Түркістан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Тәртіп сақшылары облыс бойынша барлығы 22 орында азаматтарды қабылдады.
Нәтижесінде бірінші күні 250-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойылды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауал жауапсыз қалмай, заң аясында құқықтық кеңес берілді.
Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне қатысты сауалдар көптеп қойылды.
Айта кетсек, іс-шара 15-маусым күні таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Егер полицияға қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, қапы қалмаңыз!