Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы және отбасының цифрлық картасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Комиссияның күн тәртібіне сәйкес, ескірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі атқарылған жұмыстары, емхананың тіркеуінде тұратын есірткі қолданушылар және оны емдеу жолдары, нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды. Бұдан бөлек, отбасының цифрлық картасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қахраман Мирзараимов хабарлама жасады.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібіндегі айтылған кемшіліктер бойынша тиісті мекеме басшыларын сынға алып, алдағы уақытта жоспарлы, жүйелі жұмыс жүргізуге нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.