Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Дұрыс тәрбие-дені сау ұрпақ өсуінің кепілі

Дұрыс тәрбие-дені сау ұрпақ өсуінің кепілі

Репродуктивті денсаулықты сақтау үлкен әлеуметтік мәнге ие, өйткені бүгінгі жастардың репродуктивті денсаулығы болашақ ұрпақтың демографиялық процестеріне тікелей әсер етеді. Ал демографиялық жағдайдың кейіннен қалай дамитындығы отбасы-неке қатынастары, сексуалдық мінез-құлық, сондай-ақ қазіргі жастардың репродуктивтік ұстанымдары туралы көзқарастарына байланысты. Сондықтан қауіп факторларын басқарудың алдын алу маңызды. Осындай тәсілдердің бірі-өзара құрмет пен гендерлік теңдікке негізделген қарым-қатынастарды құруға қатысты жауапты шешімдер қабылдау үшін, репродуктивті денсаулыққа байланысты қауіптер туралы өскелең ұрпақты хабардар ететін зиянды төмендету тұжырымдамасы болып табылады.
Бұл туралы репродуктивті медицина институтының ЭКҰ орталығының жетекші маманы, жоғары санатты дәрігер-репродуктолог Людмила Бадельбаева сұхбат берді.
Адамның репродуктивті денсаулығына кері әсер ететін себептер қандай?
Адамдардың репродуктивті денсаулығы бүкіл әлемде нашарлап келеді, Қазақстан да қалыс емес. Бұған себеп көп. Негізгі себеп-бала жастан қалыптасатын өмір салты. Ұл бала мен қыз баланың кішкентай кездегі тәрбиесі олар қандай жағдайда өмір сүретіндігі, жасөспірімдер жасындағы тәрбиесі, содан кейінгі ересек өмірде қандай бағдар алды барлығы тал бесік тәрбиеден бастау алатыны сөзсіз. Осы ретте ата-аналар бала өмірінің алғашқы сәттерінен бастап оның денсаулығына да ерекше көңіл бөлу керектігін ұмытпауы тиіс.
Біріншісі-тамақтану мәселесі. Рационалды тамақтану баланың дұрыс физикалық және психикалық дамуының негізі, әр түрлі аурулардың алдын алуда маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мысалы, тамақтанудың бұзылуы қыздарда етеккір циклінің бұзылуына, ұлдарда да жыныстық даму процесіне кері әсерін әкелуі мүмкін. Осы жерде экологияның әсері және қолданылатын өнімдердің сапасы туралы ұмытпаңыз. Балалық шақта тәтті және түрлі газдалған сусындарды артық тұтыну ересек өмірде қант диабеті және жүрек-қантамыр аурулары сияқты көптеген ауруларға әкелуі мүмкін. Ұйықтау және сергектік тәртібі, сондай-ақ дене тәрбиесі балалардың дамуында маңызды рөл атқарады.
Екіншісі-қозғалыстағы белсенді өмір салты. Балаларға көп қозғалу керек. Қазір, өкінішке орай, ата-аналар оларды мазаламау үшін, ерте жастан бастап балаларға түрлі гаджеттер ұстатып қояды. Балалар заманауи техникада сағаттап отырып, импульстің белгілі бір дозасын алады. Әлемдік практикада сәнді техникамен қозғалмайтын қалыпта көп уақыт өткізу, иммунитеттің төмендеуіне, жалпы физикалық дамудың тежелуіне әкелетіндігін дәлелденді. Оларда бейнелі ойлау дамып тек қана көру арқылы қабылдау жұмыс істейді ал есте сақтау қабілеті азайатыны дәлелденді.Бұл қарапайым фразалар емес, адам ағзасының физиологиясына қатысты шындық. Біздің ағзада барлығы өзара байланысты. Егер негізгі мінез-құлықтық реакциялар, иммунитет және зат алмасу қалыптасқан бала жасы туралы айтатын болсақ, балалар барынша көп қозғалуға, таза ауада болуға, қозғалмалы ойындар ойнауға тиіс.
Қазіргі уақытта репродуктивті денсаулық туралы тек дәрігерлер ғана емес, психологтар мен әлеуметтанушылар да жұмыс жасауда. Өйткені ол сондай-ақ рухани және әлеуметтік әл-ауқатты білдіреді. Ұлдар мен қыздар арасындағы дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру балалық шақтан бастау алады. Жасөспірім жаста тәрбиеге ерекше көңіл бөлу керек, өйткені осы жаста жыныстық жетілу кезеңі басталады. Отбасында рухани тәрбие болу қажет. Ата-аналар балаларға барынша жақын болулары өте маңызды. Қазір ата-аналар мен балаларының арасында байланыс жоғалуда. Ата-аналардың күрделі және «қиын» деген сұрақтарға жауап беруден жалтармауы, сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуі, балаларды тәрбиелеуде үлкен маңызға ие.
