Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЙРАМ АУДАНЫНДА КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖИІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖИІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық.
Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтың торына түсіп қалмау жөнінде талай айтылса да, алаяққа ақшасын өз қолымен бере салатындардың қатары азаймай тұр. Сондықтан интернет алаяқтықтың алдын алудың маңызы зор. Бұл бағытта Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы осындай қылмыстардың алдын алу бойынша түрлі жазбалар мен роликтер тарату жолға қойылған. Қоғамдық орындарда, көше-көшеде арнайы бильбордтар ілінеді. Оған қоса, учаскелік полиция инспекторлары да халыққа жадынамалар таратуда.

Бүгінгі заманның алаяқтары ақпараттық жүйені пайдаланып, алдап-арбау, сеніміне кіру арқылы біреудің мүлкін жымқыруға тырысады. Олар компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен ғаламтор арқылы адамдарды алдап-арбайды, ақша бопсалайды, алдап несие алдырады.

Осы орайда Түркістан өңірінің полиция қызметкерлері интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді. Тұрғындарға таратқан жадынамаларда өтірік «банк қызметкері» деп телефон соғатын алаяқтардың әдістері түсіндіріледі, түрлі тауарлар мен автокөлікті сату-сатып алу қосымшаларында күмән келтіретіндей қызмет ұсынылса, ол мағлұматтың қаншалықты заңды екендігіне көз жеткізуге кеңес береді.

Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Жетісай қаласының аумағында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Қоғамдық орындарда, көшелерде, орталық саябақтарда, банктердің жанында және адамдар көп жиналатын орындарда алаяқтардың құрбаны болмас үшін адам өзін қалай ұстау керектігі жөнінде арнайы дайындалған билбордтар ілініп, жадынамалар таратылды.

Заманауи технологияларды пайдалана отырып, қылмыскерлер әртүрлі тәсілдерді қолдануда. Олардың ішінде ең көп тарағаны — веб-сайттар арқылы жәбірленуші өзі ақша аударып, кейіннен тапсырысын ала алмай қалу деректері. Әлеуметтік желілерде алаяқтар парақшаларды бұзып немесе көшіріп, материалдық көмек сұрап, туысқандарының атынан жалған өтініш жіберетін жағдайлар да тіркелген. Шамадан тыс сенгіштік пен бейқамдық азаматтарды қаржы пирамидаларына әкеліп, тез арада баю ниеті оларды пирамида ұйымдастырушыларына айтарлықтай соманы өз қолымен бергізеді.

Қазіргі кезде интернет-алаяқтықтың көбеюі байқалады. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

Атап айтқанда, ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына құлақ түрмеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді. «Өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың нөмірлерін немесе СМС-хаттардың кодтарын, құпия сөздерді хабарламаңыз. Сондай-ақ белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа желі көздері арқылы жеке деректерді енгізбеу керек. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем туралы келісуге тырысыңыз; Сонымен қатар күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға тиіссіз; бағдарламалық немесе мобильдік қосымшаларды орнату үшін тек ресми App store, Play market көздерін пайдаланыңыз. Құрылғыға қашықтан кіруге мүмкіндік беретін бағдарламаларды жүктемеңіз. Белгісіз адамдардан келіп түскен сілтеме бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банк ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. Өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріп тұру қажет.

Құқық қорғау орындары азаматтарды өте сақ болуға шақырады, себебі көптеген жағдайларда аталған қылмыстар жәбірленушілердің өздерінің аңдаусыз әрекеттері салдарынан жасалады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*