Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жөтел орналасқан орнына, жынысына және жасына қарамастан Жерді мекендеушілердің әрқайсысына мәлім. Бұл симптом, бәлкім, ең жиі кездесетін және сонымен қатар алуан түрлі симптомдардың бірі болуы мүмкін. Ол, қарапайым рефлекторлық болуы ықтимал, мысалы, адам тыныс жолдарына түскен ылғалдан құтылмақшы болған кезде, сонымен қатар аллергиялық, жұқпалы немесе психогенды тұрғыда болуы мүмкін. Ал кейде дәрілік заттардың жағымсыз әсерінің көрінісі болар. Мұның барлығы жөтел туралы.

Адамдар неге жөтеледі?

Оның туындау механизмі көбінесе мынадай – кеуде қуысының ішкі жағынан және тіпті көкетте қабықша тәрізді жайыла төселген, көмейде, алқымда, өкпеқапта жасырынып алынған шағын рецепторлардың тітіркенуі. Олар миға туындаған мәселе туралы өз дабылдарын жолдайды және сол кезде адам жөтеледі. Айтпақшы, кейбір мәліметтер бойынша жөтел кезіндегі ауа ағынының жылдамдығы ауадағы дыбыс жылдамдығына жетердей болады. Айтпақшы, кейбір мәліметтер бойынша жөтелде ауа ағынының жылдамдығы ауадағы дыбыс жылдамдығына жетуі мүмкін.

Жөтел қандай болады?

Бірден айта кетейік – өте алуан түрлі. Оның дыбыс ырғағын және сипаттамаларын дәрігерлер өте жақсы сипаттай алады. Ал біздің еститініміз, көбінесе:

  • Өнімді (қақырықты)
  • Өнімсіз (қақырықсыз)

«Құрғақ» және «ылғал» жөтелдің айырмашылығы тек: шырыш бөліне ме бөлінбей ме сонда ғана.

Жалпы, бұл болжамдары бойынша біркелкі емес белгі. Ол мысалы, салыстырмалы түрде алғанда фарингит сияқты ауыр емес сырқаттармен бірге жүреді, бірақ сонымен қатар төменірек орналасқан тұстағы ауыр мәселелер туралы хабар беруі де мүмкін. Ал мұндай жағдайлар әдетте, ауруханаға жатқызуды талап етеді. Сондықтан бұған селқос қарауға болмайды.

Бірақ алуан түрлі, тіпті көбінесе түсініксіз болса-дағы жөтел – біздің досымыз. Себебі бұл ағзаның қорғаныс реакциясы. Дене мәселе жөнінде хабар бергісі келетіндей, жөтелдің көмегі арқылы тыныс жолдарынан бөгде нәрселер мен заттарды алып тастауға тырысады. Ағза мүмкіндігінше тезірек тынысты қалпына келтіріп, өзінің әр жасушасын оттегімен қамтамасыздандырғысы келеді. Сондықтан жөтелді басқара білу және оны дұрыс емдеу, денсаулық және тыныш өмір үшін өте қажет нәрсе.

Ересектерде болатын жөтел

Ересек шақта балалық шақта мүмкін бола бермейтін патологиялар кездеседі. Мысалы, көбіне ересектерде — темекі шегуден туындайтын созылмалы обструктивті бронхит. Темекі құрамында кездесетін заттар кеңірдек шырыш қабығының созылмалы қабынуын туындатады, бұл нәтижесінде қабықтардың қабатталуына және тарылуына алып келеді. ӨАСА нәтижесі болып демалу жеткіліксіздігі және күрделі жүрек патологиялары келеді.

Бірақ қалай болғанда да жөтелдің жиілілік салдары бойынша алғашқы орындардың бірінде тұрған инфекциялар – вирустық немесе бактериалды [2].

Тек содан кейінгі тізіміндегі себептер:

  • аллергиялық аурулар
  • жүрекке байланысты ауытқулар
  • асқазан-ішек жолдары аурулары
  • жүйке тозуы
  • ісіктер
  • кейбір дәрілік заттарды қабылдау және тағы басқалар

Бұл себептерді іздестіруді маманға ұсыну жақсы. Ол талдаулар, аспаптық зерттеулер тағайындап, дер кезінде: не болғанын және мәселені қалай шешуге болатынын анықтайды.

