрді. Бұл жасөспірімнің толыққанды никотин тәуелділігіне ие болу қаупі бар. Ол темекіні неғұрлым ерте шеге бастаса, соғұрлым бұл ықтималдық көп болады.

Жасөспірімде мұның болуы мүмкін зардаптардың барлық ауырлығын түсіну маңызды.

Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы-ұлттың болашағы.

Жасөспірімдер арасындағы алдын алу шаралары өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға, көптеген жүрек ауруларын, жүрек және қан тамырлары ауруларын болдырмауға көмектеседі.

Тәуелділікпен қалай күресуге болатынын түсіну үшін, сондай-ақ оның алдын алуда қандай да бір шаралар қабылдау, оны дамыту үшін не түрткі болатынын білу керек. Шындықтан қашуға әрекет.

Жасөспірімдер жиі ішкі ыңғайсыздық тудыратын жағдайларға тап болады. Қалайда  түзетуге күші жоқ, қиын жағдай, стресс, шаршау пайда болады. Мұндай жағдайды өзгерту әрекеттері алкогольді, есірткіні қабылдауға немесе темекі шегуге әкеледі.

Ересек болып көріну және басқалардың алдында дербес болу ниеті.

Нәзік жасөспірім жасында темекі шегу, алкоголь және есірткі қолдануы үлкен жолдастарына қызығушылық пен еліктеу болып табылады.

Әдетте, бірінші рюмка немесе темекі ашудан басқа ештеңе әкелмейді. Алайда, ересек болып көріну және қорқынышты көрсетпеу ниеті мұны жасыруға мәжбүр етеді.

Жасөспірім темекі немесе қолында бөтелкесі бар адам ересек жетілген тұлға ретінде қабылданады.

Жасөспірімнің есірткі, алкоголь мен темекіге толы қисық жолға түсуіне жол бермеу үшін, онымен күреске бағытталған алдын алу шараларын жүргізу маңызды.:

  • отбасында жаман мысал болмауы маңызды;
  • темекі жарнамалауға тыйым мемлекет деңгейінде болуы тиіс,
  • барлық оқу орындары, мектептен басталып, университеттермен аяқталады, спортты және дұрыс өмір салтын насихаттайды;
  • кәмелетке толмаған адамдарға темекі және алкоголь сатуға тыйым салуды бақылау;
  • көпшілік орындарда темекі шегу мен ішімдік ішуге тыйым салу.

Темекі шегудің алдын алу біздің елімізде бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.

1 сағат темекі тартылған үйжай 4 сигаретке тең.

Бала өсіруде темекі түтінінің әсеріне ұшыраған адамдар, 60% қатерлі ісікпен жиі ауырады.

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын .Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту қажет. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Салауаттылық — ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.

Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Шылым шегу — зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. «Сен білесің бе?» . 1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі. 2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. 3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады. 4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады. 5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар. 6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де — есірткінін бір түрі. 7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион. 8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде

Темекінің зиянын білесің бе? Темекі шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, сілемейлі қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе, дене тырысып өліп кетуі мүмкін. Никотин ағзаға бірден емес, шамалап енеді, сондықтан да, шылым шегуші қатты уланбайды. Ол біртіндеп болады. Ас қорыту жүйесінің, жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер болуы мүмкін. Неғұрлым шылымның сапасы төмен болған сайын, соғұрлым оның құрамында никотин көп болады.Темекінің түтінінде өте улы зат — никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне 20 — сын тартқан адам 90мл г никотин жұтады. Темекі — заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30 — астам улы

заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1 — 2 қорабында никотиннің өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірден емес, бөлшектеніп түсетіні. Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд адам темекі шегетін көрінеді. Қазақстанда 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.

Темекі шегудің теріс салдарға әкеп соғатын себептері:

1. Тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды;

2. Құрғақ жөтелдің болуы;

3. Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;

4. Ауыз қуысының инфекциясы;

5. Иіс сезу қабілетінің нашарлауы;

6. Бет, жүзді уақытынан бұрын әжім басуы;

7. Тістердің сарғаюы;

8. Қалыпты тыныс алудың бұзылуы;

9. Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі.