Дұрыс тәрбие- бұл салауатты ұрпақты тәрбиелеудің кепілі. Ал репродуктивті денсаулық өзімізге тәуелді болғандықтан, біздің ұстанатын өмір салтымыз, балаларымыз бен болашақ немерелеріміздің денсаулығына тікелей әсер ететінін есте сақтау қажет.
Жастар репродуктивті денсаулыққа қатысты қандай қауіп-қатерлерді ескермейді?
Өкінішке орай, осы күні жастар өз денсаулығына жауапсыз қарайды. Ал заманның маңызды міндеттерінің бірі- халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады. Қазіргі ұрпақ репродуктивті денсаулық үшін ұйқы және сергектік режимін бұзу, интернетке тәуелділік, аз қозғалмалы өмір салты және дұрыс тамақтанбау сияқты қауіптерді ескермейді. Ал ерте жыныстық өмір, түрлі жыныстық инфекцияларға, жоспарланбаған жүктілікке және оның үзілуіне, созылмалы аурулардың болуына, АИТВ инфекциясының берілу қаупіне және т.б. әкелуі мүмкін. Осы факторлардың барлығы денсаулықтың нашарлауына және жастардың ұрпақты болуының төмендеуіне себеп болады. Репродуктивті денсаулықты сақтау проблемасын шешу жолдарының бірі мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылған сауатты, білікті және жыныстық білім беру болып табылады, бұл болашақ отбасыларды құру перспективасына, бала тууға және елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға апарар көпір.
Жыныстық өмірге кіретін кез келген жасөспірім қажетсіз жүктіліктен сақтау жыныстық саладағы ауруларды алдын алу және дер кезінде емдеу туралы білуі тиіс. Кез келген жүктілікті жоспарлау керек. Салауатты өмір салтын барынша жүргізіп, жеке гигиена ережелерін сақтау маңызды, бұл тек қыздарға ғана емес, ерлерге де қатысты. Иммунитетті нығайту және ең бастысы дұрыс тамақтануға және денсаулыққа зиян келтіретін өнімдерді пайдаланбауға тырысу қажет. Репродуктивті денсаулықты арттыру үшін осы қарапайым ұсыныстарды ұстанған абзал. Ал ата-аналардың бала кезінен осы мәселелерде қыз балалар мен ұлдардың санасына құю тікелей міндеті.
Репродуктивті денсаулық деңгейін қандай факторлар төмендетеді?
Бүгінде 20% ерлі-зайыпты жұпта бедеулік проблемасы бар. Отбасылық жұптардың репродуктивті денсаулық деңгейін төмендететін факторлар болып аборттардың жоғары көрсеткіші және одан кейінгі асқынулар, әйелдерде гинекологиялық аурулардың едәуір көлемі, жыныстық жолмен берілетін аурулардың таралуы, контрацепцияның заманауи әдістерін кеңінен қолданбау, эндокриндік себептер, генетикалық патология, сондай-ақ репродуктивті функцияға ең тікелей әсер ететін стресстер, зиянды әдеттер, дұрыс тамақтанбау және аз қозғалатын өмір салты сияқты сыртқы факторлардың да көп саны әсер етеді.
Бедеулікті емдеудің қазіргі заманғы әдістері ерлі-зайыптыларға қаншалықты көмектесе алады?
Бүгінде жұбайларға ата- ана қуанышын сезінуге көмектесетін репродуктивті технологияда көптеген көмекші әдістемелер бар. Бедеуліктің себептері көп. Бұл гормоналды бұзылулар, қабыну процестері, иммундық факторлар, организмдегі генетикалық бұзылулар. Сондай-ақ, бедеулікке әкелуі мүмкін көптеген қосалқы аурулар. Егер бұрын әйел бедеулігі туралы көбірек айтатын болсақ, қазір ерлер бедеулігі де артты. Осы ретте дәрігерлер көмекке келеді. Бірақ барлығы пациенттің тиімді емге қол жеткізіп,одан нәтиже алуы үшін оның дер кезінде көмекке жүгінуі байланысты. Ең бастысы дұрыс тексеріс пен диагностика. Бізде жылына тек ЭКҰ бағдарламаларының өзі 3000-нан астам. ЭКҰ және басқа да қосалқы репродуктивті технологияларға жүгінетін әйелдердің саны да аз емес. Емделіп өздері жүкті болып жатқан әйелдер де бар, сонымен қатар әйелдерге арнайы инсеминация да жасаймыз. Бүгінде медицина көптеген жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге қабілетті. Тек емделушілер, олардың жас ерекшелігіне сай уақытылы ем қабылдауы соғұрлым оң нәтиже беретінін түсінулері қажет. Сол себепті баланың туылуын кейінге қалдыруға болмайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*