Қауіпті симптомдары

Бірақ егер бір нәрсе алаңдатқан жағдайда емді созуға болмайтын және әр адамға білу шарт өте кең тараған және бір сырқат түрі бар. Бұл – өкпе туберкулезі. Сізді мына нәрселер мазалауы тиіс:

  • жөтел ұзақ уақыт бойы кетпейді
  • қан түкіру
  • түн мезгіліндегі тершеңдік
  • шаршаңқылық, әлсіздік
  • салмақтан тез арылу
  • дене температурасының тұрақты жоғарылығы 37,5°C астам емес
  • аз-аздап, бірақ қақырықтың тұрақты түрде бөлінуі

Егер жоғарыда көрсетілгендер сізді мазалайтын болса, онда тезірек дәрігерге қаралыңыз.

Сондай-ақ, созылмалы өнімді жөтел темекі шегуден болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, соның салдарынан болатын созылмалы бронхит. Темекі шегушілердің жергілікті шырышты иммунитетіне нұқсан келедіктен, басқаларға қарағанда инфекцияларға, оның ішінде ЖРВИ [1] көбірек шалдығады. Қалыпты болған жағдайда шырышты қабық инфекция жолында мықты «қамал» болса, ұзақ мерзімде темекі шегетін адамның бұл «қамалында» ойықтар пайда болып, оларға вирустар сіңеді. Сондықтан, егер сіз: темекі шегуді тоқтату туралы ұзақ ойланған болсаңыз, онда уақыт келген сияқты! Кейінге қалдырмаңыз.

Балаларда болатын жөтел

Адамда жөтел рефлексі туа біткен және шартсыз. Бірақ нәресте жөтеле бастаса ата-аналарға оған назар аударуды есте сақтау керек. Себептері келесілер болуы мүмкін:

  • ауа өтетін жолдарда бөгде зат
  • бала сұйықтыққа қақалып қалған
  • жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалы сырқаты
  • аллергия

Диагностика жасау үшін дәрігермен кеңесу қажет. Себебі соңында симптомды емес, сырқаттың өзін емдеу қажет. Әсіресе, кішкене жастағы балаларда емді уақытылы және дұрыс бастау маңызды және тек дәрігер ғана зерттеу жасап, емнің тиімді жолын таңдай біледі. Бұл жазылуды жеделдетеді.

Балаларда болатын жөтелдің ерекшелігі

Балалардың респираторлық жүйесінің даму ерекшеліктері бар, олар туралы ата-ана білуі шарт.

  • Көкірек қуысының және диафрагманың әлсіз бұлшықеттері
  • Көмей ісігіне және ларингиттерге бейімділік
  • Әлсіз жөтел рефлексі
  • Сурфактант шамасыздығы*

Мұның барлығы баланың тыныс алу жолдары мәселелерін алуан түрлі етіп, басқаша күтімді қажет етеді.

Жөтелетін балаға қалай көмектескен дұрыс?

Нәресте бала жиналып қалған қақырықтан үнемі дұрыс арыла алмауы мүмкін. Сондықтан, кейбір жағдайларда дәрігерлер дренажды массаж тағайындайды. Баланың басы жамбас деңгейінен сәл төмен орналасқан қалпында арқадан жайлап қағу бронхтан және одан жоғары бөлімдерден шырыштың шығуын жақсартады. Мұндай массаж температура болмаған жағдайда және педиатр дұрыс жүргізу техникасын көрсеткен және көмектің осындай әдісін мақұлдаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Шырыш, егер ол жабысқақ болмаса тиімді бөлінетін болады. Оны сұйылту үшін суық тиген жағдайда және ЖРВИ кезінде сұйықтықты молынан ішіңіз, әсіресе қызба кезінде. Су немесе жылылау тәтті емес морстар, компоттар ішкен дұрыс. Кей жағдайларда педиатр нәрестеге қақырықтың қасиеттерін жақсартуға әсер ететін, арнайы сироптар жазып беруі мүмкін. Баланың өзін-өзі жақсы сезінуін жеңілдету үшін көптеген қарапайым әдістер бар. Олар туралы шамалыдан кейін айтамыз.

Жасырын қауіп

Нәрестелерде ларингиттердің дамитындығы естеріңізде болсын. Бұл несімен қауіпті? Себебі ол өңеш пен қыспақтың ісінуіне алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда өкпеге өтетін ауа қабынған және ісінген өңештің тіндерімен тым тез шектеледі. Сондықтан, балада құрғақ, үрген сияқты, ысқырық жөтел естілсе, әсіресе, ол түнде орын алса, жағдайды бағалай алу үшін медициналық көмекке жүгінген ең дұрысы болады.

