Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Ұйқы бұзылушылық

Ұйқы бұзылушылық

Ұйқының бұзылуы. Ұйқының бұзылуы немесе ұйқысыздық – бұл адамдардың ұйықтай алмауы, ұйқы режимінің бұзылуы. Ұйқысыздықтың тууна әртүрлі себептер бар. Адамдардың жас шамасына қарай ұйқы бұзылуы да әртүрлі болады.

Ұйқы бұзылуының классификациясы:

Инсомния

Ұйқы бұзылуының бұл күйінде адамның ұйықтауы қиындайды, тіпті ұйықтай алғанның өзінде де ұйқы ұзақ және қанық болмайды. Бұл адамның психологиялық күйінің жайсыздығынан туындайды. Уақытша болуы мүмкін, яғни адамның көңіл-күйі дұрыстала келе, ұйқы да дұрысталады. Бұл күйді психотерапевт дәрігер емдейді.

Гиперсомния

Ағзаға тәулігіне 12-20 сағатқа созылатын ұзақ ұйқы керек, алайда сондай ұзақ ұйқы сергектік бермейді. Бұл күй созылмалы ұйқықанбаушылықта, ауыр стрессте жүрген адамдарда болады. Гиперсомния тармақтарға бөлінеді: нарколепсия, жарақаттан кейінгі синдром, идиопатиялық.

Парасомния

Ұйқы фазасын бөлінуі, түнде оянып кете беру. Бұл энурез (зәр ұстай алмай қалу синдромы), айкезбе, түнде болатын талма ауруы (эпилепсия), түндегі қорқыныштар, еркектің эрекциясының ауыруы және т.б. себептерден болады.

Бұл ұйқының бұзылу түрлері бірге кездесе береді. Әртүрлі себептерден, әртүрлі аурулардың салдарынан пайда болады.

Себептері:

  • Жоғары эмоциялық күй. Мысалы, тым әсерлену немесе ашушаңдық, қатты ызаға булығу, негатив эмоциялардың жиналып қалуы сияқты және т.б.
  • Психостимуляторлар мен психобелсенді заттарды тұрақты пайдалану. Оларға кофеині бар сусындар(мысалы, қою шай, кофе, энергетикалық сусындар), алкгольді ішімдіктер және есірткі жатады. Бұлар жүйке жүйесін қоздырады, сол себепті ұйықтау мүмкін болмайды.
  • Гормоналды, диеталық немесе жөтелге қарсы дәрі-дәрмектерді тұрақты пайдалану
  • Ауыр жағдайларға тап болу. Мысалы, жұмыстан қуылу, жақын адамнан айырылу және т.б.
  • Қызба мінез. Ұзақ стрессті күйде жүру, невроз, депрессия, долы мінез сияқты күйлердің әсерінен болатын мінез/күй
  • Комфортты жағдайдың болмауы. Бөлмеге жарық түсу, бөлме температурасының ыстық болуы және т.б. ұйқыны бұзады.
  • Аурулардың салдарынан. Психологиялық және жүйкенің патологиялық ауруларынан бастап эндокринді және тыныс алу жүйесінің ауруларына дейін ұйқысыздық тудыруы мүмкін. Әдетте инфекциялық және вирустық ауруларда, әсіресе ЖИТС ауруында, ұйқы бұзылушылық болады. Және де қатерлі ісіктер, жарақаттан кейінгі зақымдар ұйқы бұзылушылыққа жиі себеп бола алады.

Диагностика

  • Медициналық тексерулерден өту (қан талдауы, томография, ЭКГ, ЭЭГ)

Емдеу

Ем-домды диагнозды қойған дәрігер жасайды. Әдетте үлкендерде ұйқы бұзылғанда седативті және тыныштандыратын, ұйықтататын немесе ауруды тудырған негізгі себепті емдейтін дәрілер беріледі.

Егер негізгі себеп тұрмыстық немесе ситуациялық жағдай болса, онда дәрігерлер кешке ұйқыға дайындық процессін жасау керек дейді.Мысалы, ұйықтар алдында бір стақан жылы сүт ішу, шаш тарау,  0-ден 100,200 … –ге дейін санау немесе керісінше санау және т.б. сияқты әдеттер адамды тыныштандырады.

Ұйқы бұзушылыққа тағы бір ем- су. Ұйықтар алдында ванна немесе душ қабылдау ағзаны босаңсытады.

Жүкті әйелдердегі ұйқы бұзылушылық

Бұл категориядағы әйелдерде ұйқы бұзылушылық физиологиялық  және психологиялық өзгерістерден болады. Ағзадағы гормоналды өзгерістер, дене пішімінің өзгеруі, жалпы ағзадағы өзгерістер ұйқымен проблема туғызады. Мұны тіпті жүктіліктің «симптомы» деп те көрсетеді, өйткені жүктілік кезінде прогестеронның көп бөлінуі ұйқыға әсер етеді.

