Түркістан қаласы Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Достық» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дүниеде достық заңынан артық заң жоқ» тақырыбында Ассамблея жастары мен студенттердің қатысуымен еркін тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге Достық клубының жетекшісі Дильноза Балгабаева модераторлық етті.
Жиында Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов, Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, 40 жылдан астам колледжде жас ұрпақты тәрбиелеген құрметті зейнеткер ұстаз Мавлюда Исларилова, колледж әдіскері Мира Сейілбекова, тарих пәнінің мұғалімі Бибігүл Абдуллаева және «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Рауан Абай қонақта болып, ізгі тілектерін білдірді.
Кездесуде сөз сөйлеген қонақтар Ассамблея жұмысының мәні және жастарға беріліп отырған мүмкіндіктер туралы ой өрбітті. Сондай-ақ татулығы мен достығы жарасқан Қазақ елінде тұрақтылық пен келісім мәңгілік болсын деп жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Іс-шарада этнос жастары достыққа, ынтымақтастыққа негіздейтін ұлы тұлғалар мен атақты ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқыды. Сонымен қатар жуырда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысқан сәті туралы арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.
Алдағы уақытта көлледж басшылығы мен этнос жастары «Достық үйімен» танысып, этносаралық татулық пен достық саласындағы қоғамдық көпшілік іс-шараларды бірлесе ұйымдастыруға ұсыныс білдірді.