Темекі жарнамасы

Жарнама мамандарының пікірінше, 30-50 жылдан астам уақыт аралығында түсірген фильмдердегі темекінің жарнамалауынан күні бүгінге дейін шылым өндірісі пайдаға кенеліп жатқан көрінеді. ДДСҰ мамандары жаһандағы барлық мемлекеттерге темекінің заң жүзінде жарнамалауға қатаң тыйым салуға ұсыныс білдіруде. Халықаралық ұйым өкілдері жасаған зерттеулері балалар темекі тартуды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым никотиннен бас тарту қиынға түсетінін дәлелдеген. ДДСҰ мамандары дүние жүзі адамдарының небары 5 пайызы ғана шылымды әспеттейтін жарнамалық дүниелерден аулақ екендігін айтады. Ал қалған 95 пайыз бөлігі шылым өнімдерін үгіттейтін жарнамаларды күндіз-түні көреді екен. Егер, нақты шара қолданбай, осы сарынмен жалғаса берсе, ғасыр соңына дейін 1 миллиард пенденің ажалы темекіден болатыны анық. Пайдасын темекі өнімдерінен көріп жүрген өндіріс орындар нарық аясын кеңейтуге, демек, азаматтарымыздың жаппай темекі тартуына мүдделі. ДДСҰ мамандарының айтуынша темекі өнімінің жарнамалары толық тоқтатылса, темекі тартатындар саны 16 пайызы төмендейтінін анықтаған.

Қатерлі әдетпен күрес

Қазіргі таңда барша ғалам жұртшылығы осы әлеуметтік қауіпті әдетке қарсы күресуде. Әлемдік тәжірибеге сай бұл індетке қарсы күрес алдын алу мен экономикалық шараларды қолдану тәсілдері арқылы жүзеге асады. Алдын алу әдістерінің бірі – темекінің қорабына өнімнің зиянды екені жазылатын ескертулер. Австралияда темекі қорабтарында өндірушінің фирмалық логотипі көрсетілмеген керісінше темекі тартушылар арасында таралатын аурулардың зардабы туралы жағымсыз суреттер берілген. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Жаңа Зеландия мен Норвегия сияқты елдер де нарыққа осындай өнімді енгізуді көздеп отыр. Еуропа елдері 2025 жылға дейін Еуроодақ темекіні саудадан мүлдем алып тастауды нысанаға алып отыр. Ресейде мектеп пен колледждерде темекі тартқан мұғалімдерге қомақты айыппұл салынады екен. Батыстың көптеген елдерінде қоғамдық орындарда шылым шегуге заң жүзінде тыйым берілген. Францияда осындай заң күшіне енгеннен кейін, кафе мен мейрамханалардың табыстары 10-15 пайызға кеміп, жүрек, қан тамырлары ауруынан өмірмен қош айтысатындар саны 15 пайызға азайыпты.
Ал, Қазақстан темекі індетімен қалай күресуде? 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қорап сыртындағы «Шылым шегу сіздің денсаулығыңызға зиянды», «темекі шекпейтіндердің өмірі ұзақ болады» деген жазулардың көлемі 30 пайызға ұлғайтылды. Бұл халықаралық темекіге қарсы күрес жөніндегі конвенциясымен келісім жасағаннан соң жеткен өзгеріс. 2011 жылы 22 қараша күні ҚР Үкіметі темекі бұйымының қорабына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік әрі мутагендік заттар туралы мәліметтер мен темекі шегудің зияны туралы ескертуді орналастыру ережелерін бекітті. Қорап сыртындағы жазулар көлемі 40 пайызға артты. Бұл ескерту темекіге тәуелді азаматтарымыздың көзіне ілге қояр ме екен.

Темекі 1 литр сүттен арзан

Әлем тәжірибесі бойынша ең тиімді шара – экономикалық ықпал ету тәсілі. Яғни, темекі бұйымдарына мемлекеттік акциз мөлшерін арттыру. Еуропа елдерінде бір темекі қорабы құнының акциздік үлесі 80 пайызды құрайды. Украинада – 30, Ресейде – 23, Беларуста – 20 пайызды жуықты құрайды. Ал, Қазақстанда 13 пайызды құрап отыр. Шылымның бір қорап бағасы орта есеппен 1 литр сүттен арзан болып отыр екен. 2012 жылдың 20 маусымында «Темекі түтінісіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы темекі өнімдеріне акциз мөлшерін 2013 жылы көтерген. 2013 жылдың сәуір айынан бастап үш концерогенді, мутагенді және күшән, полоний 210, бензол және басқа улы заттар туралы мәліметтер орналастырып, темекі түтінінің улы құрамы жөнінде қазақстандықтарды көбірек хабарландыру мақсатында темекі қорабының сол қапталына мәтіндер мен суреттер жариялануда. Ал, темекі акциздерінің төмен болуы өндірушілер үшін өте тиімді. Темекі нарығында жұмыс жасап жатқан компаниялардың көбісі шетелдік. Демек, Қазақстандағы темекі компаниялары тапқан табыстарының 80-90 пайызы елден өзге елдерге ұшып кетеді деген сөз. Бұның да пайдасын шетелдік алпауыт компаниялар көруде.