Аллергиялық реакциялар да, жеңіл жөтел, сонымен қатар ұзақ болатын бронхтың даурықпа кедергі белгілері бар, яғни бронхтың тарылуы сияқты ұзақ болатын ұстамалы белгілермен қатар жүруі мүмкін.

Бронхтың даурықпа кедергілері туралы белгі беруі мүмкін қызыл жалаушалар:

  • өте аз қақырық немесе оның мүлде болмауы
  • ұзақ, қиналып дем шығару
  • ысқырық сияқты ұзақ болатын жөтел

Мұндай бронх демікпесі кезінде болады. Егер нәресте аллергияға бейім болса, олардың қауіпті симптомдары туралы ұмытпаңыз, себебі аллергиясы бар адамдағы бронхтың даурықпа кедергілері кез келген сәтте болуы, және күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін.

Қауіпсіздік ережелері

Нәрестелерде болатын тағы бір респираторлық бұзушылықтардың бірі — тыныс жолдарындағы бөгде заттар. Балалар әлеммен барлық сезім органдары арқылы танысады, дәмдерді, пішіндерді, түстерді, иістерді, дыбыстарды, эмоцияларды зерттейді, олардың барлық нәрсені ауыздарына салатындары қалыпты жағдай. Бірақ бала ұсақ заттарды жұтып қоюы мүмкін, ал бұл кейде қайғылы аяқталады. Мұндай жағдайларда баланы тез арада құтқару қажет. Сондықтан ең бастысы – нәрестелерді қараусыз қалдырмаңыздар, ұсақ заттарды қолдарына алуын шектеңіз, нәрестелерге драже кәмпиттерді бермеңіздер, ауыздарына тамақ салып алып жүгіруге, ойнауға рұқсат бермеңіздер, ойыншықтардың алынып тасталатын ұсақ бөлшектері болмауын қадағалаңыз. Осы аз ғана ережелер қайғының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жөтел туралы көбірек білсек – онымен күресу жеңіл болады. Сондықтан, келесі мәліметтер сіздерге түрлі жағдайларда өздеріңізді қалай ұстау керектігін білуге көмектеседі, жөтелді түсініп, оларды жеңуге мүмкіндік береді.

Респираторлық сырқаттар – өте үлкен сырқаттар тобы және олар барлығы түрлі болып келеді. Бірақ оларды біріктіретін бір ғана тармақ: олар тыныс жолдарын толығымен жарақаттайды. Олардың әсер ету нүктелері түрлі болады: мұрын қойнауынан тыныс алу жүйелерінің ең шағын жерлеріне дейін, өкпе ұяшығын жарақаттайды.

Бұл топқа көпке мәлім ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) ғана емес, мақсаттары – тыныс алу жолдары болып табылатын кез келген сырқаттар. Мысалы, пневмония, бронх демікпесі, темекі шегушілерде болатын созылмалы обструктивті бронхит, нәрестелерде болатын тыныс алу дистресс-синдромы және көптеген басқа сырқаттар. Кейбіреулері вирустық инфекция сияқты, жедел пішінге ие және өте тез, тіпті, кейде қандай да бір арнайы емсіз өтеді. Басқалары созылмалы түрлерге ауысуы мүмкін және адамдарға көп жылдар бойы мүгедектікке және тіпті қайтыс болатындай нұқсан келтіруі мүмкін.

Қорғану мүмкін бе?

Сонымен бұл сырқаттардан аулақ болу үшін не істеу керек? Себептеріне байланысты, әр сырқаттың алдын алуға болатын ерекше тізімдер шаралары болады. Бірақ иммунитетті және тыныс алу жүйесінің төзімділігін нығайту үшін бірқатар жалпы ережелер бар:

  • пайымды шынығу
  • толыққанды теңгерімді тамақтану
  • дене белсенділігі
  • ортаны агрессивті аллергендерден тазарту
  • алдын алу екпелері
  • темекі шегуден бас тарту

Осы қиын емес ұсыныстарды орындай отырып, сіз өз ағзаңызға инфекциялармен күресте күштірек болуға көмектесе аласыз.

