Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » ЖАРАҚАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖАРАҚАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жарақаттану барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қатерлі қауіп төндіреді. Көбінесе адамдар өзінің бейғамдығы мен абайсыздығы немесе біреудің қылмыстық немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан жарақат алады, мүгедек болып қалады, өмірінен айырылады.

Жарақаттар бөлінеді:
1. Өндірістік – өнеркәсіптік; ауыл шаруашылықтық; құрылыстық; көліктік жарақат: жұмысшының өндірісте және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамауына байланысты туындаған жарақат. Негізгі себептері – бұл жұмыс орнын ұйымдастыру мен ұстаудағы, техника қауіпсіздік ережелерінің сақтаудағы кемшіліктер; жұмыс орындарын дұрыс жарықтандырмау; өндіріс аумағының былығуы және ластануы; тұрмыстың қанағаттанарлықсыз жағдайлары; алкогольдік мастану.
2. Өндірістік емес: тұрмыстық; көшелік; жол-көліктік; спорттық; мектептік; балалар жарақаты және басқалар. Олар өндірістік қызметтен тыс зардап шеккен жазатайым оқиғаларға: үйде, аулада, жеке гаражда және т.б. байланысты.
Адамдар жарақатының алдын алу.
Осы жарақаттардың себебін ішкі және сыртқыға бөлуге болады.
— Ішкі себептері тірек-қозғалыс аппараты, көру және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жас өзгерістеріне байланысты.
— Сыртқы себептер қауіпсіз қозғалысты дұрыс ұйымдастырмауға, төмен тұрғын үй қауіпсіздігіне, ыңғайсыз аяқ киімге, жылжыту көмекші құралдарының жоқтығына (таяқ, ағашаяқ) және т.б. байланысты.
Егде және кәрі жаста неврологиялық және қан жолдары ауруының, тірек-қозғалыс аппаратының патологиясы негізінде жүріс-тұрыс мәселелері: бұлшық еттер атрофиясы, буындардың ауруы, олардың икемділігінің жоғалуы пайда болады.
Адамдар жарақаттануының алдын алу бойынша ұсыныстар.
Егде жаста жарақаттардың, құлаудың, мертігудің алдын алу көбінесе адамның өзіне, өмір салтына, мінезіне және назарына байланысты. Осыған байланысты ұсынылады:
— Дер кезінде жүрек-қан тамырлары, артроз, остеопороз ауруларын анықтау және емдеу.
— Уақытылы және неғұрлым тиімді көзілдірік немесе есту аппаратына тапсырыс беру үшін, көру және есту қабілетін жиі тексеріп отыру қажет.
— Үй жағдайында дәрігердің тағайындауы бойынша тепе-теңдік және бұлшық ет жаттығуларын, сондай-ақ күнделікті жүрісті орындау.
— Тұрғын үй-жайларында оңтайлы температураны ұстау қажет, өйткені оның елеулі түрде ауытқуы мидың қан қысымы айырмасын нашарлатады, ол үйлесімді қозғалыстардың бұзылуына әкеліп соғады.
— Жиі серуендеу, жүзу, жеңіл гимнастикамен айналысу сергектік және қозғалғыштықты сақтауға көмектеседі.
— Тәуліктің қараңғы уақытында, ауа райының өте суық кезінде, қар жауған және көктайғақ кезінде үйден шығу орынсыз. Қысқы уақытта серуендеу кезінде құлаудың алдын алу үшін, таяқ қолдану немесе жақын туыстармен қыдыру орынды, әсіресе көшені өткенде, баспалдақпен көтерілу, түсу кезінде бұл өте маңызды.
— Тәуліктің қараңғы уақытында үйге қайтқанда, бағдарды адам көп жүретін және жарығы бар орындарда таңдап, жақын туыстар және достармен бірге жүру орынды.
— Аяқ киімді дұрыс таңдау маңызды. Ол тар болмауы тиіс, бірақ тым үлкен мөлшерде емес, жұмсақ және кедір-бұдыр табанды болуы керек.
— Қарт адам тұратын бөлмедегі жиһаз да маңызды рөл атқарады. Мысалы, кереует 60 сантиметрден төмен болмауы, креслолар шұңқыр болмауы керек, креслолар жұмсақ, басқа тірек болу үшін, арты биік болуы керек. Төсектен тұрғанда, шалт қозғалудан сақ болу керек.
— Жарақат алу кір жуу, суға шомылу кезінде болуы мүмкін. Жуынатын бөлме тұтқалармен, ваннаның шетіне бекітілген тірекпен және арнайы орындықтармен жабдықталуы керек. Жуынатын бөлменің еденіне резина төсеніші төселуі керек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*