Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Асқазан жарасы. Өткір гастрит

Асқазан жарасы. Өткір гастрит

Асқазан жарасы– асқазан қабырғаларында ойықты жаралардың пайда болуы. Бұл созылмалы, рецидивті  патологиялық ауру.

Жара ауруы — асқазан мен он екі ішектің кілегей қабатында пайда болып, маусымға байланысты, әсіресе көктем және күз айларында өршіп отыратын созылмалы, қайталамалы ауру.

Ауру пайда болатын себептер:

  1. Helicobacter pylori – ауа тамшылы, сілекеймен, лас қолдармен, жуылмаған көкөністермен ас қорыту жолдарына енетін қатерлі ісік тудырушы микроағза. Жас адамдарда көбінесе жеке бас гигиенасын сақтамаудан, яғни, кеселерден, бір шөлмектің аузынан сусындарды бірнеше адам ішуден енеді. Емделмеген жағдайда хеликобактермен біріккен қатерсіз жара қатерлі ісікке айналады.
  2. Тамақтану режимінің бұзылуы, яғни ащы тағамдар ішу. Оның ішінде соустар, уксус араластырылған корей салаттары және донер, самса сияқты құрғақ тағамдар бар. Сонымен қатар, тамақтану уақытының бұзылуы мен ретсіз тамақтану гастриттің пайда болуы себептерінің біріне жатады.

Бұл ауру 3 үлкен синдроммен көрініс береді. Олар: ауыру, диспепсиялық және астенговегетативті. Жара ауруына нүктелік ауыру тән. Көбінесе науқастар жара орналасқан аймақты нақты, анық көрсетеді. Ауырудың ерте және кеш түрлері болады. Ерте ауыру өңештің асқазанға өтетін жеріндегі жарада болады,тамақ ішкеннен кейін 10-15 минуттан кейін басылады. Бұл жердегі жара қатерлі ісікке айналуға бейім келеді. Өйткені, асқазанның жоғарғы 1/3 өңеш эпителиімен төселген. Ауыру сезімінің басылуы желінген тағам жара аймағына келіп асқазанның қышқылдылығын нейтралдауымен  (азайтады) байланысты. Асқазандағы жара тамақтан кейін 30 минут-1 сағатта, асқазанның он екі елі ішегіне өтетін жеріндегі жарада ауру тамақтан кейін  1 сағат-1,5 сағатта, он екі елі ішек жарасы тамақтан кейін 1,5-2 сағатта басылады. Науқастар ауыру сезімі мен күйдіру сезімін аштықпен байланыстырса, ауыру тамақ ішкеннен кейін азаяды. Сондықтан науқастар ауыру пен күйдіру сезімін басып, өзіне қолайлы жағдай туғызу үшін тағамды ретсіз, мезгілсіз қабылдауға мәжбүр болады.

Диспепсиялық шағымдарға өңеш бойының күйдіріп ауруы, ауызға ащы дәмнің келуі, құсу мен жүрек айнуы жатады. Бұл шағымдар асқазан мен ішектің перистальтикасының бұзылуымен байланысты. Өңештің асқазанға өтетін жеріндегі қысқыш бұлшық ет тамақ ішкеннен кейін жабылуы керек. Ішек қозғалысы бұзылғанда ол толық жабылмай, асқазан ішіндегі орта өңешке қарай құйылып күйдіру сезімін тудырады.

Есіңізде болсын!

1.Жоғарыда келтірілген симптомдар көрініс бере бастағанда дереу дәрігерге көрініңіз.

2.Асқазаныңыз қыжылдап, күйдіру сезімі мазаласа, асқазан сөлін нейтралдап, қышқылдығын басатын Ренни, Гастрал, Фосфалюгель, т.б дәрі-дәрмекті қолданбаңыз. Олар хеликобактерді жою үшін бөлінген қышқыл сөлді нейтралдап, микроағзаны қышқылдан қорғап, оның көбеюіне жол ашады. Дәрігерге көрініп ФГДС-тен өтіңіз. ФГДС — асқазан мен он екі елі ішек жарасын тексеретін құрал, сенімді әдіс.

3.Егер сізде Хеликобактер пилори анықталса, үштік және төрттік ем қолданылады. Бұл емдеу үлгісі микроағзаны эрадикациялауға (жоюға) бағытталған.Үштік емнің құрамына екі антибиотик, бір қышқылдылықты басатын препарат кіреді: омепразол +амоксициллин+метронидазол.

Ал төрттік емге осы көрсетілген қатарға Де-нол қосылады: омепразол+амоксициллин

+метронидазол+Де-нол. Антибиотиктерге тұрақтылық пайда болмас үшін амоксициллин мен метронидазолды кларитромицин және тетрациклинмен алмастыруға болады. Асқазан мен ішек қозғалысын қалпына келтіретін мотилиум немесе домперидон кешенді емнің құрамына кіреді.

