Қол-аяқ жүйкесінің зақымдануы
Жүйке бағаналардың ашық және жабық зақымдану болады.
Жабық зақымға:
• қысылу,
• соғылу,
• созылу,
• жүйкенің үзілуі – жатады.
Жүйкенің басқару жүйесінің аумағында:
• сал,
• шала сал болуы.
Бұл белгілер біртіндеп жойылады. ал жүйкенің айналасында пайда болған тыртықтар аурсынуды тудырады, қол-аяқтың шеткі бөлімдерінде нәрленулік бұзылыстан өзгерістер туындайды.
Жаралану бейбіт мезгілде – пышақтан, өткір әйнектен немесе операция кезінде болуы мүмкін. Соғыс кезінде – жүйке бағаналары талқандалып, жұқпа бірге кіреді. езілген жүйкенің шеткі бөлігі кері дамуға ұшырайды.
Белгілері
1) бұлшық еттердің сал болуы,
2) оның тонусының жоғалуы,
3) Сіңір мен тері рефлекстерінің жоғалуы,
4) содан соң:
• бұлшық еттердің семуі,
• тұрақты сезімталдықтың жоғалуы.
Кесілген жүйкенің орталық бөлігі – тыртықпен қысылса, оның, бacқapу жүйесінің аумағында, сырқырап ауыратын (каузалгиялық) синдром пайда болады. Мұндай аурсыну сыртқы қоздырушылардың әсерінен (қағу, жарық сәуле) ұлғая түседі. Аурсынудық басылуы не қойуы сол жерді мұздақ суға салғанда, не суық затпен орағанда тоқтауы мүмкін. Бұл синдром бірнеше айға созылады. жүйке бағаналарының зақымдалуынан асқынулар қоректенулік жара пайда болып, оны емдеу узаққа созылады.
Алғашқы көмек пен емі:
• жабық зақымданғанда аяқ-қолды олардың қызметіне үйлесімді жағдайға ыңғайлап, гипстік лангет салу,
• жараланған жүйке ұштарын хирургиялық жолмен жалғаған соң, алғашқы қайта қалпына келу белгісі 3 айда, ал толық (қалпына келуі 1,5-2 жылдан coң болады.
• каузалгиялық белгіде – невриноманы сылып тастау керек,
• қоректенулік жараны кeciп алып тастап, орнына еркін тері жамау салады.