Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жұқпалы аурулар адам организміне қоздырушы микробтар түсу салдарынан пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі жұққан организмнен сау организмге берілуі болып табылады және белгілі бір жағдай орнағанда жаппай, індеттік сипат алады. Жұқпалы ауру эпидемиологияда жеке түрлік, ал кейде типтік жағынан да жеке қоздырушы туғызған жұқпалы жағдай ретінде түсініледі. Сансыз тірі организмдер арасында микроскоптың түрдегі немесе микроорганизмдер көрнекті орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, айналадағы заттарда бар. Олар азот, көміртегі, сутегі және табиғаттағы басқа элементтердің айналымына қатысады. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсіптерінде, медицинада пайдаланылатын адамға пайдалы микроорганизмдермен қатар адамдардың, малдардың және өсімдіктердің ауруын шақыртындары да бар. Бұл микробтар зардапты, яғни ауру тудыратын деген атауға ие болған. Ауру тудырмайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*