Тарата айтсақ

Шынығу дегеніңіз, қысты күні суға түсу немесе бірден мұздай су құйыну емес. Ағзаны біртіндеп температура ауысуына үйреткен абзал, жылы кезде баланы қымтап киіндірмеу, балаларға шөпте жалаңаяқ жүгіруге рұқсат ету. Тіпті балаларды және өздеріңізді салқын су ішуге бейімдеу – бұл да шынығудың бір түрі. Бірақ, әрине, барлығы да пайымды мөлшерде және құштарлықпен істелуі тиіс.

Дене шынықтыру және тіптен күн сайынғы міндетті таза ауада серуендеудің өзі қан айналымын жақсартады. Бұл шырышты тыныс алу жүйесінің жергілікті иммунитетін күшейтеді, яғни жаумен-жұқпалы тітіркендіргішпен кездесетін алғашқы қамал. Дене жаттығуларының кез келген түрін таңдаңыз. Егер де Сізге залға бару қызықты болмаса, жұмыстан үйге дейінгі аралықты неге жаяу өтпеске?

Бәлкім, «екпе» орны да көпшілікті қызықтырар. Баспадан, немесе пневмококтан немесе гемофильді таяқшадан, тұмаудан екпелер бар. Бұл вирустық және бактериалды қоздырғыштар әсіресе, балалар мен ағзасы әлсіреген үлкендерде тыныс алу жолдарының сырқатына алып келуі мүмкін. Ал екпе жасау иммунитетке инфекциялармын барынша күресуге мүмкіндік береді.

ЖРВИ алдын алу

Ең қарапайым әдістер ең тиімді де болып келеді екен. Ең алғашқысы – қолды жуу. Себебі ең ұсақ бөлшектер тек түшкіру мен жөтел арқылы ғана берілмейді. Механизмі мынадай: сырқат адам жөтелген кезде аузын жабады, ал сосын біреумен амандасты делік. Дені сау адам бұдан кейін қолымен көзін уқаласа немесе мұрнын шұқыса болды, ауырып қалады. Бір ауыратын адам 30 дені сау адамға дейін жұқтыруы мүмкін.

Бетперде тағу, шынын айтқанда, аса тиімді емес — оларды тағу ережелері көбінесе бұзылады. Мысалы, бетпердені 2 сағат сайын алмастыру керек, ал ең жақсысы ылғалданған сайын ауыстыру қажет екендігін білесіз бе? Осыны есте сақтап жүріңіз.

Суық тию симптомдарын тудыратын вирустардан, мысалы: жөтел, мұрын бітелуі және температура көтерілу, өкінішке орай, арнайы алдын алу және емдеу (тұмаудан басқа, оның алдын алудың екпелері және арнайы дәрілері бар) жолдары жоқ. Сондықтан, тазалықты сақтаңыздар, таза ауамен демалыңыздар және ұйқыңыз қанық болсын. Ұйқы аздық күйзеліс безі – кортизол деңгейін арттыруы мүмкін, ал созылмалы күйзеліс барысында иммундық жүйе дұрыс жұмыс жасамайды. Оның нәтижесі жиі болатын суық тию аурулары.

Күшейтілген алдын алуды кім қажет етеді?

Жоғарыда айтылған алдын алу ережелері – барлық адамдарға бірдей. Ал кейбірлеулерге баса назар аудару қажет болуы да мүмкін. Ол, түрлі себептерге байланысты, әлсіреген немесе жетілмеген иммунитеті бар адамдар, атап айтқанда:

  • балалар, әсіресе нәресте балалар
  • қарт адамдар
  • созылмалы сырқаттары бар
  • адамдар
  • кәсіби күн сайын көп адамдармен байланыста болатын ересек адамдар (мысалы, дәрігерлер, ұстаздар, қоғамдық көлік қызметкерлері)

Күшейтілген алдын алу шаралары деп не айтылмақ? Біріншіден, егер тұмау туралы айтар болсақ, бұл – екпелер. Мысалы, созылмалы даурықпа кедергілі бронхиттің асқынуының алдын алу бойынша соңғы халықаралық ұсыныстардың құрамына тұмаудан екпе кіреді. Сондықтан оның маңыздылығын бағалай білу керек. Егер сіз жоғары тәуекелдік тобына жататын болсаңыз, ең дұрысы мұны білікті дәрігермен нақтырақ талдаған дұрыс болады.

