Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » Сауранда “Таза Қазақстан” акциясы аясында 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Сауранда “Таза Қазақстан” акциясы аясында 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде.
Атап айтқанда акция басталғалы полицейлер 1000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 400, қоғамдық орындарды ластау – 300, жолдың жүру бөлігін ластау – 150-ден асады.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыру.
Полиция барша тұрғындарды қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, елді-мекендерді көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.
Еліміздің барлық өңірлерінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті және азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтуде.
Тазалық акциясында әдеттегідей ардагерлер көпке үлгі болып, іске білек сыбана кірісті. Төңіректі арам шөптен арылтып, қураған, сынған ағаштарды кесті. Ауладағы орындықтарды жөндеп, сырлады. Өмірлік тәжірибеге бай аға буын «таза орта адамға жылылық ұялатады. Тазалық бар жерде жайлы өмір болады», — дейді.
Жалпы сәуір айының алғашқы күндерінен басталған тазалық жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Соның арқасында облыстағы көптеген тұрғын үйдің ауласы сәндік ағаштармен және гүлмен көмкеріліп, жасыл желекті мекенге айналды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*