Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » Түркістан облысында полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің гарнизондық жиыны өтті

Түркістан облысында полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің гарнизондық жиыны өтті

«Полиция күні» қарсаңында Түркістан облысының Полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті. Саптық байқауды облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов жүргізді.
Жиынға Полиция департаментінің басшылығы мен аппарат қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.
Полиция генерал-майоры М. Қабденов жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын пысықтап, лайықты қызмет атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар полицейлердің құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қауіпсіздігін нығайтуға, оның ішінде жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға назар аударуын тапсырды.
Гарнизондық байқау соңында тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері салтанатты шерумен өтіп, қызметтік міндеттерін орындауға жіберілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*