Екіншіден, суық тию ауысымында көпшілік жүретін жабық жайларға бармауға тырысыңыз. Әсіресе бұл нәрестелерге қатысты. Демалыс күндері сауда орталығы немесе таза ауаға баруды таңдар болсаңыз — таза ауаны таңдаңыз. Тіпті қыстың өзінде де. Себебі тыныс алу органдарына зардап тигізетін вирустар салқын ауада көп өмір сүрмейді және адам мол жиналған жайда суық тиюді жұқтырып алу тәуекелдігі жоғары болмақ.

ЖРВИ несімен қауіпті?

Шындығында: ЖРВИ-дан неге қауіптену керек, олар көбінесе арнайы емсіз де өз бетімен жазылады емес пе? Олар мысалға, өкпе қабынуы немесе бронхит сияқты бактериалды асқыну салдарының дамуына бастаушы механизмі ретінде қызмет етуі мүмкін. Міне, сондықтан тәуекел тобына жататын адамдар өз денсаулығына жіті назар аударулары маңызды шарт.

Дегенмен вирустық инфекцияға шалдыққан болсаңыз, өз дәрігеріңіздің ұсыныстарын басшылыққа алуыңыз керек және сұйықтықты көбірек ішкен абзал. Дененің ыстығы жағдайында сұйықтықты қалағаннан да көбірек ішу керек.

Қосымша сұйықтық улану симптомдарын жою үшін қажет, температураны түсіретін препараттардың тиімді жұмыс жасауына көмектеседі, шырыштың тыныс алу жолдарында жиналып қалуын болдырмайды. Бронхиалды без немесе қарапайым сіңбірік өзі де – ағзаны қорғайтын тосқауыл болып отыр. Шырыш иммундық жасушалардың жұмысы нәтижесі аса қауіпті шағын ағзаларды байланыстырады және осының бәрін жөтел кезінде шығарады. Міне, сондықтан, қақырықтың жақсы бөлінуі үшін сұйықтықтың мол болғаны маңызды.

Егер сізде аллергия болса, ЖРВИ қалай қорғанса болады?

Әсіресе аллергиясы бар адамдарда ЖРВИ алдын алуға баса назар аудару қажет. Аллергия кезінде, мысалы, аллергиялық ринит барысында шырышты қабатты созылмалы жарақаттау олардың тосқауылдық және қорғаныс функцияларының бұзылуына алып келеді де инфекцияларды қабылдағыштық жоғары болуы мүмкін. Ал бұл дегеніміз аллергиясы бар адамдарда жұқпалы ауруға шалдығу тәуекелі, бұған шалдықпаған адамдарға қарағанда «жоғарырақ» болады.

Тұмаудан вакцина алуда да аллергиясы бар адамдарда, әсіресе, жұмыртқа ақуызына реакциясы бар адамдарда қиындық туындауы мүмкін. Осы мәселе алдында аллергиясы бар адамдар жиі қауқарсыз.

Егер сіз аллергиялық реакцияларға бейім болсаңыз, ЖРВИ жұқтырмау үшін не істеу керек? Бірінші кезекте, өсімдік негізді препараттарды сізге қабылдауға болмайтындығы есіңізде болсын. Кез келген өсімдік – әлеуетті аллерген, тіпті шырын құрамындағы өсімдікке сізде аллергия бұрын болмаса да, қиылыспа реакциялардан қауіптенген дұрыс. Ал егер Сіз өсімдік негізіндегі дәрілік заттарын жұқтыруды болдырмау мақсатында қабылдасаңыз, оны тіптен дәрігерден кеңес алмай жасамаған дұрыс. Әсіресе қазіргі кезде суық тию вирустардан және тұмаудан (тұмауға қарсы екпеден басқа) дәлелденген және емханалық зерттеулерде расталған алдын алу дәрілік заттары жоқ болуда. Осы жұқпалы ауруларға қатысты иммунномодуляторлар деп аталатындар дәлелдеу медицинасы тұрғысынан аз зерттелген, ал бұл олардың күмәнді екенін көрсетеді. Сондықтан ауруды алдын алу шарасы кем дегенде нәтижесіз, көп дегенде аллергиялық үрдістің асқынуын тудыруы мүмкін.

