2024 жылдың 22-26 сәуір аралығында аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін әскери оқу-дала жиыны басталды.
Оқу-жаттығу жиынының салтанатты ашулуына аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Е.Жұманов және аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Мусатаева қатысып, мұндай оқу-жаттығу шараларының мән-маңызын айтып, жастардың бойына жан-жақты патриоттық тәрбие сіңіру керектігін жеткізді.
Бес күнге созылатын оқу-дала жиынының мақсаты оқушылардың Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіру болып табылады.
Сондай-ақ, жастардың Отанды сүю мен патриоттық бағытқа тәрбиелеу.