Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгінгі таңда салауатты өмір салтының нақты анықтамасы жоқ. Әйткенмен салауатты өмір салтына иммунитеттің жоғарылуына бағытталған өмір салтын, аурудың алдын алуды, денсаулықты нығайтуды жатқызуға болады.

Соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстану өзекті мәселеге айналды. Оған себеп халықтың жаппай қалалы жерлерге ығысуы, экология зардаптары, техниканың күрт дамуы адамның аз қозғалуына ықпал етпей қоймайды. Ал аталмыш факторлар адам ағзасына күннен-күнге кері әсер етуде. Денсаулық сақтау және мемлекеттік құрылымдар салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттауда, алайда бұл бағытта нәтижеге толыққанды қол жетпей жатыр. Себебі салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әр адамның өз қызығушылығы болуы тиіс, сондай-ақ оны материалдық әрі әлеуметтік тұрғыдан іске асыру үшін мүмкіндік қажет.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде мемлекеттік бағдарламалар

Әрбір мемлекет өз азаматтарының денсаулығын сақтауды мақсат тұтады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін халықтың медициналық қызмет көрсетуі қолжетімді болуы шарт, оған қоса аз қамтылған азаматтар мен жағдайы төмен отбасыларға арналған тегін іс-шаралар бойынша түрлі бағдарламалар қолға алынса.

Мемлекет заңнамалық және қаражаттық деңгейде ынталандыру және тыйым салу шараларын қолданады. Мұндай шараларға қылмыстық жауапкершілік болып табылатын есірткі өнімдерін қолдану және өндіруді, темекі және ішімдік өнімдерін жарнамасын таратуды, белгілі бір жерлерде оларды сатуды шектеуге, жас ерекшеліктеріне байланысты сатып алуды қамтамасыз етуге, салықты көбейтуге тыйым салуды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған білім беру бағдарламаларында арнайы курстарды жүргізуді жатқызуға болады.

Салауатты өмір  салтын қалыптастыруды жүзеге асыру денсаулық сақтаудың басты жұмысы болып табылады. Бірақ құқықтық және қаражаттық жағынан мемлекет тарапынан қолдау болмаса, мұндай бағдарлама өте баяу жүзеге аспақ.

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы

Ұлттық жобада еліміздің стратегиялық құжаттары ескеріледі:

— жалпыұлттық басымдықтар;

— Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары;

— Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы.

Ұлттық жоба ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құқықтық мирасқоры болып табылады және 2025 жылға дейін нақты, қол жеткізуге болатын міндеттерді қамтиды. Сонымен қатар, министрлік саланың ұзақ мерзімді перспективалары мен операциялық қызметін көрсететін денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде.

Жалпыұлттық жоба мыналарды қамтитын 4 бағыттан тұрады:

— бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының артуымен байланысты;

— екінші бағыт эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған;

— үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ететін болады;

— төртінші бағыт салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру принциптері

Кез келген өмір  салты белгілі бір принциптерге негізделген. Бұл әр адамның биологиялық және әлеуметтік прнициптеріне сай жүріс-тұрыс ережесіне айналуы тиіс.

Биологиялық принцип өмір салтының жас ерекшелігіне сәйкес ағзаны энергетикалық күш-қуатпен қамтамасыз ету мен бірқалыпты болуына жауап береді.

Әлеуметтік өмір  салты болса, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, күш-жігер, өзін-өзі шектеу қабілеттерімен қамтамасыз етеді.

Екі аспектінің жиынтығы ағзаның биологилық және әлеуметтік тұрғыдан дамуын, сондай-ақ оның қоршаған ортамен тығыз байланыста болуын құрайды. Ендеше, ең негізгі өмірге қажетті ережелер:

  1. Өмірдік кез келген жағдаяттарда (жұмыс, тұрмыс, отбасылық қарым-қатынас, қоғамдық және мәдени өмір) жағымды психологиялық көңіл-күй және оптимистік көзқарас қалыптастыру.
  2. Әр адамның болмысын айқындайтын еңбек қызметінің жоғары нәтижелілігін ұйымдастыру.
  3. Қимыл белсенділігі.
  4. Бірқалыпты өмір салтының тәуліктік биоырғақпен  үндесуі.
  5. Дұрыс қартаю – келеңсіз жағдайларды дұрыс ұйымдастыра пайда болған  табиғи құбылыс.
  6. Денсаулықтың жоғары көрсеткішіне ие болу мақсатында зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары

Салауатты өмір  салтын қалыптастыру жолдарын тиімді пайдалану үшін барлық мүмкін әдістерді жүзеге асырған абзал. Салауатты өмір салтын қалыптастыру тек денсаулық  сақтаудың міндеттері ғана емес, жоғарыда айтылғандай білім берудің, отбасылық тәрбие мен жеке бастық үлгінің, әлеуметтік қорғаудың  да міндеттері болмақ. Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының зерттеулері бойынша келесі статистикалық санақ анықталды: адамның денсаулығының 50-55% өмір салтына, 20-23% тұқым қуалайтын факторге, 20-25% экологиялық факторге, 8-10% медицинаға байланысты екен. Осы деректерге сүйене отырып, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін төмендегі принциптерді ұстануды талап етеді:

  1. Көп мөлшерде малдың майынан тұратын тағамнан, көп тұз бен қантты пайдаланудан,  мөлшерден тыс ішімдік ішуден бас тартып, дұрыс тамақтануды әдетке айналдыру. Мұның бәрі салмақты бірқалыпты ұстауға септігін тигізеді.
  2. Физикалық жаттығу, көп жаяу жүру, таза ауада жүгіру, жас ерекшелікке сәйкес спортпен орынды айналысу белсенді өмір сүру қағидалары болып табылады.
  3. Күйзелісті барынша болдырмауға күш салу, психологиялық бірқалыпты жағдайды ұстану, көңіл-күйді мүмкіндігінше бақылап отыру, психологиялық тұрғыдан үміт үзбей, үнемі болашаққа сеніммен қарауды негізге алу. Осы айтылғанның барлығына көбіне әлеумет ықпалы етеді, сонымен қатар сол әлеуметте үйлесімді өмір сүрудің де әсері зор.
  4. Зиянды әдеттерден бас тарту (ішімдік, нашақорлық, темекі).

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*