Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » Түркістан облысында қаза болған полиция қызметкерінің құрметіне кадет сыныбы ашылды

Түркістан облысында қаза болған полиция қызметкерінің құрметіне кадет сыныбы ашылды

Түркістан облысы Сауран ауданының Бабайқорған ауылындағы жалпы білім беретін мектепте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Ғайбуллаев Айтжан Құдіретуллаұлы атындағы кадет сыныбы ашылды.
Ашылу салтанатына Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М. Асқаров, аудандық полиция бөлімінің бастығы А. Әбидинов, ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Жанқожаев, әкімдік пен білім бөлімінің өкілдері, қаза тапқан полицейдің туыстары, бұрынғы әріптестері, сондай-ақ мұғалімдер, оқушылар және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындау мен қызметтік борышын өтеу кезінде жұлдызы ерте сөнген ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алудан басталды.
Одан кейін оқушылар автоматты құрастыру және бөлшектеу бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқады. Ал жас кадеттер салтанатты түрде ант қабылдап, ел қорғаушысы болуға ант берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*