Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » КЕЛЕСТЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

КЕЛЕСТЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Келестегі білім ордаларының бірінде Кеңес Одағының Батыры Лесбек Жолдасов атындағы мұражай жұмыс істейді. Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан №39 Лесбек Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында сол кездегі мектеп директоры Жақсылық Молдабековтың басшылығымен арнайы мұражай ашылған. Батыр атындағы мұражайда Лесбек Жолдасовтың өмірінен сыр шертетін дүниелер жинақталған дейді мектеп директоры Ұлжамал Нысанбаева.
— Мұражайда соғыс жылдарындағы батырдың басып өткен жолдары, марапаттары, қызметтегі жетістіктері жазылған ақпараттық стендтер мен ескі суреттер сақталған. Батыр мұражайын көршілес мектеп оқушыларымен қатар көптеген еліміздің түрлі өңірінен келген азаматтар да тамашалайды. 2020 жылы Лесбек атамыздың 100 жылдығы қарсаңында аталған мұражай күрделі жөндеуден өткізіліп, бірқатар жәдігерлермен толыққан,-дейді мектеп басшысы.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім ордасында 1500-ге жуық оқушы білім алады. Мектепте Лесбек Жолдасовтың ерлігін насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар, батыр атындағы олимпиаданы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Жеңіс күні мерекесіне орай аудан жастары тұрғындарына Жеңіс лентасын таратты. Аудан бойынша өткен іс-шараға аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған жастар ұйымдары мен еріктілер және ауыл, ауылдық округтерінің мамандары қатысты.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*