Себептері:

  • Хеликобактериялармен зақымдану
  • Дәрі-дәрмектерді ішуден
  • Созылмалы аурулардың салдарынан (сифилис, целиакия, созылмалы бронхит, панкреатит; бауыр циррозы, созымалы вирустық гепатит, өкпе рагы, саркоидоз, қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, Крон ауруы, туберкулез, гиперпаратиреоз)
  • Ағзаның өткір аурулары мен кейбір күйлерінің әсері (стрессті язва). Мысалы, күйік шалу, әртүрлі шоктар, үсу, сепсис, жарақаттар және т.б.
  • Әлеуметтік себептер: қаржы жетіспеушілігі, темекі шегу, ішімдік ішу, тамақтану тәртібін бұзу, стресс, негатив эмоциялар және т.б.

Симптомдары: Симптомдар мен аурудың белгілері  науқастың жасы мен асқынуына, аурудың даму кезеңіне қарай әртүрлі болады.

  • Негізгі белгісі- ауырсыну синдромы.
–          Ауырсынуды кешке (тамақтанған кейін асқазан қалтқысында болатын ауырсыну), ерте (тамаққа дейінгі алғашқы сағаттарда, асқазанның кардия тұсында болатын), аштық (тамақтанғанға дейін болатын) және түнгі(түннің екінші бөлігінде күшейетін)  деп қарастырады.
–          Қабыну процессінің белсенділігіне қарай ауырсыну азайып не күшеюі мүмкін.
–          Жылдың күз-көктем мезгілінде ауырсыну асқынады
–          Ауырсынудың сипаты әртүрлі болады: сыздап ауру, шаншып ауру, тартып, кесіп ауру, өткір ауру.
–          Симптомның интенсивтігі әртүрлі; әлсіз ғана мазасыздықтан жан шыдатпайтын ауырсынуға дейін болады
–          Ауырсынуды антацидті және антисекреторлық дәрі-дәрмекпен басады.
–          Көп жағдайларда ауырсыну эпигастрия аймағында, кеуденің төс тұсында, кеуденің сол бөлігінде болады. Сонымен қатар, ауырсыну басқа аймақтарда да, мысалы, кіші жамбас, бел аймағы, оң жақ қабырға астында болады.

 

  • Іштің кебуі
  • Тез тойымдылық
  • Тамақтан кейінгі асқазандағы ауырлық сезім
  • Іштың қатуы
  • Тәбеттің төмендеуі
  • Ықылық
  • Кекірік

Асқынуы:

Пенетрация (тесіліп жабысу)

Асқазан жарасының басқа ағза мүшелерін зақымдауы. Көп жағдайда ұйқы безін зақымдайды. Алғашқы симптомы: іштің құрсаулап ауыруы, қанда альфа-амилаздардың көбеюі және дененің қалтырауы.

Перфорация

Бұл асқазан қабырғаларының тесіліп, ішіндегі заттардың құрсақ қуысына және ішпердеге өтуі.

Малигнизация

Бұл жаралы дефектінің қайтадан қатерлі ісік түрінде пайда болуы. Өте сирек кездесеін асқынудың түрі.

Асқазан қалтқысының стенозы

Жараның асқазан қалтқысы тұсында пайда болуы.

Қан кету.

Диагностика

Қан талдауы

Нәжіс, жедел уреазды тест

фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФЭГДС)

асқазанның рентгенографиялық зерттеуі

рН-метрия  және асқазан сөлінің рН деңгейі

Емдеу

Ауруды емдеуде көп компанетті терапия қолданады. Оған асқынудың алдын алатын, симптомдарды басатын, асқазанның қышқыл сөлін басатын, хеликобактер пилориді жоятын дәрі-дәрмектер кіреді.

 

Өткір гастрит– асқазанның шырышты қабығын зақымдайтын қабыну процессі.

Гастриттер – гастроэнтерологияда ең жиі таралған потологиялық аурулар. Статистика бойынша, планетамызда гастриттің әр түрімен әрбір екінші адам ауырады. Өткір гастритте әдетте тек жоғарғы эпителий қабаты мен безді қарын ғана қабынады. Кейде ғана қабыну процессі асқазанның терең шырышты және тіпті бұлшық етті қабырғасына тарайды. Өткір гастрит шырышты эрозияға, асқазан-ішектен қан кетуіне, асқазанның тыртықтануына, іріңді-септикалық асқынуға, созылмалы гастритке ұласу қаупін туғызады.

Себептері: Гастриттің дамуына қарай екіге бөледі: эндогенді және экзогенді гастритттер.

Өткір эндогенді гастриттің ағзада инфекцияның болуына байланысты дамиды. Әдетте ең жиі этиологиялық агент ретінде хеликобактериялар ауруды туғызады. Хеликобактериялар әртүрлі зиянды заттар мен ферменттер бөліп, асқазан қабығын қабындырады. Хеликобактериялық инфекциялар сонымен қатар, асқазанның ойық жарасын да туғызады.

