Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инпекторлары Жетісай қаласы аумағында қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ауыл билері мен ақсақалдарына есеп беру кездесуін өткізді.
Шара барысында аға учаскелік полиция инспекторы Бахытбек Алекенов 2024 жылдың 5-айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар Жетісай аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Еркен Мыржабаев сөз алып, кәсіпкерлерге қылмыстардың алдын алу мақсатында, сауда орындарын дабыл нүктесімен және объектінің іші-сыртын толықтай бақылай алатындай етіп, түсіру қабілеті жоғары заманауи бейнекамералармен, ғимараттарының есік-терезелерін темір тормен қаптауды ұсынды.
Сонымен қатар полицейлер түнгі мезгілде қызмет атқаратын тойхана, дәмхана, мейрамхана, ойынхана егелеріне жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін шектеу туралы ұсыныстарын білдірді. Әр тұрғын өз ұл-қыздарына қатаң бақылау жасап, үй жануарларына еге болуға шақырды.
Әлеуметтік акцияда полицияға қатысты сауалдарға жауап берілді.
Ордабасы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік орган өкілдері мен заңгерлерден құралған топ «Халық заңгері» акциясы аясында халыққа құқықтық кеңес беріп, жеке қабылдау өткізді.
Республикалық әлеуметтік акцияда полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Маханбетов тұрғындардың жол қауіпсіздігі, алаяқтық және айыппұлға қатысты сауалдарына жауап беріп, құжат рәсімдеуге қатысты құқықтық кеңес берді.
Өз кезегінде ауыл-аймақтың тұрғындары арыз-шағым мен өтініштерін қараған полицейлерге алғыс білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*