Заң жүзінде рұқсат етілген қауіпті өнім

Темекі – адам өліміне себеп болса да, тұтынуға рұқсат етілуі заңдастырылған жалғыз қауіпті өнім. Темекінің құрсауында қалғандардың үштен бірі, кейде тіпті, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын жан тәсілім етеді. ДДСҰ өкілдері жер шарында 10-24 жас аралығындағы 1,8 миллиард жастардың шылым шегетінін хабарлайды. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға кемімей, арта түсуінің өзі өкінішті-ақ. Тәулігіне 10-12 шылым тартатындар жылдық уақыт өлшемімен есептегенде, темекіге 24 күнін жұмсайтын көрінеді.
Темекі Еуропа мен Азияда 15 ғасырда, тіс ауырғанда қарсы дәрі ретінде қолданылған. 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз арал (қазіргі Америка) жағалауына тоқтағанда, арал тұрғындары күнге кептірілген өзара «петум» деп атайтын бүктеулі жапырақты қонақтарға ұсынады. Колумбтың екінші саяхатынан кейін темекі дәні алғаш Испанияға, содан әлемге жайылып кеткен. Темекінің кеңінен етек жайған себебі – оның адам ағзасына тәуелділік тудыратын қасиетінде.Темекі – адам ағзасы үшін ойлап тапқан ең зиянды дүние болып табылады. Шылымның түтінінде 30-дан астам улы заттар бар. Темекінің 1-2 қорабында никотиннің адамды өлтіретін өлімдік мөлшері у болады. Никотин уын қабылдаған адамды өлімнен құтқаратыны зиянды заттардың ағзаға бірден емес, біртіндеп енуі. Темекі түтініне ерекше иіс пен дәм беретін, адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық қоспа бар. Никотин – темекіде және басқа өсімдіктердің құрамында болатын алкалоид шылым шеккен кезде ағзаға бірден сіңіп кетеді. Өз кезегінде бұл химиялық элемент жүйке жүйесіне қоздыру әсерін беретін, мүшелердің салдану қауіпін тудыратыну.

Темекіні серік еткендер

Қазақстан халықтарының 27 пайызы немесе еліміздің әрбір төртінші тұрғыны темекіге тәуелді. Әсіресе, жас балалардың темекі түтінінен зардап шегуі өкінішті. Олардың 12 пайызы 11 жаста, 5 пайызы 9 жаста шылым шегуді бастаған.Астана қаласы жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының мәліметін ескерсек, дамыған елдерде әйелдердің 40-50 пайызы шылым шегетін көрінеді. Темекіні серік еткен әйелдердің балалары әлсіз, бойы аласа, бас сүйегінің көлемі кіші, салмағы кем болып туылады. Көбіне бұл балалар 9-10 жасына дейін құрбыларын физиологиялық және интеллектуалдық дамуы, мектептегі үлгерімі төмен болуы жағынан артта қалып жатады екен. Еліміздің ер азаматтары арасында шылым шегетіндері 65,3 пайызды құрап, ТМД елдері арасында алғашқы орындардан көрінудеміз. Қазақстанда 12 жастан үлкен 9,8 пайызы әйелдер темекі шегеді, әсіресе, 20-29 және 40-49 жастардағы әйелдерге темекі шегу деңгейі ең жоғары. Яғни, ана болу қабілеті артып тұрған жас ерекшелігіндегі әйелдердің көпшілігі темекіге тәуелді.

Түйін сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі 2 миллиард жас өспірімдер темекінің түтінімен уланған. Ал Қазақстан халқының 5 миллионы шылым шегеді. 600 мыңнан астамы қыз-келіншектер болса, 140 мыңы – 13-15 жас аралығындағы жеткіншектер. Қазақстандықтардың басым бөлігі жиырмаға толмай жатып, темекінің дәмін татады екен. Өкініштісі, елімізді жылына – 25 мың, күніне 70 адам шылымның кесірінен туындаған дерттерден көз жұмады екен.

Темекі шегу денсаулыққа зиян. Оны тастау өз қолыңда!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*