Статистикаға сүйенсек, құрығанда айына 60% адам бас ауруын сезінеді . Оның себебі неде? Бұндай жағдайда өзіңді қалай ұстау керек ? Бас ауруы – себеп пе, əлде салдары ма?
Таң қалмаңыз, бірақ тек 10-20% жағдайда ғана адамның шыныменен басы ауырады. Өзге жағдайларда бастың ауруы организмдағы өзге мүшелердің патологиялық процесстері мен и жүйелері салдарынан туындайды.
Дәрігерлер бас ауруының кеңінен таралған себебі ретінде сапасыз тамақпен улану, вирустардың белсенді көбеюі (грипп кезінде бас қалай ауыратынын еске түсіріңіз), гастрит, запор жəне басқа да асқазан мен ішек тракті, сонымен қатар қуық жүйесімен байланысты болатын организм интоксикациясын атайды.
Бас ауруының екінші кең таралған себебі омыртқа жүйесінің мойын бөлігі ауруы (остеохондроз) немесе мойын буындарының шаршауы (жұмыс немесе ұйқы кезінде қате орналасуы) болып табылады.
Үшінші себебі – гипертония, гормоналды ауытқулар, өкпе паталогиясы кезіндегі тамырлардың вегетативтік тонусының бұзылуы . Тамыр паталогиясы нəтижесінде бастан көктамыр қанының қайтуы бұзылып, бассүйек ішіндегі қысымды ұлғаюына əкеледі жəне бас ауруын туғызады..
Бас ауыруның себебін қалай анықтауға болады?
Бастың ауырған бөлігіне қарай, қытай меридиандары жүйесін қолдана отырып, оның пайда болу себебін анықтауға болады. Егер, ауыру маңдай жақ бөліміне қарай орнықса, онда паталогияны ішек-қарын жолдарынан іздеу керек.
Ал егер, желке жақ бөліміңіз ауырса, онда себебі артерияны ұстап, қалыпты қан айналымына кедергі келтіретін омыртқа бөлімдерінің бірінде. Ұқсас белгілерді жүрек-тамыр жүйесіндегі атеросклероттік өзгерулер де көрсетеді, олар күретамыр қысымының жоғарылауына себеп болады.
Шеке мен құлақ жағыңыз ауырса, себебі несеп-жыныстық жолдарда болуы мүмкін.
Бастың жарты бөлігі ауырып, ауру біресе маңдай жаққа, біресе шекеге өтсе, онда себебі тамырлардың паталогиясында жатыр, оны дәрігерлер вегетососудтік дистония деп атайды.
Егер де, бастың тек бір жағы ғана ауырып, сыздайтын жəне қалыпты болса, онда оның себебін бастың қаңқа сүйегінен іздеу керек.
Сонда да, бұл тек қана нұсқаулар ғана. Бас ауруының нақты себебін терапевт немесе невролог айтып береді. Сіздің шағымыңызға орай, ол керекті талдамаларға нұсқау жазып беріп, соның нәтижесінде диагноз қояды . Əдетте бас ауруларына шағым айтып келген науқастарға жалпы қан анализы (қоюлығын анықтау үшін ), омыртқаның шеке бөлімінің доплегрофиясы (тамырлардың қалпын білу үшін), бас МРТ-сы (ісікке кауіп болғанда) немесе ішкі органдардың УЗИ-і (ауруға қауіп болғанда ) жазылады.
Бас ауырса не істеу керек?
Егер бас ауруы созылмалы түрде болмаса, тек қана кейде стресстік жағдайларда, қатты шу кезінде немесе басқа да уақытылы факторлардың салдарынан болса, онда дәрігерге қараламай-ақ, бұл жағдайдан шығуға болады. Ол үшін:
Дəрі ішіңіз . Өзіңізді қинамай, бірден ауру басатын дəрі ішіңіз (цитрамон, аспирин, спазмалгон). Бұл дәрілер түйілуді шешіп, қанды сұйылтып, қанның кетуіне көмектесіп, бассүйек ішіндегі қысымның түсуіне əкеледі. Дəрі жылдам əсер етуі үшін жатып, 30-40 минут тынығып алған абзал.
Бас қатты ауырса сұйықты көп ішіңіз. Қанның тым ұюы қан айналымын төмендетіп, қөктамыр тоқтап қалуына əсер етеді . Дəл осы себептен, денедегі су балансын ұмытпай, күніне 2 литр су ішіп отыру маңызды. Бұл міндетпен жеміс-жидек шайлары да (бүлдірген, қарақат) жақсы айналысады, олар өздерінде бар С виамины арқылы қан айналымы тамырларының қабырғаларын қатайтады.
Массаж жасаңыз . Егер де бас ауруы кезінде сіз желке мен мойын ауландарында ыңғайсыздық сезінсеңіз, онда жағдайыңызды бас жəне жағалық массаж арқылы жеңілдетуге болады. Екі қолыңызды да мойынға салып, саусақтарыңызбен мойын мен иығыңызды уқалап, қолыңыз жеткенше омыртқа бойынан бір өтіп шығыңыз. Басқа көтеріліп, бас терісін саусақтарыңызбен уқалаңыз, тура сусабынмен басты жуғаныңыз секілді. Самайды саусақ ұшымен уқалап (шеңбер бойынша), сосын маңдайға көшіңіз , көзді жұмып, бірнеше рет ашып-жұмыңыз. Мойынға оралыңыз, жағалық ауданды жақсылап қыздырыңыз жəне тағы бір рет буындарды уқалап шығыңыз. Осындай кішігірім массаж шаршаған буындардан құрсыуды шешуге көмектесіп, бастан қан қайтуын жақсартады.
Шай немесе кофе ішіңіз. Көбісі бас ауруы мен кофеинді бірге елестете алмайды. Бұл шынымен де рас, егер əңгіме жоғары артериялық қысым жайлы болса. Егер де, сіздің қысымыңыз қалыпты болса, онда бір кесе қызыл шай немесе кофе (тəтті) сіздің бас ауруыңызды жазуға көмектеседі (кофеин тамырларды үлкейтеді де қан жүрмеу проблемасы шешіліп, ауру кетеді).