Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу — бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Күйзеліспен (стресспен) күресудің бірінші қадамы – оның себептерін анықтау болып табылады. Жұмыстан шығып қалу, жақын адамынан айырылып қалу және ажырасу күйзеліске әкеп соқтырады. Кейде күнделікті тіршіліктегі әбігерлік, жол бойындағы кептелісте тұрғандағы абыржу, компьютерде туындаған проблема, жұмыстағы адамдармен ұзақ уақытта болатын кикілжің, тіпті балалардың оқу үлгерімінің төмендеуі де күйзеліс тудыратын жайттар.
Күйзелістің себептерін екі категорияға бөлуге болады:
- Бақылауға келетін себептер.
- Бақылауға келмейтін себептер.
Көп жағдайда күйзелістен арылуға болады.
Мысалы, көршілеріңізбен немесе жұмыстастарыңызбен жалғасып келе жатқан конфликтті доғарып, өзара келісімге келуге болады. Тіпті жай ғана жағдайды алайықшы. Жұмыс үстелінде жиналмай жатқан қағаздар, құжаттар және өзге де заттар ретсіз жатса, ол сізге қолайсыздық тудырып, абыржуға дейін апарады. Оның үстіне, егер құжаттарды жұмыс папкаларына жинақтап, үстелдің үстің дұрыстап реттемесе жағдай ушығуы мүмкін. Ал егер бәрін нақтылап жинақтап қойып, нәтижесінде көңіл-күйіңізді айтарлықтай жақсартуға және тұрақты күйзелістен арылуға болады. Күйзелістің себептерін анықтағаннан кейін, ол себептерді қалай жою керектігі немесе кері әсерін төмендету туралы шешім қабылдау қажет. Оның шешімін табу қиынға соқпайды. Мысалы, үнемі қайталана беретін жаңалықтар депрессияны тудыратын болса, онда теледидарды өшіріп тастаңыз. Қарапайым болғанымен бұл шешім үнемі көмектесе бермейді. Сондықтан да достарыңыздың көмегіне, отбасыңыздың ақы-кеңесіне жүгіну керек. Кей стресстер тұрмыстық жағдайлармен қатар жүреді. Ылғи күйзелісті бақылап жүру оңай емес. Дегенмен, тұрақты және жүйелі жаттығулар ағзаға күйзеліспен тиімді күресуге және де денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Экологияның денсаулыққа әсері
Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.
Табиғи ортаның улы қалдықпен,химиялық затпен ластануы адам денсаулығына зиянды әсер етеді.Соңғы уақытта Жер ғаламшарының климаты өзгеріп барады.Жер беті жылынып, соның нәтижесінде жауын-шашын көбейіп,қар көшкіні жиі болып жатыр,олар шаруашылық пен адам денсаулығына аса зиян.
Атмосфералық ауаның зиянды заттармен» (шаң,күл, күйе) және химиялық заттарымен ластануы да денсаулыққа ықпал етеді. Соның нәтижесінде тыныс алу,ас қорыту мүшелерінің,қанның,т.б аурулары көбеюде. Денсаулыққа экологияның зиянды әсерін азайту үшін тек таза су ішу,экологиялық таза өнімдерді пайдалану,көбінесе қала сыртында.таза ауада,өзен, көл жағасында жиі болып, серуендеу қажет. Дұрыс гигиеналық тәртіпті сақтау,жүйелі түрде денені шынықтыру және шынығу жаттығуларымен айналысу адам денсаулығын нығайтып, ағзаның қорғаныс күшін арттырады.