Аллергия да, ЖРВИ мүмкін болатын жұқтыруынан да алдын алудың ең тиімді құралдардың бірі – ылғалды тазалау. Заттар бетінен шаңды жиірек алып отырыңыздар, еденді айтарлықтай ылғалды шүберекпен жуып отырыңыздар немесе ауаны ылғалдандырғыш сатып алыңыздар. Құрғақ ауа шырышты қабықты зақымдау, жарақаттау тудырады, ал бұл дегеніңіз инфекцияның кірер қақпасы.

Суық тию мезгілінде вирустармен тоқтаусыз соғысты өткізбеу мақсатында аллергияға шалдығатын адамдарға тағы не туралы ойлау керек? Бірінші кезекте аллерголог дәрігерге қаралу керек. Білікті дәрігер негізгі ауруды ремиссияға шығаруға тырысады және ағзаны «тұмау» мезгіліне максималды өнімді етіп дайындайды. Себебі, егер аллергия «ұйықтап жатса», онда қанда асқыну кезінде салыстырғанда, қоздырғыш медиаторлар айтарлықтай аз, шырышты қабықтар өзінің жергілікті иммунитетінің өсіре алып, жұқпалы ауруларға төтеп береді. Сондықтан ең жақсы алдын алу шарасы: маманға уақытында бару және аллергияға қарсы емдік шараны қабылдау.

Аллергиялық ринит немесе ЖРВИ – екенін қалай түсіну керек?

Мұрын бітелуі, конъюнктивит, мұрын қуысының ашуы және қышуы, бас ауруы, ұйқышылдық және жалпы әлсіздік – аллергияның және басқа да көптеген респираторлық вирустардың жалпылама симптомдары. Шаршаңқылық жағдайдың себебептерінің неде болғанын түсіну оңайға соқпайды. Әсіресе көктемгі-жазғы мезгілде бұл қиынға соғады: бұл шақта өсімдіктер гүлдей бастайды, ал айналада суық тигізіп алған адамдар көптеп кездеседі.

Бірінші кезекте, өз жағдайыңызды талдап алыңыз. Алға келесі симптомдар шыққан болса:

  • Ыстықтың көтерілуі немесе субфебрилитет
  • әлсіздік және шаршаңқылық
  • бұлшықет ауруы, дененің сынып ауыруы
  • тамақ тітіркенуі
  • бас ауруы

Егер Сіз барлық көрсетілген сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, онда Сізде ЖРВИ болуы мүмкін.

Маманнан кеңес алуы қажет.

Жөтел алдымен құрғақ, сосын қақырықты болса, респираторлық инфекциямен күресті бастау керек.

Бұл жағдайда симптомдар күшті дамиды және дене температурасының көтірілуі мен қатар келеді. Көптеген жағдайда жұқпалы инфекция дененің қалтырауынан басталады, одан кейін өспелі жолмен температураның жоғарлауы, мұрынның бітелуі және түшкіру қосылады. Ал тұмауға келетін болсақ, онда оның «басты бағдарламасы» одан да жарқын болады. Тұмаудың бастамасы мықты, дене қалтыраумен, бас ауруымен, көздің қызаруымен, кейде тамақ ауруымен байланысты болады. Және де ең бастысы 40 градусқа дейін көтерілетін дененің қызуы.

Аллергиялық риниттің асқынуы кезінде басты белгі – бұл дене қызуының жоқ болуы, мұрынның қатты бітелуі, көз жасы ағуы, түшкіру. Осы «жиынтықтан» тамаша антигистаминді дәрілік заттар көмектеседі, кейде глюкокортикоидты бездер қолданылады. Бірақ барлық дәрілік заттарды дәрігер тағайындауы керек. Ринитпен асқынусыз күресу үшін қажетті мөлшерлемені және жиынтықты дұрыс таңдай білу керек.

ЖРВИ емдеу әдетте жағымсыз сезімдерді басуға және асқынуды болдырмауға бағытталады. Суық тию белгілерін алу үшін өзінің әрекет ету механизмі бойынша ерекшеленіп отыратын көптеген дәрілік заттар бар, олардың көптүрлілігінде ажыратуға Сізге дәрігер көмектеседі. Көбірек тәтті емес сұйықтықты ішуді, әсіресе ыстық көтерілген кезде ұмытпаңыз, мүмкіндігінше демалу тәртібін сақтаңыз және бір екі күннен кейін Сіз сауығып кетесіз.

Ең бастысы – кез келген сырқаттың алдын алу оны емдегеннен қашанда жеңіл екендігі есіңізде болсын. Деніңіз сау болсын.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*