Этиологиялық факторлары ретінде тағам агенттері(ыстықтан өткен, механикалық және химиялық тағамдар)  экзогенді гастритті туғызады. Тым ыстық, ащы және құнарсыз тағамдар асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, өткір гастритке алып келеді. Сонымен қатар, шылым шегу, алкоголь және кофе ішу де асқазанның шырышты қабығына зақым береді.

Экзогенді гастриттің себептері ретінде сонымен қатар, тағамнан улану, кейбір фармокологиялық дәрі-дәрмектерді қабылдау, радиациялық ем қабылдау, асқазанға химиялық заттардың түсіп кетуі, улы заттарды көп мөлшерде пайдалану да жатады.

Өткір аллергиялық гастрит – қандай да бір тағамға болған аллергиялық реакциядан пайда болатын түрі. Қосымша есекжем, ангионевротикалық ісік, демікпе сияқты басқа да аурулармен қоса пайда болады.

Симптомдары:

Этиологиялық факторлар әсер еткеннен соң гастрит 6-12 сағаттан кейін пайда болады.

  • Тәбеттің жоғалуы
  • Эпигастрияда жайсыздық пен ауырлық сезімнің пайда болуы
  • Бірқалыпты ауырсыну
  • Ауызда жағымсыз дәмнің келуі
  • Кекіру
  • Жүрек айну, құсу

Тағам инфекцияларынан болған гастритте:

  • Сұйық нәжіс
  • Метеоризм
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Қайталама құсу мен іш өту дене құрғауына әкелуі мүмкін, ал ол ағзада әлсіздік, бас айналу мен бас ауру туғызады.

Өткір аллергиялық гастритте:

Жоғарыдағы симптомдардан бөлек бөртпе, эритема, қышыма, Квинке ісігі және т.б. аллергиялық симптомдар байқалады.

Эрозиялық гастритте қан аралас құсу байқалады.

Өткір флегмонозды гастритте жоғары дене қызуы, дене түршігуі, ірің аралас қусу, асқазан тұсында қатты ауырсыну байқалады.

Химиялық заттарды пайдаланғаннан болатын өткір коррозиялық гастриттің симптомдары ауыр келеді. Науқаста қайтала беретін іріңғ қан аралас құсу байқалады. Науқастың еріндерінде химиялық заттардан болған күйік байқалады, ұдың көмейге түсуінен ларингоспазм мен тұншығу болады. Жалпы жағдайы шок, гипотония қысымның төмендеп кетуі), тахикардия, өңінің бозарып кетуімен, жоғарғы тыныс алумен нашарлай түседі.

Диагностика

Объективті жағдайда науқастың терісі құрғақ әрі боздау келеді, эпигастральді аумақта саусақпен басып тексергенде ауырсыну байқалады. Ауыщ қуысын тексергенде ауыздан жағымсыз иіс шығады, тіл сұрғылт түсу(налет) байқалады.

  • Қан талдауы. Биохимиялық талдау, нәжіс, несеп талдаулары
  • Асқазан-ішек жолдарын капрограмма арқылы тексеру
  • Нәжісті бактерологиялық себу арқылы талдау
  • Гастроскопия
  • Эндоскопиялық биопсия
  • Ренгенография
  • Мультиспиральді компьютерлік томография

Емдеу

Өткір гастриттің негізі емі – гастритті туғызған себептерлі жою, асқынудың алдын алу.

Өткір гастритте алғашқы 12-24 сағат бойы аштық көрсетілген. Кейін диета ұстау көрсетіледі.  Тағамнан және химиялық улануда асқазанды жуады.Асқазанды тітіркендіретін дәрмектертен, темекіден, алкогольден бас тарту қажет.

Дәрі-дәрмектерден антисекреторлы қасиетке ие гистаминді рецепторларды бұғаттаушылар(ранитидин, циметидин, фамотидин), протонды сорғыш ингиюиторлар (омепрозол және оның аналогтары), антацидті заттар(алюминия фосфат, алюминия гидроксид, магния карбонат, магния оксид), гастропротекторлар ( висмуттың дәрілері) пайдаланады.

Өткір гастритте ауырсынуды басу үшін атропин, платифилдин, папаверин, ал құсқанда метоклопрамил, домперидон, ағзаның құрғауына тұзды сұйықтықпен емдейді.

Салдары:

Өткір катаралды гастрит уақыты және дұрс емдеген жағдайда 3-4 күннен кейін науқас сауығып кетеді. Ал өткір коррозиялық гастритте науқас шоктан, асқазанның тесіліп қалуынан және перитониттен өліп қалу қаупі бар. Химиялық күйік алған науқастың өңеші тарылып, асқазанында тыртық қалуы мүмкін.

Өткір флегмоноз гастриттің де салдары ауыр келеді. Асқазанның тесілуі, іріңді перитонит, өкпеқап эмпиемасы, медиастинит, бауырдың іріңдеуі, сепсис және т.б. сияқты ауруларға алып келеді.

Профилактика

Темекі және алкогольдан бас тарту, дәрі-дәрмекті мұқият ішу, эндогенді инфекцияны емдеу.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*