Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне ерікті түрде қан тапсырып, донор атану жылдағы дәстүрге айналған. Бүгін «Ерікті донор» акциясы аясында аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері аудандық орталық ауруханасына барып, қан тапсырды.
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қатерлі дертпен күресіп жатқандарға үміт сыйлау, оларды қолдау мақсатында өткізілген акцияға полиция бөлімінің 26 қызметкері қатысып, 12 литрге жуық қан тапсырды. Жиналған қан арнайы орталыққа жолданды.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері қан құюға аса мұқтаж болып отырған пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмек көрсеткен полицейлерге алғыс айтты.