Жүкті әйелдерде ұйқы бұзылушылықты дәрігер жазып берген жеңіл седативті дәрі-дәрмектермен емдейді.

Балалар мен емізулі балаларлағы ұйқы бұзылуы

Балалардағы ұйқы бұзылушылық шамадан тыс эмоциялық күйге түсінуіне байланысты. Ең алғашқы себептер – тамақтану режиімінің бұзылуы, ұйқы режимінің бұзылуы немесе ортаның ауысуы. Бұл жиі кездесетін себептер және ата-аналар үшін білінбейді. Мұндай жағдайда ата-ананың және психологтың көмегі қажет. Өзгерістерге бала үйренгеннен кейін, ұйқы дұрысталады.

Ұйқының бұзылуына әсер ететеін басқа себептер:

  • Ата-ананың күн тәртібін сақтамауы, ұйқы режимін қалыптастырмауы (бір уақытта ұйықтату)
  • Ата-аналар балаларына аз уақыт бөлуі. Кешке қарай балаларда ата-анамен түнге айырылысудан қорқыныш сезімі туады.
  • Кеш жату әдетке дағдыланғанда. Компьютер, теледидар, ойын ойнау сияқты әдеттерден балалар кеш жатады.
  • Кеш ұйықтауға деген бейімділік

Емізулі балада ұйқы бұзылушылық физиолониялық өзгерістер мен ерекшеліктерден болады:

  • Тістердің жарып шығуы
  • Іштің түйіліп ауруы
  • Жайсыз жату
  • Жайсыз төсек

Кейде ұйқының бұзылуына ішкі патологиялық аурулар мен психикалық аурулар әсер етеді. Түнде шошып ояну, тұншығып ояну,  энурез, айкезбе, бруксизм (тісті қытырлатып үйкеу) сияқты симптомдарды байқасаңыз педиатрға қаралыңыздар.

Егде кісілердегі ұйқының бұзылуы

Егде кісілердегі ұйқының бұзылуы әдетте миға қанның толық бармауына байланысты болады. Яғни, ағзада оттегінің эетіспеушілігінен туады. Ұйқының бұзылуына келесі ағза жүйелерінің аурулары әсер етеді:

  • Тыныс алу
  • Психикалық
  • Жүрек-қантамыр
  • Эндокриндік
  • Жүйке жүйлерінің

Осы аурулардың салдарынан келесі ұйқы бұзылушылықтың асқынуы болады:

Транзиторлы ұйқысыздық– адам стрессті жағдайда жүргенде болатын ұйқысыздық.

Созылмалы ұйқысыздық– кәріліктің себебінен болатын мидағы және жүйкені ұлпаларындағы өзгерістерден болатын ұйқысыздық
«Мазасыз аяқтар» синдромы- ұйықтайтын кездесі аяқтардың түршігу сезімі.

«Бармақ ұштарының қимылы» синдромы –бұл синдромда бас бармақ бүгіледі, жарым-жартылай немесе толықтай тізе мен санда бүгілу пайда болады.

Мұндай жағдайларда, тудырушы патологиялық себептерді емдеу керек, және егде кісілерге дұрыс ұйқыға баулитын пайдалы әдеттерге үйрету керек. Олар:

  • Ұйқыдан оянғаннан соң, бірден жатын бөлмеден шығып кетуді әдетке айналдыру керек.
  • Таңды жаттығу жасаудан бастау
  • Күн режимін дұрыстау, күнде бір уақытта ұйықтап-тұруды әдетке айналдыру
  • Күнделікті серуенге шығу
  • Таза ауада көп болу, әсіресе таңда және ұйықтар алдында
  • Күндізгі ұйқыны азайту
  • Ұйқының бұзылуына дәрі-дәрмектер:
  • Олар седативті дәрі-дәрмектер
  • Ұйықтататын дәрілерХалық емі

Жастықты раушан гүлінің күлтелерімен, жалбыз, лавр жапырақтарымен, қарағай қылқандарымен, қырыққұлақ және қазтамақпен толтыру керек.

Ұйықтар алдында 1 шай қасық бал қосылған бір стақан жылы су немесе сүт ішу

Тамақтанудан 20 минут бұрын құлмақ түйінінен жасалған тұнбадан жарты стақаннан үш мезгіл ішу керек. Дайындалуы былай: 2 шай қасық ұнтақталған құмақ түйініне 50 мл қайнаған су құямыз да, 1 сағатқа тұндырамыз. Дайын болғаннан соң сүзіп аламыз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*